Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

Отандық өндіруші өз елінде өнімін тиімді бағамен сата алмай отыр Нұржан Әшімбетов

Отандық өндіруші өз елінде өнімін тиімді бағамен сата алмай отыр Нұржан Әшімбетов

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Отандық азық-түлік өндірісін қолдау – стратегиялық маңызы бар мәселе. Алайда қазіргі жағдайда импорттық өнімдер сауда желілерінде отандық өнімдерді біртіндеп шетке ысыруда. Импорттаушылардың әдейі бағаны түсіруі (демпинг), қазақстандық өндірушілердің ірі дүкендерге өнімін кіргізудегі қиындықтары және басқа да мәселелер салдарынан, отандық өндіріс көптеген тағам түрлері бойынша әлі күнге дейін 1990 жылғы көрсеткіштерге жете алмай келеді. Ашық дереккөздердегі, Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтеріне сүйенсек, ет және тағамдық субөнімдері 1990 жылы – 1 млн тоннадан астам, 2024 жылы  431,2 мың тонна көлемінде өндірілген. Сүт және кілегей: 1990 ж. – 1,4 млн тонна, 2024 ж. – 621 мың тонна; сарымай және спредтер: 1990 ж. – 85 мың тонна, 2024 ж. – 32,5 мың тонна; жаңа піскен нан: 1990 ж. – 1,2 млн тонна, 2024 ж. – 497,2 мың тонна. Бұл тізімді осылайша жалғастыра беруге болады.

Мұндай мәселе не себепті туындап отыр және отандық өндірушілер мен қазақстандық нарықты қалай қорғауға болады? Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов түсіндіріп берді.

– Нұржан Кемерұлы, Президент Жолдауында мемлекет отандық өндірушілерді қорғауы керек екенін айтты. Алайда жыл сайын өнім импорты өсіп, қазақстандық тауарларды ығыстырып келеді. Сіздің ойыңызша, ішкі нарықты импорттың әділетсіз бәсекесінен қорғау шаралары жеткілікті ме?

– Біз соңғы екі жылға жуық уақыт бойы еліміздегі азық-түлік саласындағы салалық қауымдастықтармен тығыз байланыстамыз. Олардың айтуынша, бұл шаралар жеткіліксіз. Импорт неге көбейіп жатыр? Себебі ірі сауда желілеріне ең алдымен импорттық тауарларды сату тиімді – олардан көбірек табыс табады.

Импорт өнімдерінің өзіндік құнының төмен болуына бірнеше фактор әсер етеді. Мысалы, Ресей мен Беларусьта қайта өңдеушілерге мемлекеттік қолдау деңгейі жоғары. Сондай-ақ бұл елдерде өндірушілердің логистика шығындарына субсидия беріледі. Мәселен, Ресейде мемлекет экспорттаушыларға зауыттан Қазақстан шекарасына дейінгі ішкі тасымал шығынын төлеп береді. Бұдан бөлек, ол жақтағы кәсіпорындар біздікіне қарағанда әлдеқайда ірі, көлемі үлкен болғандықтан, олардың өзіндік құны да төмен. Біздің нарық Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің барлық тауарына ашық, кез келгені еркін сата алады. Бірақ бастапқы жағдай барлық мемлекетте бірдей емес. Сол себепті біздің өндірушілер теңсіздікке ұшырап отыр. Бұл – ЕАЭО аясындағы заңнаманың жетілмеген тұстарының бірі.

ҚР азық-түлік секторының салалық одақтар альянсы заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын дайындады. Алайда Қазақстанның еркін сауда жөніндегі халықаралық міндеттемелері көп. Сондықтан қазір өндірушілер мен мемлекеттік органдардың ұстанымдарын жақындату арқылы ортақ шешімге келу, әрі халықаралық талаптарды сақтап, ішкі нарықты қорғау бағытында өте мұқият жұмыс жүріп жатыр. Мысалы, «AMANAT» партиясының АӨК жөніндегі республикалық кеңесі алаңында салалық одақтар мен Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің қатысуымен тұрақты кездесулер өтеді. Біз ішкі заңдар мен талаптарға сай келмейтін, сапасыз тауарлардың елімізге кіруін шектеу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бұдан бөлек, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен (БҚДА) де жеке жұмыс жүргізілуде. Салалық одақтардың пікірінше, әр облыста өз «монополисі» бар, яғни нарықтың басым бөлігін бақылайтын ірі сауда желісі. Олар өз күшімен өндірушілерге шарттарын ыңғайсыз етіп қоя алады. Егер осы желі қандай да бір өндірушіні нарықтан шығарғысы келсе немесе сөресіне қоймай қойса, ол бірден жергілікті нарықтың үштен екісінен айырылады. Сауда желілері өз үстемдігін пайдаланып, өндірушілерге тиімсіз талаптар қояды. Мысалы, заң бойынша ретро-бонустарға шектеу бар, бірақ ритейл оларды жарнама немесе басқа қызмет деп жасырып, бәрібір алады.

Нәтижесінде, отандық өндірушілер импортқа толы нарықта өз өнімдерін өткізуден және бонустар төлеуден іс жүзінде еш кіріссіз қалады. Осылайша, отандық бизнес өз елінде өнімін тиімді сата алмайды, өндірістік қуаттардың жүктемесі төмендейді, мемлекеттік бюджетке салық төлемі азаяды, жұмыс орындары қысқарады. Сондықтан біз азық-түлік өндірушілердің салалық одақтар альянсымен бірге әзірлеп жатқан нормалар өте өзекті және қажет. Бірқатар түзетулерді заңнамаға енгіздік, дегенмен менің ойымша, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдауға арналған кешенді заң қабылдау қажет. Қазір бұл бағыттағы жұмыс оңай емес, бірақ біз отандық өндіріс мүддесін қорғайтын заңдарды қабылдай аламыз деп үміттенеміз.

Біздің салалық одақтар басқа да мәселелерді көтеріп жүр. Соның ішінде ЕАЭО елдерінің нарығында жұмыс істеудің қиындығын айтады. Мысалы, Ресей және Беларусь өнімдері Қазақстанда еш кедергісіз сатылады. Ал қазақстандық өнімдер осы елдердің нарығына шыққанда түрлі кедергілерге тап болады. Егер біздің өнімдер белгілі бір көлемге жетіп, жергілікті өндірушілерге бәсеке бола бастаса, олар дереу «ішек таяқшасын таптық» дейді немесе басқа бір «кемшілік» ойлап табады. Яғни, барынша қазақстандық өнімдерді нарықтан шығарып тастайды.

Сондықтан біз Сауда және интеграция министрлігіне ең болмаса айна тәрізді қарсы шаралар қолдануды ұсынып отырмыз. Өйткені жағдай шынымен күрделі, ал бізге өз экономикамызды дамыту қажет. Осы бағыттағы жұмысқа Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және осы мәселемен айналысуы тиіс басқа да органдар қосылады деп сенеміз.

– Ірі сауда желілерінен көбіне белорустік өнімдерге арналған брендтелген арнайы бөлімдерді көреміз. Неге дәл сондай бөлімдер отандық өнімдерге арналып ашылмайды? Оларды міндеттеуге немесе мемлекет тарапынан ынталандыруға бола ма?

– Президент өз Жолдауында айтып өткендей, «Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті. Әрине, өзімізді өзіміз 100 пайыз қамтамасыз етуіміз мүмкін емес, бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар. Бірақ  нарықтағы қазіргі жағдайды айтудың өзі – ұят. Үкімет Еуразия аумағындағы сауда-саттықтың әділ жағдайда жасалуын нақты дәлелмен талап етуге міндетті. Ал депутаттар заңнамалық бастамалар арқылы отандық өнім өндірушілердің құқықтарын қорғауға тиіс».

Бізге отандық азық-түлік өнімдерін насихаттау бойынша ақпараттық саясатты әлдеқайда белсендірек жүргізу қажет. Өйткені «егістен сөреге дейін» отандық өнім қалай дайындалатынын көрсету – көптеген адамдардың үлкен еңбегін таныту деген сөз! Алайда  өкінішке қарай, сауда желілері мұндай ақпараттық жұмыспен мүлдем айналыспайды, керісінше, импорттық тауарларға арнайы брендтелген бөлімдер ашып отыр. Сауда желілері неге отандық өндірушілерді қолдап, «Қазақстанда жасалған» деген бөлім ашпайды?

Қазір ішкі сауда ережелеріне сәйкес, сауда желілерінің сөрелерінде қазақстандық азық-түлік өнімдері кемінде 30% болуы тиіс. Алайда бұл талаптың орындалуы дұрыс бақылауға алынбаған. Сөрелердің ең аз дегенде 50%-ын отандық өндірушілер толтыруы керек деп есептеймін. Одан да көп болса, тіпті жақсы және бұл норманы заңмен бекіту қажет.

Біздің азаматтар түсінуі қажет: отандық өнімдерді сатып алу арқылы олар тек тауар сатып алмайды, өз өмірлерін жақсарта түседі. Өйткені жұмсалған қаражаты еліміздің экономикасында қалып, қайтадан қазақстандықтар үшін жұмыс істейді.

Мемлекет «сауданы дамыту» деген желеумен сауда желілеріне қомақты қаражат бөлетінін біз білеміз. Бірақ менің ойымша, оның орнына сол сауда желілерінде отандық өнімдердің көбірек болуына жағдай жасау керек. Яғни, желілер отандық тауарды белсенді түрде сатуға мүдделі болуы тиіс.

Дегенмен кейбір өңірлерде қуантарлық мысалдар да жоқ емес. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында мұнай-газ компанияларымен меморандум жасалып, белгілі бір азық-түлік түрлерін алдымен отандық өндірушілерден сатып алу қарастырылған. Ал Маңғыстау облысында тағы бір меморандум нәтижесінде мұнайшылардың ас мәзіріне отандық шұбат енгізілді. Осындай үлгі боларлық тәжірибелер көбеюі үшін де жұмыс істеу қажет.

– Сала өкілдері елімізде сауда желілерінің монополиясы қалыптасты дейді. Егер монополист сауда мен бәсекенің еркіндігіне шектеу қойса, әділетсіз жағдай жасаса, онда мемлекет монополистің кәсіпкерлік еркіндігін шектеп, отандық экономиканың мүддесі үшін қызметін реттеуге құқылы ма, қалай ойлайсыз?

– Бұл өте күрделі мәселе, сондықтан оны БҚДА-мен бірге жан-жақты зерттеу керек. Дегенмен  қарапайым логикаға салсақ, егер монополист теңсіздік тудырып, еркіндікке шектеу қойып отырса, мемлекет қандай да бір әрекет жасап, жағдайды бақылауға алуы тиіс.

Бізде тағы бір үлкен проблема бар – нарықтың құрылымы туралы сенімді ақпараттың болмауы. Ресми дерек бойынша, сауда сөрелеріндегі азық-түліктің 80%-дан астамы – отандық өнім. Бұл жақсы көрсеткіш және бәрінің көңілінен шығады. Бірақ Сауда және интеграция министрлігінің есептеу әдістемесі күмән тудырады. Себебі супермаркетке барсақ, шынайы жағдай мүлде басқаша екенін көреміз. Президент те Жолдауында осы мәселені атап өтті. Мысалы, неліктен тәуелсіз мамандандырылған агенттікке нарықты объективті түрде зерттеуді тапсырмасқа? Немесе дүкендердегі қазақстандық өнімнің үлесін тұрақты түрде тексеріп тұрмасқа? Сонда импорттың отандық тауарды ығыстырып жатқанын, өз өндірушілеріміздің мүддесін қорғау қажет екенін анық көрер едік. Әлемде де өз нарығын қорғаған елдер көп. Мысалы, Еуроодақ құрамындағы Венгрия. Олар еркін сауда бойынша міндеттеме алғанына қарамастан, жергілікті дүкендерде отандық азық-түлікке басымдық беру туралы шешім қабылдады және оны жан-жақты қолдап отыр.

– Жуырда тұтынушылар мен отандық азық-түлік өндірушілер үшін маңызды заңға түзету қабылданды. Оның мақсаты – азық-түлік пен ауылшаруашылық тауарлары импортына бақылауды күшейту. Бұл қаншалықты маңызды қадам?

– Біз мұны үлкен жетістік деп санаймыз. Бұл –  осы бағытта екі жыл бойы жүргізген еңбегіміздің нәтижесі. Бұған дейін шекара маңындағы елдерден «көлеңкелі» импорт өте көп кіретін. Себебі ветеринариялық бақылау қызметі шекара бекетінде физикалық тұрғыда болмаған, сондықтан күмәнді азық-түлік өнімдерінің елге қалай кіріп жатқанын бақылау мүмкін болмады. Оның үстіне, Ветеринария комитетінің деректер базасы шекарашылардың базасымен біріктірілмеген еді. Соның кесірінен ветеринар мамандар жүк құрамында азық-түлік бар екенін көбіне білмей де қалатын. Түзету қабылданғаннан кейін бұл базаларды біріктіру мүмкін болды. Енді ветеринариялық бақылау қандай тауар өтіп жатқанын нақты көріп, қажет болса тоқтата алады.

Бұл – үлкен жұмыстың тек бастамасы. Қазір біз Ветеринария комитетімен талқылауды жалғастырып жатырмыз. Күн тәртібінде – импорттық өнім өндірушілерді ғана емес, оны тасымалдаушыларды да бақылау тетігін енгізу. Арнайы реестр құру жоспарланып отыр. Бұл реестрде азық-түлік тасымалдайтын компаниялар тіркеліп, оларға нақты талаптар қойылады: көліктерде рефрижератор болуы керек, тасымалдаушылардың арнайы суық қоймалары болуы тиіс және т.б. Қазір бұл талаптардың сақталуын бақылау мүмкін емес, сондықтан ешкім импортталған өнімдердің барлық қағидаға сай жеткізілгеніне және тұтынушылар үшін қауіпсіз екеніне кепіл бола алмайды. Сол себепті біз барлық осы процестерді бақылауға, реттеуге және қадағалауға мүмкіндік беретін нақты механизм жасағымыз келеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:229
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Желтоқсан 2025 13:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see169

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see149

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see146

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see137

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see133

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see130

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see124

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see120

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see120

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see118

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see117

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see115

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see114

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

30 Шілде 2026 09:42see109

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

29 Шілде 2026 19:32see107

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

29 Шілде 2026 20:13see107

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

30 Шілде 2026 11:23see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары