Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

ШҚО да қоғамдық орындарды ластаған үш тұрғын жауапқа тартылды

Тоқаев ҰҚК басшылығымен жиын өткізіп, бірқатар тапсырма берді

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі: сауда саласындағы өзекті мәселелер бойынша жүйелі диалог басталды

Қазақстандықтар жоқ : Таиландта болған өрттен 11 адам көз жұмды

Украина өз жерінен шегінбейді Зеленский

Қазақстанда алғаш рет AI Quryltai жасанды интеллект платформасының көмегімен заң жобасы әзірленді

Сұйытылған газ тапшылығы: Қазақстанның жаңа ГӨЗ жобалары мәселені шешеді ме?

Ержан Сәрсенбай COP31 конференциясында Қазақстанның көміртегі нарығын дамыту тетікгін таныстырды

Барыс ҚХЛ көшбасшыларының бірін жеңді

Қыста сымдарды күйдіріп алмай, автомобильді қалай от алдыру керектігін сарапшы айтып берді

Павлодар облысында алимент бойынша борышкерлерден 67 автокөлік тәркіленді

Қазақстанда дауылды ескерту: Ауа райы күрт нашарлап, көктайғақ пен тұман күтілуде

Жүргізушілер назарына: Астана мен бірнеше өңірде көктайғақ пен қалың тұман күтіледі

Атырауда көпірден секірген адам құтқарылды

Алматы қар мен көктайғаққа қалай дайындалып жатыр

Қазақстан мектептерінде екінші сыныптан бастап диктанттар мен шығармалар енгізіледі

Тоқаевтың таңдауымен: Ірменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Қазақстандық киберспортшы жүлде қоры 1 миллион доллар болатын турнирде жеңіске жетті

Тоқаев Палестина Президентіне жеделхат жолдады

NVIDIA ның бұрынғы басшысы және одақтастары оның компанияға оралуына күш салуда БАҚ

Партиялық бағдарламалардан нақты шешімдерге дейін: сарапшылар Сайлау 2026 науқанын талқылады

Партиялық бағдарламалардан нақты шешімдерге дейін: сарапшылар Сайлау 2026 науқанын талқылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін күрес» атты сараптамалық платформа өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қатысушылар саяси күштердің бағдарламалары сайлаушыларға мазмұнды балама ұсына ала ма, қоғамның қазіргі сұраныстары ел дамуының ұзақ мерзімді міндеттерімен қаншалықты үйлеседі, сондай-ақ сайлау науқаны аяқталғаннан кейін партиялардың азаматтармен диалогы қандай болуы керектігін талқылады.

Сараптамалық платформаның модераторы ретінде ҚР Президенті жанындағы КСЗИ директоры Жандос Шаймарданов жүргізді. Пікірталасқа КСЗИ өкілдерімен қатар, жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының, талдау орталықтарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, саясаттанушылар, сарапшылар және медиа саласының өкілдері қатысты.

Платформаның ерекшелігі – қарама-қарсы сараптамалық ұстанымдар негізінде құрылған пікірталас форматы болды. Қатысушыларға бір-біріне қарама-қайшы екі көзқарасқа қатысты өз ұстанымын анықтау ұсынылды. Осыдан кейін әр позицияны ұстанған қатысушылар өз таңдауларын дәйектермен негіздеді. Мұндай тәсіл сарапшылар қауымдастығында қалыптасқан бағалауларды айқындап қана қоймай, партиялық бәсекелестіктің дамуына қатысты әртүрлі көзқарастардың астарындағы уәждерді ашуға мүмкіндік берді.

Пікірталастың алғашқы блогы сайлауалды бағдарламалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына арналды. Қатысушылар партиялардың стратегиялық мақсаттарының ұқсас болуы ел дамуының негізгі бағыттары бойынша қоғамдық консенсустың қалыптасқанын білдіре ме, әлде мазмұнды саяси баламалардың жеткіліксіздігін көрсетеді ме деген мәселені талқылады.

Сарапшылар стратегиялық мақсаттардың ортақтығы саяси бәсекелестікті жоққа шығармайтынын атап өтті. Саналы электоралдық таңдау жасау үшін партиялардың басымдықтарындағы, ұсыныстарды іске асыру тетіктеріндегі, мерзімдеріндегі, қажетті ресурстар мен мәлімделген нәтижелерге қол жеткізуге жауапкершілік мәселелеріндегі айырмашылықтарды қаншалықты нақты көрсете алатыны шешуші мәнге ие.

Партиялық бағдарламалардың уақыттық көкжиегіне қатысты да жеке пікірталас өрбіді. Қатысушылар саяси күштер ең алдымен азаматтардың аса өзекті сұраныстарына жауап беруі керек пе, әлде бір электоралдық цикл шеңберінен шығатын ұзақ мерзімді сын-қатерлерге назар аударуы қажет пе деген мәселені қарастырды.

Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар сапалы саяси бағдарлама екі тәсілді де ұштастыруы қажет екенін атап өтті. Қоғамның бүгінгі қажеттіліктеріне жауап беру ел дамуының стратегиялық пайымымен қатар жүруге тиіс. Ал ұсынылатын шешімдер оларды іске асыру тетіктері, қажетті ресурстар және ықтимал тәуекелдер жөнінде түсінікті әрі нақты түсіндірмелермен сүйемелденуі керек.

Тағы бір талқыланған тақырып – электоралдық белсенділік пен саяси сенімнің арақатынасы болды. Қатысушылар әлеуметтанулық зерттеулердің деректеріне сүйенді. Оларға сәйкес, респонденттердің 70,3%-дан 75,6%-ға дейінгі бөлігі алдағы дауыс беруге қатысуға дайын екенін мәлімдеген, ал азаматтардың оннан тоғызына жуығы сайлау туралы қандай да бір деңгейде хабардар.

Пікірталас барысында дауыс беруге қатысуға дайын екендігін білдірген азаматтардың жоғары үлесі олардың сайлау науқанына елеулі қызығушылық танытатынын және саяси үдеріске тартылу әлеуетінің жоғары екенін көрсететіні айтылды. Сонымен қатар сайлауға қатысудың өзі сенім мәселесін толық қамтымайды. Сенімнің тұрақтылығы көп жағдайда партиялардың сайлаудан кейін өз міндеттемелерін қаншалықты дәйекті орындайтынына, ашықтықты сақтап, қоғаммен кері байланысты жалғастыруына байланысты болады.

Қорытынды блок сайлау науқаны аяқталғаннан кейінгі саяси белсенділікті дамыту мәселесіне арналды. Сарапшылар екі ұстанымды талқылады: жаңа Құрылтай партиялар арасындағы пікірталастың негізгі алаңына айналуы керек пе, әлде саяси күштердің қоғаммен жария диалогы өкілді органнан тыс жерде де тұрақты түрде жалғасуы тиіс пе деген мәселе қарастырылды.

Қатысушылар сайлау үгіт-насихат кезеңін аяқтағанымен, саяси үдеріс аяқталмайтынын атап өтті. Жаңа Құрылтай саяси күштер арасындағы мазмұнды бәсекелестіктің маңызды алаңына айналуы керек. Алайда партиялардың азаматтармен жұмысы сайлау кезеңімен ғана шектелмеуге тиіс.

«Саяси диалог үгіт-насихат науқанымен бірге аяқталмауы керек. Сайлаудан кейін уәделер бәсекесі шешімдер бәсекесіне айналып, сайлаушылармен жұмыс тұрақты сипат алуға тиіс», – деп пікірталасты қорытындылаған Жандос Шаймарданов.

Сараптамалық платформа қорытындысы бойынша қатысушылар қазіргі сайлау науқаны партиялар арасындағы бәсекелестікті дамытудың жаңа жағдайларын қалыптастырып отырғанын атап өтті. Оның одан әрі сапасы тек дауыс беру нәтижелерімен ғана емес, саяси күштердің сайлауалды бағдарламаларын нақты шешімдерге айналдыру, оларды іске асыруға жария жауапкершілікті қамтамасыз ету және сайлаудан кейін азаматтармен тұрақты диалогты сақтау қабілетімен айқындалатын болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Тамыз 2026 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

ШҚО да қоғамдық орындарды ластаған үш тұрғын жауапқа тартылды

16 Қараша 2026 12:34see145

Тоқаев ҰҚК басшылығымен жиын өткізіп, бірқатар тапсырма берді

16 Қараша 2026 12:19see144

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі: сауда саласындағы өзекті мәселелер бойынша жүйелі диалог басталды

16 Қараша 2026 11:55see143

Қазақстандықтар жоқ : Таиландта болған өрттен 11 адам көз жұмды

16 Қараша 2026 12:14see143

Украина өз жерінен шегінбейді Зеленский

16 Қараша 2026 12:29see143

Қазақстанда алғаш рет AI Quryltai жасанды интеллект платформасының көмегімен заң жобасы әзірленді

16 Қараша 2026 11:55see142

Сұйытылған газ тапшылығы: Қазақстанның жаңа ГӨЗ жобалары мәселені шешеді ме?

16 Қараша 2026 12:29see136

Ержан Сәрсенбай COP31 конференциясында Қазақстанның көміртегі нарығын дамыту тетікгін таныстырды

16 Қараша 2026 12:02see135

Барыс ҚХЛ көшбасшыларының бірін жеңді

15 Қараша 2026 19:59see135

Қыста сымдарды күйдіріп алмай, автомобильді қалай от алдыру керектігін сарапшы айтып берді

16 Қараша 2026 09:33see134

Павлодар облысында алимент бойынша борышкерлерден 67 автокөлік тәркіленді

16 Қараша 2026 10:49see133

Қазақстанда дауылды ескерту: Ауа райы күрт нашарлап, көктайғақ пен тұман күтілуде

16 Қараша 2026 09:51see122

Жүргізушілер назарына: Астана мен бірнеше өңірде көктайғақ пен қалың тұман күтіледі

16 Қараша 2026 08:12see122

Атырауда көпірден секірген адам құтқарылды

16 Қараша 2026 11:27see120

Алматы қар мен көктайғаққа қалай дайындалып жатыр

16 Қараша 2026 09:39see116

Қазақстан мектептерінде екінші сыныптан бастап диктанттар мен шығармалар енгізіледі

16 Қараша 2026 13:08see114

Тоқаевтың таңдауымен: Ірменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

16 Қараша 2026 12:29see110

Қазақстандық киберспортшы жүлде қоры 1 миллион доллар болатын турнирде жеңіске жетті

15 Қараша 2026 19:59see109

Тоқаев Палестина Президентіне жеделхат жолдады

16 Қараша 2026 08:27see107

NVIDIA ның бұрынғы басшысы және одақтастары оның компанияға оралуына күш салуда БАҚ

16 Қараша 2026 08:49see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары