Отын энергетика кешенінде ЖИ қолданылады
Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Елімізде отын-энергетика кешенінде ЖИ технологияларын қолдану мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: pinterest.com
Осы мақсатта ТЭК саласына ЖИ енгізу жөніндегі акселерациялық топ құрылып, оның құрамына саланың жетекші компанияларының өкілдері кірді.
«Топтың негізгі міндеті – салалық қажеттіліктерді айқындау және ЖИ технологияларын енгізу бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру бағытында күш-жігерді біріктіру», деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Сонымен бірге биыл ЖИ шешімдері бар ғаламдық вендорлар мен IT-компаниялардан тұратын AI-альянс құрылған. Отандық IT әзірлеушілерді қолдау мақсатында министрлік пен Astana Hub резиденттері арасында салаға ЖИ шешімдерін енгізу және сол бағытта бірлесіп сынақтар өткізу жөнінде меморандумдарға қол қойылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 10:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















