Петропавлда 100 ағаш егілді
24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 ағаш егілді. Экологиялық шараға ардагерлер, банк қызметкерлері, кәсіпкерлер мен жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.
Саябақ аумағын көгалдандырып, бір бұрышын жас көшеттермен көмкерді. «Болашақта бұл жер жанға жайлы саялы орын болады», - дейді ұйымдастырушылар. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында орман қорын ұлғайтудың кешенді жоспары қабылданған. Соған сәйкес биыл өңірде 24 млн түп қайың мен қарағай егілді.
Тимур Звереченко, университет доценті:
- Жас көшеттерді қар жауып, жер қатқанша егіп тастау керек. Себебі талдар дәл осы кезеңде тез жерсініп кетеді. Оның үстіне саябақ сулы жер. Ертең бұл ағаштар өсіп, қоршаған ортаға сән беріп тұрады.


