Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Ауқымды фестиваль өтеді

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Пәтер сатып аларда жібермеу керек 10 қате: сарапшы кеңесі

Пәтер сатып аларда жібермеу керек 10 қате: сарапшы кеңесі

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Сатып алушылардың көбі алғашқы пәтерді көрмей жатып қателеседі. Ертеңгі күні өз шешіміңізге өкінбес үшін бүгін қандай критерийлерге назар аударған жөн? Бұл туралы TengriНоме авторлық бағанында жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Виталий Шалаев ой қозғады.

Поделиться

Сатып алушылардың көбі алғашқы пәтерді көрмей жатып қателеседі. Ертеңгі күні өз шешіміңізге өкінбес үшін бүгін қандай критерийлерге назар аударған жөн? Бұл туралы TengriНоме авторлық бағанында жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Виталий Шалаев ой қозғады.

Жылжымайтын мүлік саласындағы 20 жылдық жұмыс тәжірибемде төрт елде бірнеше мың нысанды қарап шықтым және жүздеген мәмілеге қатыстым. Тәжірибе жинақталған сайын бір заңдылықты жиі байқаймын: сатып алушылардың көбі алғашқы пәтерді көруге бармай жатып қателік жібереді.

Олар бағаны зерттейді, жеңілдіктер іздейді, құрылыс салушыларды салыстырады, шаршы метрлер мен жөндеу жұмыстарын талқылайды. Бірақ бірнеше жылдан кейін бұлардың бәрі маңызды болмағанын сезеді.

Көпжылдық жұмыс тәжірибемде мен мынадай қорытындыға келдім: сатып алушылардың көбі пәтерге жылжымайтын мүлік нысаны ретінде баға береді. Бірақ бірнеше жылдан кейін ол өз өмірінің бір бөлшегі болып кетеді. Сондықтан бүгінде тұрғын үй сатып алуға қатысты көптеген танымал кеңес маңызды болмай қалды.

Менің ойымша, жақсы пәтер бір мезгілде екі критерийге сай болуы керек: бүгінгі өмір сүру сапасын жақсарту және ертеңгі өтімділігін сақтау.

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Виталий Шалаев

жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы

Жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде дәл осы мәселе сирек айтылады.

№ 1 қателік. Пәтерді болашақта сату туралы ойланбау

Сатып алушылардың ең үлкен қателігі - тек сатып алуды ғана ойлау. Өмір біз ойлағаннан да тез өзгереді. Отбасы құрамы, жұмыс, табыс, өмір салты өзгереді. Бүгін мінсіз көрінген аудан 10 жылдан кейін қолайсыз болып қалуы мүмкін.

Сондықтан сатып алмас бұрын өзіңізге мынадай қарапайым сұрақ қойыңыз: егер 5-10 жылдан кейін маған бұл пәтерді сату керек болса, оны қаншалықты оңай өткізе аламын?

Тәжірибелі сатып алушы активті иеленуді ғана емес, одан шығу жолдарын да ойлайды.

№ 2 қателік. Пәтерді тек бағасына қарап таңдау

Адамдар жеңілдіктерді жақсы көреді. Бұл қалыпты жағдай. Бірақ нарықтағы ең көп таралған қателіктердің бірі - ең арзан пәтерді ең тиімдісі деп есептеу.

Іс жүзінде төмен баға көбіне нарық бірінші байқап қойған мәселелердің салдары болып шығады:

Локацияның нашарлығы. Көлік қолжетімділігінің төмендігі. Құрылыс сапасындағы ақаулар. Ұқсас ұсыныстардың тым көп болуы.

Жеңілдік нашар локацияның орнын толтыра алмайды және сапасыз нысанның кемшілігін ешқашан жаба алмайды.

№ 3 қателік. Жақсы пәтердің орнына әдемі пәтер сатып алу

Сатып алушылардың көбі жақсы пәтер дегеніміз - әдемі жөндеу, танымал құрылыс салушы және тиімді баға деп қателеседі. Бірақ бірнеше жылдан кейін мүлдем басқа нәрселер әлдеқайда маңызды болып шығады:

Жұмысқа дейінгі жол қанша уақытты алады. Балаларға мектепке бару ыңғайлы ма. Жақын маңда инфрақұрылым бар ма. Осы ауданда уақыт өткізу сізге ұнай ма. Айналаңызда қандай адамдар тұрады.

Пәтерді қайта жөндеуге болады, ал локацияны өзгерту мүмкін емес.

№ 4 қателік. Ауданның маңыздылығын тиісінше бағаламау

Кейінгі жылдары Алматы нарығы локацияның қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетті. Қаланың жоғарғы бөлігі, әл-Фарабиден жоғары аудандар, Таулы Гигант, "Восточка" және сапалы қалалық ортасы бар басқа да орындар өз позициясын нығайтты.

Менің ойымша, бүгінде кейбір танымал аудандардың бағасы тым қымбаттап кеткен. Мысалы, Бағанашыл мен Ремизовка. Бұл аудандар беделді саналса да, көлік қатынасы мен инфрақұрылымына қатысты әлі де мәселелер бар. Бұл пікірмен бәрі бірдей келіспеуі мүмкін. Бірақ нарықты ақырында ақша шешеді. Ал адамдар көбіне өмір сүруге қолайлы жерлерді таңдайды.

Егер ауданы мен сапасы бірдей екі пәтерді жақсы және нашар локациядан алсақ, олардың құнындағы айырмашылық 30 пайызға және одан да жоғары болуы мүмкін. Сондықтан мен локацияны өтімділіктің басты факторы деп санаймын.

Орташа пәтерді жақсы пәтерге айналдыруға болады. Ал нашар локацияны түзету мүмкін емес.

№ 5 қателік. Белгілі құрылыс салушы сапалы нысанға кепілдік береді деп есептеу

Мен тек танымал құрылыс салушы салғаны үшін ешқашан пәтер сатып алмас едім. Мықты бренд - мықты жобаның кепілі емес. Әрбір нысанды бөлек қарастыру керек:

Құрылыс сапасы. Үйді басқару қызметі. Көршілер. Инфрақұрылым. Локация.

Түптеп келгенде, нарық компанияның атауын емес, нақты бір үйдегі өмір сүру ыңғайлылығын бағалайды.

№ 6 қателік. Пәтерді тек қазіргі қажеттілік үшін сатып алу

Көптеген адам пәтерді бүгінгі өмір сүру салтына қарай таңдайды. Бірақ жылжымайтын мүлік бір жылға ғана сатып алынбайды. Сондықтан бес немесе он жылдан кейін өміріңіз қандай болатынын түсіну маңызды:

Отбасыңыз ұлғая ма? Жеке жұмыс кабинеті қажет бола ма? Балалар қайда оқиды? Өмір сүру салтыңыз қалай өзгереді?

Көбінесе мәселе адамның нашар пәтер сатып алғанынан емес, оның болашақ туралы мүлдем ойланбағанынан туындайды.

Егер қаржылық мүмкіндік болса, бірнеше жылдан кейін қайтадан іздеу, жөндеу және көшу кезеңдерінен өткенше, алаңы мен функционалы жағынан сәл кеңірек пәтер алған тиімдірек.

Пәтер сатып алғанда, адамдар көбіне бүгінгі мәселелерін шешеді. Жылжымайтын мүлік саласындағы дұрыс шешімдер ертеңгі күннің қажеттіліктерін өтеуі тиіс.

№ 7 қателік. Пәтерге айналасындағы ортадан тыс қарау

Шын мәнінде, адамдар пәтер сатып алмайды. Олар алдағы жылдардағы өз өмірінің сценарийін сатып алады:

Жолға қанша уақыт кететінін. Балалардың қайда оқитынын. Кешкісін жаяу қайда шығуға болатынын. Спортпен қайда шұғылданатынын. Көршілердің кім болатынын. Отбасының айналасы қандай болатынын.

Тұрғын үй сатып алғанда, адам қабырғаны емес, ортаны сатып алады.

№ 8 қателік. Саудаласқанда соңына дейін жеңіп шығуға тырысу

Бұл қателік жылжымайтын мүліктің барлық сегментінде - шағын пәтерлерден бастап қымбат нысандарға дейін кездеседі. Алайда премиум сегментте мен мұны өте жиі байқаймын.

Осыдан бірнеше жыл бұрын маған беделді тұрғын үй кешендерінің бірінен бірнеше ай бойы пәтер іздеген сатып алушы келді. Сәйкес келетін нұсқа табылғанда, бағаны тағы 2 миллион теңгеге түсіргісі келгендіктен мәміле бұзылды. Пәтердің құны 180 миллион теңге шамасында болғанын ескерсек, бұл сома аса маңызды емес еді. Бірақ иесі бас тартты. Бірнеше айдан кейін нарықта мұндай ұсыныс мүлдем болған жоқ.

Кейінгі жылдары мен көрген ең үлкен қателіктердің бірі: сатып алушы қаланың ең үздік тұрғын үй кешендерінің біріндегі бірегей пәтерді нарықтық бағадан төмен бағаға сатып алуға тырысты. Ол сатушы бағаны түсіреді деп сенімді болды. Бірақ түсірмеді. Пәтер басқа сатып алушыға "кетіп қалды". Нарықта мұндай ұқсас нысан содан бері пайда болған жоқ.

Саудаласу керек. Бірақ нысанның құндылығын түсіну одан да маңызды. 

№ 9 қателік. Өзінің өмірлік сценарийін түсінбеу

Кішкентай балалары бар отбасыға бір пәтер керек. Жасөспірімдері бар отбасыға - басқасы. Баласыз ерлі-зайыптыға - үшіншісі. Инвесторға - төртіншісі. Әмбебап пәтерлер болмайды.

Сатып алмас бұрын мына сұраққа шынайы жауап беру керек: мен бұл мүлікті кім үшін және қанша уақытқа сатып алып жатырмын? Көбінесе бұл сұрақтың дұрыс жауабы кез келген саудаласудан гөрі көбірек ақша үнемдейді.

№ 10 қателік. Баспана мен активті шатастыру

Көптеген адам өмір сүруге арналған пәтердің инвестицияға қатысы жоқ деп есептейді. Мен бұнымен келіспеймін. Иә, өмір сүру үшін пәтер сатып алу - бұл таза инвестициялық шешім емес. Бірақ инвестициялық құрамдас бөлікті де мүлдем елеусіз қалдыруға болмайды.

Жақсы пәтер өмір сүру сапасын жақсарта отырып, өтімділігін сақтауы тиіс. Егер осы факторлардың бірі болмаса, бірнеше жылдан кейін иесінің өкініп қалуы әбден мүмкін.

Бүгінде Алматыдағы жақсы нысанды үш-төрт айда сатып алушы табылуы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір пәтерлер нарықта жылдап сатылмай тұрады. Көбінесе себеп нарықта емес. Себеп - пәтердің өзінде, оның орналасқан жерінде немесе иесінің тым жоғары үміт артуында.

Қорытынды орнына

Егер маған 50, 100 немесе 300 миллион теңгеге пәтер сатып алатын адамға бір ғана кеңес беру керек болса, ол былай болар еді:

"Алдымен бес немесе он жылдан кейін қандай өмір сүргіңіз келетінін және бұл мүлікті кім үшін сатып алатыныңызды түсініп алыңыз. Содан кейін ғана пәтер таңдаңыз. Өйткені бірнеше жыл өткен соң, адамдар сатып алу бағасына емес, көбіне қате таңдау жасағандарына өкініп жатады".

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Автор туралы: Виталий Шалаев - премиум санаттағы жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы. Бұл салада 20 жылдан аса тәжірибесі бар. Сатып алушылардың психологиясын, инвестициялық циклдерді және Алматының urban-luxury ортасының трансформациясын зерттейді. Кәсіби қызметінде тек нысандарды сатуға ғана емес, сонымен қатар нарық сараптамасына, жобаларды стратегиялық позициялауға және қалалық ортадағы ұзақ мерзімді өзгерістерді түсінуге баса назар аударады.

Аударған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Пәтерлер сатылмай жатыр ма? Тұрғын үй нарығы қалай өзгеріп жатыр?

Жаңа үйдің қабырғасы сөгілсе, құрылыс салушы нені жөндеуге міндетті?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

пәтер Қазақстан Сауда кеңес

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 10:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see121

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see121

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see117

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see114

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see110

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see107

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see107

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see106

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see104

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары