Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

Қазақстанда ядролық медицинаны дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінеді

Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр

Премьер министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды

Алматыда көше ұзарту жұмыстарына байланысты кей аудандарда газ беру тоқтатылады

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

Педагогтерді аттестаттау жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Перизат Қайраттың Mercedes і полицияға берілді жаңа мәліметтер

Қар жауып, аяз жүреді ауа райы болжамы

Биыл азық түлік өндіру көлемі 12 пайызға жуықтады АШМ

Өскеменде үш күн қатарынан сол жағалаудағы мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

Қазақстанда кім ғарышкер бола алады: ең төменгі талаптар қандай

Шымкентте 28 тінту жүргізіліп, ондаған паспорт тәркіленді: қылмыстық схема әшкереленді

44 елден 10 000 нан астам қатысушы: Almaty Half Marathon 19 сәуірде өтеді

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

Орнықтылықты негіздейтін нәтижелі іс

Орнықтылықты негіздейтін нәтижелі іс

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төраға­лығы­мен өткен Үкімет отыры­сында биылғы қаңтар-нау­рыз айларындағы әлеу­мет­­тік-экономикалық даму қо­рытындысы мен рес­пуб­ликалық бюджеттің ат­қарылу барысы қаралды. Күн тәр­тібіндегі мәселелер ел эко­но­микасының құры­лым­дық тұрғыдан жаңғыру бағыты сақталғанын көрсетті.

Олжас Бектенов Мемлекет бас­­шысы айқындаған міндеттер кезең-кезеңімен іске асырылып жатқанын айтты. Президент Үкі­меттің кеңейтілген отырысында экономиканың сапалы әрі ор­нық­ты өсімін қамтамасыз ету қа­жеттігін атап өткен еді. Бұл бағыт өңдеу өнеркәсібін дамыту, ин­вестициялық белсенділікті арт­тыру, өндірісті технологиялық жаң­ғырту арқылы жүзеге асырылады.

«Биылғы бірінші тоқсан қоры­тын­дысы ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі 3 пайыз деңгейінде қалыптасқанын көрсетті. Эконо­микалық белсенділік негізінен шикізаттық емес сектор есебінен қамтамасыз етілген. Өңдеу өнер­кәсібі, көлік, құрылыс, сауда са­­ла­ларындағы серпін жалпы ди­­на­микаға оң ықпал етті. Қа­лып­­тасқан үрдіс сыртқы ахуал күр­делі кезеңде нақты сектордың орнық­тылығын аңғартады», деді Премьер-министр.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ұсынған деректер де осы бағыт­тағы өзгерістерді растайды. Қаң­тар-наурыз айларында қыз­мет көрсету саласы 3,7 пайызға, нақты сектор 2,1 пайызға ұлғайған. Құрылыс саласында 14,8 пайыз­дық өсім тіркелді. Көлік қыз­меттері 12,8 пайызға артқан. Өң­деу өнеркәсібінің өсімі 8,5 пайыз­ға жетті. Алғашқы екі айда сыртқы сауда айналымы 21,7 млрд долларды құрап, 2,4 млрд дол­лар көлемінде оң айырма қалыптасты.

Экономика құрылымындағы өзгерістер айқын байқалады. Былтыр өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7 пайызға жетіп, екінші жыл қатарынан кен өндіру саласының деңгейінен жоғары қалыптасты. Мұнай секторының ішкі жалпы өнімдегі үлесі 2010 жылғы 16,5 пайыздан 2024 жылы 8,1 пайызға дейін төмендеген. Бұл үрдіс экономиканың әртараптану бағыты күшейіп келе жатқанын көрсетеді.

Отырыста мемлекеттік қар­жы­ның орындалу барысы да қаралды. Қаржы министрі Мәди Такиевтің мәліметінше, транс­ферттерді есептемегенде мем­лекет­тік бюджет кірісі 6,4 трлн теңгені құраған. Бұл өткен жыл­дың сәйкес кезеңінен 931 млрд теңгеге жоғары. Респуб­ликалық бюджетке 4,2 трлн теңге түсіп, жоспар 102 пайыз деңгейінде орындалды.

Кіріс динамикасына сырт­қы факторлар ықпал еткен. Мұ­най­дың орташа бағасы барре­ліне 80,6 доллар деңгейінде қалып­тасып, экспорттық кедендік баж салығынан қосымша 40,5 млрд теңге түсті. Ұлттық валюта баға­мының күшеюі кіріс көлемін 146 млрд теңгеге төмендетті. Есепті кезеңде әлеуметтік міндеттемелер толық орындалып, бұл мақсатқа 1,8 трлн теңге бағытталған. Қаржы сая­саты қаражатты тиімді пайдалану қағидатына негізделіп отыр.

Энергетика саласындағы жағдай да талқыланды. Энер­ге­тика министрі Ерлан Ақкенже­новтің мәліметінше, үш айда мұнай мен газ конденсатын өн­діру көлемі 19,7 млн тоннаға жет­кен. Қарашығанақ кен орнын­да өндірісті тұрақтандыру бағытындағы жобалар іске асырылып жатыр. Үш айда мұнай экспорты 15,3 млн тоннаны құрады. Жыл қорытындысында бұл көрсеткіш 76 млн тонна деңгейінде қалыптасады деген болжам бар.

Газ өндіру көлемі 13,6 млрд текше метрге жетті. Жыл қоры­тын­дысында 62,7 млрд текше метр деңгейіне жету көзделіп отыр. Ұзақмерзімді ресурстық базаны кеңейту мақсатында жаңа кен орындарын игеру жоспары жүзеге асырылып жатыр. Биыл Қашаған кен орнында жылдық қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын іске қосу жоспарланған.

Өнеркәсіп саласында да оң серпін байқалады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағас­паевтың айтуынша, үш айда өңдеу өнеркәсібі 8,5 пайызға артқан. Машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материал­дарын шығару, резеңке мен пластмасса бұйымдары өндірісі, жеңіл өнеркәсіп бағыттарында өсім бар. Машина жасау саласының көрсет­кіші 21,9 пайызға ұлғайған. Құры­лыс жұмысының көлемі 1,2 трлн теңгеге жетіп, 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Үкімет басшысы жаһандық эконо­микалық жағдай күрделі кезең­де экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз ету негізгі міндет екенін айтты. Жыл қоры­тын­дысында өсімді 5 па­йыздан жоғары деңгейге жеткізу көзделіп отыр. Нақты жобаларды іске асыру, инфрақұрылымды жаңарту, цифрлық технологияларды енгізу маңызды бағыт ретінде белгіленді. Қаржылық тәртіпті күшейтіп, әлеуметтік қолдау тетіктерін әділ қалыптастыру қажеттігі айтылды.

«Инфляция деңгейін төмен­дету міндеті де күн тәртібінде тұр. Наурыз айында инфляция 11 пайыз­ға дейін баяулаған. Азық-түлік өн­дірісін ұлғайту, қайта өңдеу көле­мін арттыру, сақтау мен логис­тика инф­ра­құрылымын дамыту бағы­тын­дағы жұмыс жалғасады. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу тұрақты бақылауда болады», деді Олжас Бектенов.

Ірі көтерме сауда алаңдарын­дағы делдалдық әрекеттерге тос­қауыл қою қажет екені айтылды. Бағаны қолдан көтеру тәжірибесі жойылуға тиіс. Тарифтік саясат­тың болжамдылығы сақталуы керек. Нарықтарды демонополизациялау, бәсекені дамыту маңызды міндет ретінде белгіленді.

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі кен өндіру саласынан жоғары қа­лыптасқанына қарамастан, нақты секторды қолдау шаралары жал­ғасады. Металлургия мен химия өнеркәсібіндегі жобаларды іске қосу, өндіріс әлеуетін арттыру міндеті қойылды. Қашағандағы газ өңдеу зауыты, Жаңаөзендегі өндіріс нысандары, газ тасымалдау инфрақұрылымы бағытындағы жобалар іске асырылып жатыр. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» ма­гистралі стратегиялық маңызға ие.

Құрылыс саласында тұрақты қарқын қалыптастыру керек екені назарға алынды. Жал­ға бері­летін тұрғын үй құрылы­сын қар­жыландыру тетіктерін жетілдіру, инженерлік инфрақұрылымды уақтылы тарту мәселесі өзекті. Өңірлер ұсынған өтінімдер қажетті көлемнен төмен екені атап көрсетілді. Осыған байланысты қаржыландыру құралдарын жетілдіру тапсырылды.

«Көлік инфрақұрылымын жаңғыр­ту жалғасады. Теміржол желісінің өт­кізу қабілетін арттыру, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, Ақтау мен Құрық порттарын жаңғырту аса қажет. Биыл 11 мың шақырым автожол құрылыс пен жөндеу жұмысымен қамтылады», деді Үкімет басшысы.

Аграрлық секторды қолдау шаралары да қаралды. Астық тасымалы шығындарын субсидия­лау, ауыл шаруашылығы субъек­тілеріне кепілдік беру құралдарын енгізу жоспарланған. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар ар­қылы агроөнеркәсіп кешенін қар­жыландыру мүмкіндігі кеңей­тіледі.

Отырыста өңірлердің әлеу­меттік-экономикалық даму көр­сет­кіштері де қаралды. Премьер-министр бірқатар облыс­та жалпы оң динамика байқал­ғаны­мен, жекелеген бағыт­тар­да жоспарланған өсімге қол жеткізілмегенін айтты.

«Өңірлерге келетін болсақ, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызыл­­орда, Павлодар, Батыс Қазақ­­стан облыс­тары, Астана мен Алматы қалалары барлық негізгі макро­көрсеткіштер бойын­ша өсім көрсетіп отыр. Бірақ кейбір өңірлер жоспарлы өсім­ді қамтамасыз ете алған жоқ. Ақмола облысында үш көрсет­кіш, Атырау облысында төрт көрсеткіш төмендеген», деді О.Бектенов.

Өз кезегінде көрсеткіштері төмен­деген Ақмола мен Атырау облыстары әкім­дерінің есептері тыңдалды. Үкі­мет басшысы өңір­лердегі ахуалды жан-жақ­ты саралап, нақты шешімдер қабыл­дау қажет екенін айтты. «Өңір әкім­­деріне қалыптасқан жағдайға жан-жақ­ты талдау жүргізіп, қажет­ті шаралар қабыл­дауды тап­сырамын. Барлық өңір негіз­гі көр­сеткіштерді тұрақты бақы­лауда ұстасын, олардың төмен­деуіне мүлде жол беруге болмайды», деді Премьер-министр.

Жалпы, өңірлердегі эконо­мика­лық белсенділікті арт­тыру, жос­парланған индикатор­лардың орындалуын қамта­масыз ету бағытындағы жұмыс­ты күшейтуді тапсырды. Негіз­гі макроэкономикалық көрсет­кіштердің тұрақтылығы жалпы экономикалық өсім сапасына тікелей әсер етеді.

Сөзін қорытындылай келе, Премьер-министр биыл наурыз айында 2026 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету мәселелері жөнін­дегі кеңесте экономиканың өсу резерв­терін ынталандыруға бағытталған тиіс­ті шаралардың мақұлданғанын атап өтті, алайда кейбір мәселелер созылып кеткен. Бұл «Бәйтерек» хол­дингін капиталдандыруға және тұр­ғын үйге инженерлік-комму­ни­ка­циялық инфрақұрылым тарту үшін әкім­діктер­дің мем­лекет­­тік баға­лы қағаздарды шыға­руы жө­нін­дегі шараларға қатыс­ты. Сон­­дай-ақ мемлекеттік кепіл­дік есебі­­нен қаржыландыру жоспар­ланған автожол жобалары бойынша құжат­та­маны сүйе­мел­деу үдерісі баяу жү­ріп жатыр. Экономиканың басым салаларында қосылған құнды арттыратын инвестициялық жобаларды анықтау жұмысының да тиімділігі төмен.

«Осы сұрақтардың бәрін жедел шешу керек. Әрбір басшыға салалар бойынша өсудің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін тікелей жауапкершілік жүктелген. Осыны тағы да естеріңізге саламын. Конституцияның қабылдануымен еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басады. Бұл орайда, мемлекеттік аппаратқа, бірінші кезекте басшыларға жаңа талаптар қойылады. Әрбір басшы өзінің жұмыс тәсіліне де, өзіне де түбегейлі жаңаша көзқараспен қарауға тиіс. Ол Мемлекет басшысы айқындаған жаңа талаптарға, жаң­ғырудың жаңа жалпыұлттық күн тәр­тібіне сәйкес келе ме? Әрбір басшыдан нақты нәтиже болуға тиіс. Бұны естен шығармаңыздар», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады

Саясат • Бүгін, 08:02

Жергілікті көшбасшыларды даярлаудың жаңа бағдарламасы

Саясат • Бүгін, 08:00

Алматы энергетикалық кешені жаңғыртылып жатыр

Саясат • Бүгін, 07:55

Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

Саясат • Бүгін, 07:50

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді

Ауа райы • Кеше

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

Әлем • Кеше

Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі

Медицина • Кеше

Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Мәдениет • Кеше

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады

Аймақтар • Кеше

Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады

Шаруашылық • Кеше

Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды

Аймақтар • Кеше

«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты

Партия • Кеше

Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді

Әлем • Кеше

Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды

Президент • Кеше

Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды

Табиғат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 08:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

14 Сәуір 2026 16:33see126

Қазақстанда ядролық медицинаны дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінеді

13 Сәуір 2026 16:40see125

Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр

13 Сәуір 2026 18:12see118

Премьер министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды

13 Сәуір 2026 13:06see117

Алматыда көше ұзарту жұмыстарына байланысты кей аудандарда газ беру тоқтатылады

13 Сәуір 2026 12:36see117

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

14 Сәуір 2026 08:36see115

Педагогтерді аттестаттау жүйесіне өзгеріс енгізіледі

13 Сәуір 2026 20:50see115

Перизат Қайраттың Mercedes і полицияға берілді жаңа мәліметтер

13 Сәуір 2026 15:08see114

Қар жауып, аяз жүреді ауа райы болжамы

13 Сәуір 2026 13:51see114

Биыл азық түлік өндіру көлемі 12 пайызға жуықтады АШМ

13 Сәуір 2026 20:39see113

Өскеменде үш күн қатарынан сол жағалаудағы мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды

13 Сәуір 2026 14:34see113

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

14 Сәуір 2026 12:34see113

Қазақстанда кім ғарышкер бола алады: ең төменгі талаптар қандай

13 Сәуір 2026 20:50see112

Шымкентте 28 тінту жүргізіліп, ондаған паспорт тәркіленді: қылмыстық схема әшкереленді

13 Сәуір 2026 09:25see112

44 елден 10 000 нан астам қатысушы: Almaty Half Marathon 19 сәуірде өтеді

13 Сәуір 2026 14:46see112

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

15 Сәуір 2026 03:44see111

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

14 Сәуір 2026 14:31see111

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

14 Сәуір 2026 15:55see111

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

14 Сәуір 2026 16:52see110

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

14 Сәуір 2026 17:22see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары