Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

KEGOC: нақты жоспар, нәтижелі жыл

KEGOC: нақты жоспар, нәтижелі жыл

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жиында компания жетекшілері өткен жылдың қорытындысын айтып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен міндеттерді талқылайды. Биыл да компания үшін табысты болған 2025 жылдың нәтижелері сараланып, 2026 жылға қойылған негізгі міндеттер айқындалған болатын. Компания өкілдері атап өткендей, қол жеткізілген рекордтық көрсеткіштердің артында, ең алдымен, кәсіби мамандардың еңбегі тұр. 

Өткен жыл елдің электр энер­гетикасы үшін қарқыны жоғары кезең болды. Ел аумағында жа­рыққа деген сұраныс 3,8 пайызға өсіп, 124,6 млрд кВт сағатқа жет­кен. Сәйкесінше, электр өндіру көлемі де көбейіп, 123,1 млрд кВт сағатты құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға артық. 

Атап айтсақ,18 желтоқсанда елдің энергетикалық жүйесіне түсетін жүктеме ең жоғары дең­гейге жетіп, 17 724 мегаватты құ­раған еді. Яғни, тұтыну рекордтық деңгейге жеткен күндердің өзінде елдің энергожүйесі жұмысын жалғастырып, халық пен өндіріс орындарын электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алды.

Компанияның қаржылық көрсеткіштері де көңілге қо­ным­ды. KEGOC-тың таза пайдасы 70,8 млрд теңгеге жетіп, 2024 жыл­­мен салыстырғанда, 19 па­йыз­­ға артқан. Алдағы жылдың болжа­мы да жоғары деңгейде: 2026 жы­лы компанияның таза табысы тағы өсіп, шамамен 77 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде. 

– Электр энергиясын тұты­ну­дың артуы және ең жоғары жүкте­мелердің өсуі бізден жоғары тәр­тіпті, технологиялық дайындықты және Ұлттық электр торабын жү­йелі дамытуды талап етеді. 2025 жылы компания Қазақстан Бі­рыңғай электр энергетикалық жү­йесінің сенімді жұмысын қам­тамасыз етіп қана қоймай, ре­кордтық қаржылық нәтижелерге қол жеткізді. 2026 жылы біз ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, цифрлық транс­фор­мацияға және өндірістік қауіпсіз­дікті арттыруға басымдық бере­міз, – деп атап өтті KEGOC АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айт­жанов.

Отандық энергожүйе опера­торының жетістіктері халық­ара­лық деңгейде де назардан тыс қал­ған жоқ. Әлемдік рейтингтік ұйым­дар компанияның қаржы­лық тұрақтылығы мен сенімділігін жоғары бағалап отыр. 

Сонымен қатар компания әлеу­меттік жауапкершілігін де жо­ғары деңгейде атқарып келеді. Осылайша, KEGOC-тың әлеумет­тік тұрақтылық индексі 88 па­йыз­ды құрап, «Самұрық-Қазына» порт­фельдік компаниялары ара­сында үздік үштікке енуіне мүм­кіндік берді. ESG рейтингі бір жыл ішінде 7 балға өсіп, 62 балға жетті. Тіпті, экологиялық жобалар аясында 4 780 ағаш отырғызылып, қалдықтарды бөлек жинау жүйесі енгізілген. Мұның бәрі KEGOC-тың ел энергетикасын дамыту ғана емес, қоғамға пайдалы баста­маларды да қатар жүзеге асырып отырғанын көрсетеді.

Биыл компания өндірістік қауіпсіздікті күшейтуге, 2026-2031 жылдарға арналған тарифтер мен инвестициялық бағдарламасын бекітуге, сондай-ақ жасанды ин­теллект жобаларын енгізуге ба­сымдық бермек. Бұдан бөлек, жөндеу жұмыстарын уақытында өткізу, күзгі-қысқы кезеңге да­йындықты қамтамасыз ету және қаржылық тиімділікті арттыру да негізгі міндеттердің қатарында.

– Энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін 2035 жылға дейін бірқатар ірі жобаны іске асырып жатырмыз. Бұл бастамалар электр энергиясын өндіру жоспар­ла­ры­мен толық үйлестірілген. Қазірдің өзінде оңтүстік аймақтың желі­лерін күшейту және Батыс өңірді Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен бірік­тіру жобалары жүзеге асырылу­да, – деді Нәби Айтжанов.

Алдағы жылдары тағы бір­неше ірі инфрақұрылымдық жоба қолға алы­нады. Солардың бірі – Сол­түстік пен Оңтүстікті жал­ғайтын тұрақты ток желісін салу. Бұл жоба іске асса, электр энер­гиясын та­сымалдау мүмкіндігі 2000 мега­ваттқа дейін артады. Қазір оның техникалық-эко­номикалық негіз­демесі әзір­ленуде. Сондай-ақ елордада жаңа цифрлық «Астана» қосалқы стансасын салу жоспар­ланған. Жалпы алғанда, алдағы уақытта шамамен 7 мың шақырым жаңа электр беру желілерін іске қосу жоспарлануда. 

Компания басшысы бұл жо­балардың ел экономикасы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– Солтүстік-Оңтүстік бағы­тын­­дағы тұрақты ток желісін са­лу – болашағы зор ірі жоба­лардың бі­рі. Ол транзиттік өткізу қабі­летін едәуір арттырады. Со­нымен қа­тар жаңа цифрлық «Ас­тана» қосалқы стансасының құ­рылысы елор­даның электрмен жаб­дықтау се­німділігін бірнеше есе күшейте­ді, – деді Нәби Айтжанов.

Бұдан бөлек, компания цифр­ландыру бағытында да бірқатар жобаны жүзеге асырып келеді. Осы уақытқа дейін енгізілген жү­йелердің арқасында 16,6 млрд тең­ге көлемінде экономикалық тиім­ділікке қол жеткізілген. Бұл – қосымша электр стан­са­ларын жү­йеге қосу, энергожүйені ба­қылау мүмкіндігін арттыру және же­лінің өткізу қабілетін көбей­ту нәтижесінде мүмкін бол­ған көр­сеткіш.

Қазір диспетчерлік басқару жүйесін жаңғырту және энерго­жүйені бақылау жүйесін кеңейту жобалары іске асырылып жатыр. Ал алдағы кезеңде электр қуаты ағын­дарын тиімді басқару мен жүйедегі жүктемені алдын ала болжауға ба­ғытталған жаңа цифр­лық шешімдер енгізу жоспар­ла­нып отыр. Мұның бәрі Қазақстан­ның электр желілерін одан әрі тұ­рақты әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік бермек.

Компания филиалдарына өн­дірістік қауіпсіздік пен су тас­қы­нына қарсы шараларды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

– Біздің алдымызда үлкен әрі күрделі міндеттер тұр. Оларды тек бірге, бір мақсаттағы команда бо­лып қана жүзеге асыра аламыз, – деді компания басшысы.

Нәби Айтжанов сондай-ақ 2026 жыл еліміз үшін маңызды кезең екенін атап өтті, өйткені дәл осы уақытта елде Конституцияның ауқымды реформасын жүзеге асыру басталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қа­зақстанда ауқымды конститу­ция­лық реформа жүргізіліп жатыр. Басты мақсаты – елдің Ата Заңын жаңарту және мемлекеттік бас­қару жүйесін жетілдіру.

– Бүгін Қазақстанның бола­ша­ғы қалыптасып жатыр. Оның ба­ғытын дәл қазір біз айқын­дай­мыз. 2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конс­титуцияны қабылдау мәсе­лесі бойынша республикалық ре­фе­рендум өтеді. Референдумда Қа­зақстан Республикасының мем­лекеттік құрылымы мен құ­қық­тық дамуы­ның болашағы айқын­дала­ды, – деді KEGOC бас­шысы.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 05:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары