Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Ауқымды фестиваль өтеді

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

Өткен күнде белгі бар

Өткен күнде белгі бар

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Осы ойлардың тереңіне батып, қызыл шырақта ұзағырақ тұрып қалдым. Жұмыстан кештеу шық­сам да, қалада әлі кептеліс. Кенет телефон безектей жөнелді. Бей­таныс нөмір. Көтеріп едім, таныс дауыс саңқылдап:

– Еркебұлан бауырым, хал қалай? Отбасың аман-есен бе? Мені таныдың ба? – деп бастыр­малата жөнелді.

Мен де таныған кісідей аман­дасып жатырмын.

– Торғайдан кеше келгем. Ба­лалар Астанада оқып, жұмыс істеп жатыр. Бір жағы солардың ха­лін білейін деп, сосын соғым со­йып ала келіп едім. Ертең қайтам.

Сонда барып жыға таныдым – ауылдағы 69 жылғы ағамыз. Елге сыйлы азамат. Жас кезінде жақсы оқығанын, мақалалары беделді га­зет-журналдарға шығып, ел аузына іліне бастағанда Алматыға қош ай­тып, Торғайға қайтып ке­ліпті дейтін. «Үйдің кенжесі болған соң әке-шешесіне қолғабыс еткелі арманы­нан бас тартты» деп оты­ратын әкем. Әу баста мектепте мұ­ғалім болып, кейін оны да тас­тап, жылқы бағып кеткенін білем. Бірақ қашан көрсең Қостанайдан, Алматыдан кітап алдырып оқып жүретін. 

– Уақытың болса кездесе­йік, – деді.

– Әрине, үйге жүріңіз, қонақ болыңыз. Қай жерге түстіңіз? Айт­саңыз, алып кетейін, – деп жатыр­мын.

– Жоқ, кеш болып кетті. Ке­лін­ді әуреге салма. Одан да маған кел. Бір жерден шай ішейік.

ЕҰУ жақтағы бір кафеде күте­тін болды. Мен жеткенше де бір­қы­дыру уақыт өтті. Еңгезердей, сұс­ты кісі еді. Қапсыра құшақтап, жылы ұшырай амандасты.

– Үйден шықпай жатып тор­ғай­лықтарды көрсем қарадай қуа­натын болдым, – деп аман-сау­лықтан соң бір күліп алды.

Болмысы таза ауылдың кісі­лері-ай, шіркін, бір адамның өзі рулы елдей болып ортаңды тол­тырады. Өңірінен даланың аңқыл­дақ лебі, дарқандығы мен паңдығы есіп тұрады. 

– Аға, қош келіпсіз. Үйге жү­ріңіз десем, көнбедіңіз. Бұйымта­йыңызды айта отырыңыз, – дедім не деп сөз бастаудың қисынын таппай.

Бұл сөзіме шамданып қал­ға­нын күреңіткен жүзінен аңғардым.

– Сенің Астанаға келгеніңе қанша уақыт болды? – деді сынай қарап.

– Мектеп бітірген беті келдім. Міне, 25 жылға аяқ басты.

– Бәсе, – деді сәл ойланып. – Әбден қалаласып кетіпсіңдер. Оларың да жөн. Бірақ ауылдан кіндіктеріңді үзбеңдер. Адам бұйымтайды аттанарда сұрамай ма? – деді ұрысқандай болып.

Ағаның уәжіне қысылып, сөз таппай қалдым. Осы күйімді аңғарғандай:

– Бірақ жастарға өкпе жоқ. Қызметтерің қарбалас, уақытта­рың тапшы. Бұрынғыдай жата-жастанып әңгіме айтып отыратын заман қайда? Әр минутты есептеп, нақты іспен жұмыс істеп үйрен­ген­сіңдер ғой, – деді қайта жұмсарып.

– Бәрін бағамдап отырсыз. Кештетіп хабарласқанға тағатсыз­данып, келе салып сұрап жатқан жайым.

– Жөн-ақ. Жас ұлғайған сайын қалада бір күн де тұра алмайтын халге жетіппіз. Былтыр заманның жаңалығынан қалыс қалмайын деп Facebook дегенді ашқанмын. Бір-бірімен жаға жыртысып, бет тыр­на­сып отыратын адам аз емес кө­рінеді. Бірақ өздерің сияқты аза­маттардың не істеп, не қойып жүргенінен хабар алып отырасың. Сенің парақшаңа қарасам, бірде айтыс пен бәйгеде, бірде мұғалім мен дәрігердің жанында жүресің. Жақында әкім біткенді жинап, жиын өткізіпсіңдер. Президент қатысыпты. Сонда сен партияда жұмыс істейсің бе? 

Бұл сөзінен «AMANAT» пар­тиясының «Мұғалім Talks» кейс-платформасы мен «Дәрігер Talks» диалог алаңын және Ауыл әкім­дерінің диалог-платформасын айтып отырғанын біліп ішім жы­лып қалды. 

– Иә, біраз жыл болды, «AMANAT» партиясының Ор­талық аппаратында жұмыс істей­мін. Бәрін қалт жібермей қарап отырады екенсіз ғой. 

– Қандай қызметтесің? 

– Саяси жұмыс департа­мен­тінің директорымын. 

– Оң болсын! Жас қаламгер­лерді марапаттапсыңдар. Жаңа үйде жатып соны көзім шалып қалды да, өзіңмен бір әңгімеле­сейінші деп қоңырау шалған жа­йым осы. 

Партиямыздың жұмысын кө­ріп-біліп отырғанына қуанып қал­дым. Бар уақытыңды, ынта-жі­ге­ріңді арнап істеп жатқан ісің жай­лы біреуден жақсы сөз есті­ген­нен артық бақыт бар ма? 

– Рақмет, хабарласқаныңызға. Бізде «Ұлттық мұра» партиялық жобасы бар. Соның аясында «Ұлы дала» әдеби байқауы өтіп келеді. Жас ақын-жазушыларды қолдау мақсатында партиямыз, оның ішін­де біздің департамент ұйым­дастырады. Биыл алтыншы мәрте өткіздік. Осы уақыт ішінде 100-ден астам қаламгер жеңімпаз атан­ды, – деп өзіме етене таныс жұмыс жа­йын баяндай жөнелдім. Керек десе кім қай жылы жүлдегер атанды, қан­дай шығарма жазды – бәрін айтып беруге әзір едім. 

– Қомақты қаржылай сыйлық та алыпты. Дұрыс. Қаламгерлерге құрмет көрсеткендерің орынды. Мына бізді әке-шешемізден кейін әдебиет тәрбиеледі. Бір жаңа кітап жарық көрсек, оқығанша елегізіп ұйықтай алмайтынбыз. Сенің әкең Бөлтірік ағадан да талай кітап алып оқығам. Кітаппен дос болған елдің барлық қисығы түзелер еді ғой. 

– Иә, сізді кітапты көп оқиды деп еститінмін. 

– Біздікі қанға сіңген дағды. Одақ қиыраған жылы басқалар сияқты кітап та далада қалды. Ел кітапханаларды бұзып, кірпіші мен ағашын талап кетті. Бірақ кітапқа ешкім қарамады. Сол кезде шама жеткенше тірнектеп жинағам. Тәуелсіздік алғанымызға бөркі­мізді аспанға атып қуандық. Ал­ғашқы елең-алаң жылдар шыны­мен де елге ауыр тиді. Нан түгіл сабын сияқты ұсақ-түйекті таппай сабылдық. Ол кезде сендер ойын баласы едіңдер. Халық қара қазан, сары баланың қамын ғана ойлады. Енді өткенге көз салсам, сөйтіп жүріп рухани кедейлікке кіріптар болыппыз. Соның зардабын қазір тартып жатқан жоқпыз ба? 

– Сол олқылықтар ақырындап қалпына келіп жатыр, аға. Пар­тияда республикалық және өңірлік сайлауалды бағдарлама деген бо­латынын білесіз. Ал оны іске асы­руға арналған Жол картада көп­теген мәдени нысандарды салу, жөндеу жұмыстары қарастырыл­ған. Оның орындалу барысына жү­йелі түрде мониторинг жүргі­зіліп отырады. Соның нәтиже­сін­де, кітапханалар саны күннен күн­ге артып келеді. Жаңылмасам, қа­зір елімізде 3 900-ге жуық қо­ғамдық кітапхана жұмыс істейді. 

– Еркебұлан, одан хабарым бар. Көріп те жүрміз. Тәубе дейміз. Бі­рақ барды жоғалтып, жоғалғанды қайта қалпына келтіргеннен гөрі барды бағалап, оны еселей түссе қандай бақыт, – деп ары қарай әң­гімесін жалғастырды. – Көзді тарс жұмып, бәрін теріске шығара бе­руге де болмайды. Менің білетінім, соңғы 2-3 жылда біздің Жангелдин ауда­нында 170 шақырымнан астам жол жөнделді. Президент Торғай ту­ралы бір-екі рет айтып, күре жол ауылды басып өтеді деп қуанып жатырмыз. 

– Сіз айтқан сол 170 шақырым­дық жол біздің партияның сайлау­алды бағдарламасы аясында қаржы бөлініп салынды. Одан бөлек, 16 мектеп заман талабына сай жа­ң­ғыр­тылып, 1 100-ден астам жаңа жұ­мыс орны құрылды. Айта бер­сек, бір ғана Жангелдин ауданында жаңалық көп. Бірақ бұл аудандағы барлық мәселе толыққанды ше­шіл­ді деген сөз емес. Қызыл сөз бен қысыр уәдеден елдің бәрі жалыққан. Нақты іс керек, әрине. 

– Енді-енді сендердің жұмыс­тарыңды түсініп келе жатқандай­мын, – деді ол кісі ықыластана тыңдап. – Басқа ауылдардың хал-күйі қалай екенін білмедім. Ауыл адамдарына қаржылық тұрғыдан қолдау көрсетіле ме? 

– Әрине, Үкіметпен бірлесіп атқаратын «Ауыл аманаты» деген жоба бар. 

– «Ауыл аманаты» сендердікі ме? – деді бетіме таңғала қарап. 

– Иә, 2023 жылы қолға алын­ған. Ауыл тұрғындарын қолдаудағы ең басты жобалардың біріне айналды. 3 жылдың ішінде 19 мың­нан астам жаңа жұмыс орны ашы­лып, 18 мыңнан аса микрокредит беріліпті. 

– Қайдан білейік, бізге бәрін әкім істейтіндей көрінеді, – деп күл­ді де осы жобаның игілігін көріп отырған екі адамды айтты. Оларды мен де таниды екем. – Ауыл­да тұратын бізде не арман бар? Жұмыс табылса, жол түзеліп, инфрақұрылым дамыса – кімге алақан жаямыз? Онда ешкім көшіп те кетпейтін еді. Қазір малды ма­шақатына шыдаған ғана бағады. Ауылдағы ағайынға жер жетпейді. Көбін байшыкештер иемденіп ал­ған. Бос жер жоқ емес бар. Бірақ пай­даланайын десең иесі шыға ке­леді, не өзі игілігін көрмейді. Со­ларға тоқтау салатын күн бола ма? 

Шай суып қалыпты, тамақ та желінбепті. Шайын еселеп құйып: 

– Әңгімеге айналып отырып тамақ ішуді ұмытып кетіппіз. Шай алыңыз. Сіздің сұрақтың бәрі «АМАNАТ»-тың істеп жатқан жұмысы төңірегінде болып кеткен сияқты, – деп күлдім. – Жоқ әлде партияның жұмысы барлық сауалға жауап бере ме, білмеймін. Айтып отырғаныңыздың бәрі рас. Құнанбай сұлтан кезінде: «Адам өседі, мал өседі. Жер өспейді» деген екен. Заңсыз жеке меншікке өткен, пайдаланбай жатқан жер аз емес. 2022 жылы Мемлекет бас­шысының тапсырмасына сәйкес, партия жанынан «Жер аманаты» республикалық комиссиясы құрылды. Содан бері 14 млн гек­тардан астам жер мемлекет мен­шігіне қайтарылды. 

– Айтпақшы, – деді оқыс тіл қатып, – Биыл Жолдауында осы жайлы Президент айтты, иә? Бірақ көп көңіл аудара бермейміз осы. Қайтарылған жерді бөліп бергенде баяғыдай таныс-тамырлық шешіп кетпесе болды. 

– Жоқ, оның өз тәртібі, шарт­тары бар. Конкурспен беріледі. Дәл осы «Жер аманаты» комис­сия­сымен біздің департамент айна­лы­сады. Сіздің айтып отырған күді­гіңіз орынды. Қазіргі цифрлық дә­уірде бәрі ашық. Қайтарылған жер­лер жайлы ақпаратты қолже­тімді ету үшін арнайы сайт іске қо­сылды. Сол жерден бәрін бақы­лап отырсаңыз болады, – деп jerkarta.gharysh.kz геосервисті ашып, қай өңірлерден қанша жер қайтарылып жатқанын көрсеттім. 

Көріп шыққан соң риза бол­ғандай басын изеді. Ендігі әңгіме жылқыға ауысты. 

– Жылқыға қатысты кез келген жоба маған ұнайтынын білетін шығарсың. Арқалыққа барып ма­рапаттауына да қатыстым. Екі-үш жыл болды-ау басталғанына. Былтыр Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткенде арнайы келіп көрген едім. Қанымыз қызып, арқаланып жүреміз ғой қарадай. Жылқы деген – рух. Қазіргі жастар соның қадірін біле ме? Атқұмар болып өскен баланың жаманын көргем жоқ. Жылқыны көбірек дә­ріптеу керек. Маған салсаң, жыл­қы жайлы таңды таңға жалғап айтудан жалықпаймын. 

– «Ұлы дала жорығы» осыдан 3 жыл бұрын Мемлекет басшы­сының қолдауымен басталды. Торғайдағы бәйгені қосқанда алтыншы мәрте өтті. Аз уақыт ішінде әлемге танымал халық­аралық жарыс деңгейіне көтеріліп келеді. Міне, 3 жыл бойы «АМАNАТ» партиясы қолдап, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып келеді. Соның бәрінде, былайша айтқанда, көзге көрін­бейтін қара жұмысында жүреміз біз. Одан бөлек, айтысқа да партия жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатыр. Сол үлкен тойға Мәжіліс Спикері, партия Төрағасы Ерлан Жақанұлы қатысты. Біз екі-үш күн бұрын барып жұмысқа кірісіп кеткенбіз. Сізбен дәл сол қарбалас кезде кездесіп қалдық. 

– Жөн, жөн. Әрине, мемлекет құру мәдениет пен өнерден ғана тұрмайды. Экономика, ғылым-білім, заң мен тәртіп дейсің бе, бәр-бәрі – қастерлі Отанның ша­ңырағын нық ұстайтын уықтар. Міне, ел ағасы жасына келіппіз. Азды-көпті көрген-түйгеніміз бар. Сонда көзім жеткені – кітапты көп оқитын, ғылым мен білімді бірінші орынға қоятын елдің көші артта қалмайды екен. 

Міне, ол кісімен қоштасып, үйге келе жатырмын. Жыл соңы болған соң қаланың абыр-сабыры әлі басылмапты. Мыңдаған аза­маттың адал ниет, шын пейілмен істеген ісі – бүгінгі өмірімізді құ­рап тұр. «АМАNАТ» партиясы қа­зір 16 партиялық жобаны іске асы­рып жатыр. Әр жоба – қоғам­дағы әртүрлі сұраққа жауап береді. Оның артында мыңдаған азамат­тың мүддесі жатыр. 

Еркебұлан ЖАУЛЫБАЙ,

«АМАNАТ» партиясы Саяси жұмыс

департаментінің директоры

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 07:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see121

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see121

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see110

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see109

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see108

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see107

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see105

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see104

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

12 Тамыз 2026 21:59see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары