Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

АҚШ барлау қызметінің басшысы биозертханалардың жаһандық желісі туралы мәлімдеді бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

Қытай байланыс технологиясын сынау үшін жаңа жерсерігін ұшырды

Аптап ыстық болады, дауыл тұрады: 23 маусымға ауа райы болжамы

Ашура күні туралы не білеміз

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

25 маусымда Астанада жарық пен су болмайды: мекенжайлар тізімі

Түрік поп музыкасының қазаққа таныс үш хит әні

Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті

Абайды көрген кісі

Қазақстандықтарға мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін алу оңайырақ болды

Қыз Жібекке түсуге Ғабит Мүсірепов рұқсат бермеген: Раиса Мұхамедиярова туралы не білеміз?

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

Ақтөбеде караоке клуб ғимараты өртенді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

Жылу соққысы: алғашқы белгілері және алғашқы көмек, аптап ыстықта адамды қалай құтқару керек

Көлік қатынасындағы нәтижелі жұмыстар

Көлік қатынасындағы нәтижелі жұмыстар

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Былтыр еліміздің көлік саласында транзит пен логистиканы дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілді. Инфрақұрылым жаңарды, тасымалдау үдерісі жақсарды, көлік қатынасы тиімді бола түсті. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында іске асты.

Еліміз «Шығыс – Батыс», «Солтүстік – Оңтүстік» халық­аралық дәліздерін және Транс­каспий бағытын дамытуға ерекше көңіл бөлді. Соның арқасында Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғайтын маңызды транзиттік елге айналып келеді. Жолдар жөнделіп, пойыздар мен вагондар жаңартылды. Көлік қозғалысын бақылауға цифрлық жүйелер енгізілді. Халықаралық бағыттар саны көбейді. Бұл елдің өңірдегі транзиттік орталық ретіндегі орнын күшейтті.

2025 жылы транзиттік тасымалдау көлемі 36,9 млн тоннаға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,6%-ға көп. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 34,6 млн тонна болған. Көлемнің өсуі көліктің барлық түрін қатар дамытуға байланысты болды. Автокөлік, теміржол, әуе және су көлігі бір бағытта жұмыс істеді. Сондай-ақ халықаралық әріптестік те кеңейді. Былтыр автожолдар мен жол инфрақұрылымын дамыту бағытында да ауқымды жобалар іске асты. Ел аумағында құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары рекордтық деңгейге жетіп, барлығы 13 мың шақырым автожолды қамтыды. Көрсеткіштерге үңілер болсақ, мұндай көлемдегі жұмыс бұрын-соңды сирек жүргізілген екен.

Атқарылған жұмыстардың нәти­жесінде республика­лық ма­ңызы бар жолд­ардың 94%-ы тех­никалық талаптарға сай бола түсті. Сонымен қатар ішкі ше­кара­лардағы өткізу бекеттерін жаң­ғыр­ту жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Қазір бұл бағытта кешенді жөн­деу мен жаңарту шаралары қолға алын­ған. Жоспарға сәйкес, 2027 жылдың соңына дейін елімізде 37 өткізу бекетін толық аяқтау көзделіп отыр. Бұл жүк тасыма­лы мен жолаушылар қозғалысын жеңіл­детуге, сон­дай-ақ шекарадағы кептеліс­терді азайтуға мүмкіндік береді.

Жол саласын цифрландыру мәселе­сіне де ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мем­лекет басшысының тапсырмасы негізінде e-Joldar жобасы іске асыры­лып жатыр. Осы жоба аясында әрбір автожолға арнайы цифрлық паспорт жасалады. Бұл паспорттарда жолдың техникалық жағдайы, қозғалыс қарқындылығы, жүктеме деңгейі мен пайдалану көрсеткіштері толық тіркеледі. Барлық мәлімет бір орталықтандырылған жүйеде сақталып, бақыланады. Жыл сайын жолдардың жағдайын тексеру үшін жасанды интел­лект технологиялары қолданылады. Арнайы бағдарламалар жол төсеміндегі жарық­­шақ­тарды, ойықтарды, тозу белгі­лері мен басқа да ақауларды автоматты түрде анықтайды. Бұл жолдарды уақты­лы жөндеп, ірі зақымдардың алдын алады.

Жол төсемін сақтау әрі ауыр жүк көлік­т­ерінің әсерін бақылау мақсатында авто­маттандырыл­ған өлшеу стансаларын ор­нату жұмыстары ілгері жүріп жатыр. Жалпы алғанда, мұндай стансалар­дың санын 220 бірлікке дейін жеткізу жоспарланған. Қазір олардың 71 бірлігі іске қосылып, тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұл құрылғылар көліктердің салмағын бақылап, жолдың мерзімінен бұрын тозуына жол бермейді. 2025 жылы елімізде азамат­тық авиация сала­сын дамыту жұмыс­тары жүйелі түрде жалғасты. Бұл бағытта әуе паркін жаңар­ту, ха­лық­ара­лық бағыт­­тарды көбейту, әуежай инфрақұры­лымы­на инвестиция тарту басты назарда болды. Соның нәти­же­сінде әуе кемелері паркі 109 бірлікке жетті. Оның ішінде 8 жаңа Airbus A320 ұшағы мен 4 Boeing 737 MAX 8 ұшағы сатып алынып, пайдалануға берілді.

2025 жылғы желтоқсандағы мәлімет­терге сәйкес, еліміз аптасына жалпы саны 626 рейс орындайтын 135 халықаралық бағыт бойынша 30 елмен әуе қатынасын жолға қойды. Бұл бағыттар ТМД елдерін, Еуропаны, Таяу Шығысты, Азия­ны және Оңтүстік Шығыс Азия­ны қамтиды. Осылайша, елі­міз­дің халықаралық әуе қатынасы айтарлықтай кеңейіп, жолаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қазір авиация саласында шамамен 25 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл саладағы қызметкерлер әуе рейстерінің үздіксіз орындалуына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына әрі техникалық қызметтің уақтылы көрсетілуіне жауапты. Осындай кадрлық әлеует саланың тұрақты жұмыс істеуіне негіз болып отыр.

Былтыр бірқатар ірі инфрақұры­лымдық жоба қолға алынды. Атап айтқанда, Арқалық әуежайын қалпына келтіру бас­талды. Сонымен қатар Алматы әуежайын дамытудың бас жос­пары таныстырылды. Әуежай­ды жаңғыртуға арнал­ған құны 362 млн доллар болатын «TAV Airport Holding» компаниясы­ның инвестициялық бағдарлама­сы ұсынылды. Бұдан бөлек, «Қорғас Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық айма­ғын­да жүк және жолаушыларға арналған жаңа әуежай салу жөнінде жалпы құны 250 млрд теңгені құрайтын Инвестициялар туралы келісім жасалды.

Азаматтық авиация саласын дамыту­дың тағы бір маңызды қадамы ретінде пилотсыз авиация­ны дамыту­дың 2025 жылдан 2031 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжат дрондар мен ұшқышсыз аппараттарды заңды түрде пай­далану әрі олардың мүмкіндігін кеңей­туге бағытталған. Сонымен қатар нарық­қа аз шығынмен жұмыс істейтін жаңа авиакомпаниялар кіре бастады. Был­тыр 35-тен астам жаңа халықаралық бағыт ашылды. Оның ішінде Будапешт, Шанхай, Сеул, Гуанчжоу және Мюн­хен қала­ларына тікелей рейстер іске қосылды. Халық­аралық азаматтық авиация ұйымы ИКАО жүргізген аудит­тің қорытындысы бойынша еліміздегі а­виациялық қауіпсіздік пен рәсімдерді жеңілдету стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ды құрады.

2025 жылдың қорытындысы бо­­йынша елімізде теміржол арқы­лы тасымалданған жүк көле­мі 320 млн тоннаға жетті. Бұл көр­сеткіш – 2024 жылмен салыс­тырғанда 5,5%-ға жоғары. Мұндай өсім көлік саласын дамыту­ға бағытталған жүйелі жұмыс­­тың нәтижесі болып отыр. Мем­лекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейін 11 мың шақы­рым теміржол желісін жөндеу жоспарланған. Қазір осы жоспар аясында 4,4 мың шақырымнан астам жолда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 1 575 шақырымы 2025 жылы толық аяқталды.

2025 жылы теміржол саласында бір­неше ірі жоба іске асырылды. Соның бірі ұзын­дығы 836 шақырым болатын «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісінің пайдалануға берілуі болды. Бұл бағыттағы жүк тасымалдау мүм­кіндігі айтарлықтай артты. Соны­мен қатар ұзындығы 323 шақырым жаңа «Қызылжар – Мойынты» теміржол желісі­нің құрылысы басталды. Бұл жоба сол­түстік пен орталық өңірлер арасындағы байланыс­ты нығайтуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Өндіріс экономиканың өрісін кеңейтеді

Экономика • Бүгін, 09:00

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Нариман Төреғалиев: Өңірдің әлеуеті жылдан-жылға артып келеді

Саясат • Бүгін, 08:50

Ғалымдар өзгерістерді қолдайды

Саясат • Бүгін, 08:48

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Елдің рухани-интеллектуалдық қуатын нығайтады

Қоғам • Бүгін, 08:38

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Қазақ өнері – Доха сахнасында

Өнер • Бүгін, 08:15

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Реформалар аясында топтасу аса маңызды

Саясат • Бүгін, 08:08

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 09:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

24 Маусым 2026 17:52see116

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

24 Маусым 2026 20:52see114

АҚШ барлау қызметінің басшысы биозертханалардың жаһандық желісі туралы мәлімдеді бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

24 Маусым 2026 14:59see113

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

24 Маусым 2026 12:05see113

Қытай байланыс технологиясын сынау үшін жаңа жерсерігін ұшырды

24 Маусым 2026 09:53see112

Аптап ыстық болады, дауыл тұрады: 23 маусымға ауа райы болжамы

24 Маусым 2026 09:36see112

Ашура күні туралы не білеміз

24 Маусым 2026 18:46see111

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

25 Маусым 2026 11:01see110

25 маусымда Астанада жарық пен су болмайды: мекенжайлар тізімі

24 Маусым 2026 17:31see110

Түрік поп музыкасының қазаққа таныс үш хит әні

24 Маусым 2026 09:38see110

Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті

24 Маусым 2026 09:42see110

Абайды көрген кісі

25 Маусым 2026 09:01see110

Қазақстандықтарға мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін алу оңайырақ болды

25 Маусым 2026 12:49see110

Қыз Жібекке түсуге Ғабит Мүсірепов рұқсат бермеген: Раиса Мұхамедиярова туралы не білеміз?

24 Маусым 2026 09:38see109

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

25 Маусым 2026 09:01see109

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

25 Маусым 2026 14:17see109

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

24 Маусым 2026 22:40see108

Ақтөбеде караоке клуб ғимараты өртенді

24 Маусым 2026 14:46see108

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

24 Маусым 2026 09:17see108

Жылу соққысы: алғашқы белгілері және алғашқы көмек, аптап ыстықта адамды қалай құтқару керек

24 Маусым 2026 08:48see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары