Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Өз елімізде өгейміз : депутат Нұржан Әшімбетов дүкен сөрелерін импорт жаулап алғанын айтты

Өз елімізде өгейміз : депутат Нұржан Әшімбетов дүкен сөрелерін импорт жаулап алғанын айтты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) мәліметінше, елдегі сауда желілері негізгі табысты сауда үстемесінен емес, ретробонустар мен жеткізушілерге, яғни азық-түлік өндірушілеріне күштеп таңылатын түрлі қосымша қызметтер арқылы табады. Өндірушілердің айтуынша, бұл жүйе олардың дамуына тұсау болып, табысын ортайтып қана қоймай, нарықтан біртіндеп ысырып шығаруда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Салалық одақтар альянсының мәліметінше, ірі сауда желілері нарықтағы үстемдігін пайдаланып, тауар жеткізушілерді ондаған қызмет түрі үшін ақы төлеуге мәжбүрлейді. Тауардың бағасы бекітілген негізгі келісімшартқа қол қойылғаннан кейін, оған қосымша логистика, тауарды сөреге қою, маркетинг, түрлі бонустар мен өзге де қызметтер үшін ақы алынады. Мұндай «қосымшалардың» саны бірнеше ондыққа жетуі мүмкін. Нәтижесінде, өндіруші өзі белгілеген 100 теңгелік бағаның 20-40 теңгесіне дейінгі бөлігінен айырылып, соңында табысы ортайып қалады.

Нарық қатысушыларының айтуынша, ретробонустар жүйесі сауда желілерінің «төмен үстеме баға» қоятыны туралы жалған түсінік қалыптастырады. Сырттай қарағанда, ірі дүкендер бағаны ұстап тұрғандай көрінгенімен, іс жүзінде олар өнім жеткізушілерден «жырып алатын» ретробонустар есебінен негізгі пайданы жасырын төлемдер арқылы қалтаға басады. Осылайша, сауда жүйесіндегі ең жоғары үстеме баға шын мәнінде осы желілердің еншісінде қалып отыр. Ірі ритейлер  бұл тетікті пайдалана отырып, қосымша табыс тауып қана қоймай, нарықтың басқа қатысушыларын – ең алдымен, тек таза үстеме бағамен ғана күн көріп отырған шағын компанияларды әлсіретуде. Отандық өндірушілердің пікірінше, барлық ойыншылар үшін ортақ әрі ашық ережелер бекітілсе, бөлшек саудадағы бағаның нақты кімнің есебінен және қандай көлемде өсіп отырғанын айқын көруге болар еді.

ҚР азық-түлік өнеркәсібі саласындағы одақтар бірнеше жылдан бері Сауда министрлігінен ірі сауда желілерінің өндірушілерден жалған қосымша қызметтер үшін ақы алуы мен ретробонустар алуына тосқауыл қоюын сұрап келеді. Елестетіп көріңізші: тауарды бір жерден екінші жерге ауыстырып қою сияқты ойдан шығарылған қызметтер арқылы сауда желілері өздерінің жылдық табысының 70%-ын тауып отыр. Бұл – миллиардтаған теңге! Ал бүкіл әлемдегі сауда саласы табыс табатын негізгі көз – тауар үстемесі бұларда бар-жоғы 30%-ды ғана құрайды.

Өндірушілердің пайымдауынша, нарық заңына қайшы, тіпті «рэкетке» ұқсайтын бұл жүйе Сауда министрлігінің өзіне де тиімді көрінеді. Неге десеңіз, Үкімет министрлікке азық-түлік бағасын өсірмеу туралы тапсырма жүктейді. Ал сауда желілері өндірушілердің есебінен күн көріп отырғандықтан, тұтынушы үшін баға аса қатты өспегендей көрінеді. Яғни, саудагерлер өз пайдасын халықтың қалтасынан емес, өндірушінің есебінен тауып отыр.

Бірақ бұл – тығырыққа тірелетін жол. Тұтынушы үшін бағаны осылайша қолдан ұстап тұру арқылы сауда желілері Сауда министрлігінің немқұрайлығымен экономикамыздың өндіріс секторын жылдар бойы тұсап келеді. Олар күштінің аты озған заманды пайдаланып, жергілікті өндірушілердің нәпақасын жырып алады. Соның салдарынан кәсіпорындарда таза пайда түгілі, ең бастысы – өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, заманауи құрылғылар сатып алуға және өнім түрін көбейтуге ешқандай қаражат қалмайды. Мұның соңы жалпы өндіріс көлемінің азаюына және мемлекетке төленетін салықтың кемуіне әкеп соғады. Бұл зиянды үрдіс Қазақстан Президентінің алдымызға қойған отандық өндірісті өркендету міндетіне мүлдем қайшы келеді.

«Өндірушілер бұл заңсыз салықтан өздері неге бас тартпайды?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Себебі сауда желілерінің «ойын ережесіне» көнбесең, ертең-ақ барлық тауарыңмен дүкен сөрелерінен бір күнде жоқ боласың, мұндай мысалдар өте көп. Ал сауда желілерінен мүлдем кетіп қалуға тағы болмайды, өйткені еліміздегі өңделген және қапталған азық-түліктің төрттен үш бөлігі дәл осы ірі супермаркеттер арқылы сатылады. Содан кейін өндірушілер даму жоспарын ұмытып, өндіріс көлемін азайтып, шығынға бата отырып төзуге мәжбүр.

Бұл жүйенің қалай қалыптасқаны және өңірлерде қандай салдарға әкеп соққаны туралы «Казмясопродукт» ЖШС директоры Серік Ілиясов тарқатып айтып берді. Спикердің пайымдауынша, жергілікті кәсіпорындар үшін басты кедергі – ретробонустар, импортпен бәсеке және дүкен сөрелеріне еркін шыға алмау мәселесі.

«Біз ең алдымен сауда желілерінде өнімдеріміздің толық ассортименті мен жеткілікті көлемде тұруын қалаймыз. Бүгінде олар тауарды талғап қана алады, ал негізгі сөрелерді Ресей мен Беларусь өнімдері жаулап алған. Тіпті, қарапайым бөтелкедегі судың өзі Беларусьтен ағылып келіп жатыр, бейне бір бізде өз суымыз жоқтай немесе дәмі нашар сияқты. Басқа өнімдер туралы айтпаса да түсінікті. Өз елімізде тұрып, өз сөремізге шыға алмай отырғанымыз – ақылға сыймайтын сорақылық әрі абсурд.

Ал сауда желілеріне төленетін барлық ақы өнімнің өзіндік құнынан жырылады. Кәсіпорында өндірісті жаңартуға да, өнім түрін көбейтуге де ешқандай ресурс қалмайды. Біз қазірдің өзінде қызметкерлеріміздің 30%-ын ақысыз демалысқа жібердік, өйткені өндіріс көлемі құлдырап жатыр, ал қазіргі саудамен жалақы төлей алмаймыз. Біз бүгінде импорттық өндірушілердің демпингіне қарсы тұрып, әрең шыдап баққан санаулы кәсіпорынның біріміз. Солтүстік Қазақстан облысындағы басқа өндірушілердің көбін олар бағамен буындырып тастады.

Осыдан 15 жыл бұрын біз нарыққа шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттармен шыққанда, Петропавлда осы салада 20-25-ке жуық ірілі-ұсақты өндіруші бар еді. Бүгінде бізді қосқанда екеуі ғана қалды. Ал кезінде аты дүрілдеп тұрған «Фрегат», «Леонтьев», «Паутов», «Леготин» және тағы басқа көптеген компаниялар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды», –  деп ағынан жарылды «Казмясопродукт» ЖШС директоры Серік Ілиясов.

Қазақстанның азық-түлік саласындағы одақтар Сауда министрлігінің жұмыс тиімділігін бағалау тәсілін түбегейлі қайта қарау қажет деп санайды. Қазіргі уақытта басты көрсеткіш ретінде жалпы сауда айналымының көлемі алынады. Алайда бизнес өкілдерінің пікірінше, бұл айналымның құрылымын отандық өнім саудасының өсуіне бағыттап талдау керек. Өйткені, егер сауда айналымы импорттық тауарлар есебінен артып жатса, бұл біздің емес, өзге елдердің экономикасын нығайтады. Нағыз жетістік деп тек отандық өнім саудасының артуын есептеу қажет. Дәл осы мәселе Сауда министрлігінің тұрақты назарында болуы тиіс және Үкімет министрлік жұмысын осы көрсеткіш бойынша бағалауы керек.

Жалпы алғанда, отандық экономиканың нақты дамуына жағдай жасауға тиіс мемлекеттік органдар тарапынан өндірушілер әзірге жағдайды жақсартатын батыл қадамдарды көріп отырған жоқ. Олардың пайымдауынша, мемлекеттік органдар заңға тәуелді актілерге тек азын-аулақ өзгерістер енгізіп, жасалған жұмыс туралы есеп беруге тырысады, бірақ бұл шаралар мәселені түбірімен шешуге қауқарсыз. Елімізде отандық тағам өндірушілерді қорғап шыққан жалғыз орган – "AMANAT" партиясы жанындағы Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі республикалық кеңес. Республикалық кеңестің жетекшісі, ҚР Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов жақында Парламент қабырғасында сөз сөйлеп, қалыптасқан жағдайды қатаң сынға алды.

«Біз заңға азық-түлік тауарларына қатысты ретробонустарға тыйым салуды ұсынатын түзетулер дайындадық. Бұл ұсыныстарды депутаттармен бірге Сауда министрімен талқылағанда, ол мұны оң бастама деп сендірген болатын. Алайда Үкіметтің қорытындысы келгенде, өкінішке қарай, Сауда министрлігі бұл түзетуге қарсы екенін жазыпты.

Президент Үкіметтің алдына инфляцияны төмендету және тұтыну бағаларының өсуін бақылау міндетін қойып отыр. Бірақ Үкімет инфляциямен тауар өндірушілердің есебінен күресіп жатқан сияқты. Мұндай жағдайда бізде өндіріс ешқашан табысты дамымайды», – деп қадап айтты депутат Нұржан Әшімбетов.

Өндірушілер мынаны талап етіп отыр: өндірушілерден ақша жымқырудың мұндай сорақы тәжірибесіне тыйым салмайынша және Қазақстандағы ішкі сауданың шынайы құрылымына талдау жасамайынша, отандық азық-түлік өнеркәсібінің дамуы туралы айту мүмкін емес. Бұл жерде мәселе тек жекелеген компаниялардың немесе тұтас бір саланың мүддесінде ғана емес, мәселе – елдің азық-түлік қауіпсіздігінде, халықтың жұмыспен қамтылуында және экономиканың ел ішінде қосымша құн жасау қабілетінде. Бұл түйткілдерді дәл қазір, яғни отандық өндірушілерді шетелдік алпауыттар мен жергілікті сауда желілері түпкілікті тұншықтырып тастамай тұрғанда шешу қажет. Кез келген қиын кезеңде экономика тұрақтылығының тірегі саналатын отандық өндірісті қайта түлетуге әлі де мүмкіндік бар.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Сәуір 2026 15:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары