Павлодар облысында полиция бөліміне жеткізілген 37 жастағы ер адам көз жұмды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Павлодар облысының Екібастұз қаласында полиция бөліміне жеткізілген 37 жастағы ер адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға 11 тамызда Солнечный кентінің тұрғынына қатысты болған. Полицияға аулада мас күйдегі ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзып, алдын ала мәлімет бойынша, әйелді күш қолданатынын айтып қорқытқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Павлодар облысының полиция департаменті оның бұған дейін сотталғанын және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Ер адам полиция бөліміндегі арнайы бөлмеге орналастырылған. Біраз уақыттан кейін ол сол жерден ес-түссіз күйде табылған. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ер адам қайтыс болды.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, ер адам бөлімге жеткізілгеннен шамамен жарты сағат өткен соң кезекші оның анасына хабарласып, полиция бөліміне келуін сұраған. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде ес-түссіз жатқан ер адамның видеосы тарады.
Полиция оқиғаға қатысты бейнебақылау камераларындағы жазбалардың тәркіленгенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:55
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Тамыз 2026 14:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















