Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Премьер Абай облысында индустриялық және әлеуметтік жобалардың орындалу барысын тексерді

Премьер Абай облысында индустриялық және әлеуметтік жобалардың орындалу барысын тексерді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сонымен қатар, Семей қаласындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары мен тігін өндірісі нысанын және Оқушылар сарайын аралап көрді.

Премьер-министр «Агролидер KAZ» ЖШС аумағында бұршақ және майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытының жұмысымен танысып, дайын өнімді сертификаттау зертханасын, өндірістік цехтар мен технологиялық желілерді қарап шықты. Кәсіпорынның қуаты жылына 72 мың тонна шикізатты құрайды, дайын өнім шығару көлемі тәулігіне 160 тоннаға жетеді.

Фото: ҚР Үкіметі

«Агролидер KAZ» ЖШС-нің бас директоры Николай Ушаковтың мәліметінше, зауытты жарақтандыру кезінде Түркия мен Италияның заманауи технологиялық шешімдері қолданылған. Бұл өнімді қайта өңдеу мен буып-түюдің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп отыр. Қазір кәсіпорында өнімнің 10-нан астам түрі өндіріледі. Өнім ішкі нарыққа жеткізіліп, сондай-ақ Еуропа, Азия және Латын Америкасы елдеріне экспортталады. Компания фермерлік шаруашылықтармен сұранысқа ие дақылдардың егіс алқаптарын кеңейту бағытында жұмыс жүргізуде. Жобаға 4,1 млрд теңге инвестиция тартылып, 50 жұмыс орны ашылған.

Фото: ҚР Үкіметі

Премьер-министр зауыттың іске қосылуы агроөнеркәсіп кешеніндегі қосылған құны жоғары өнім үлесін арттыру жөніндегі Президент қойған міндеттерге толық сәйкес келетінін атап өтті.

— Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту, шикізатты сақтау және өңдеу қуаттарын ұлғайту, сондай-ақ сыртқы нарықтарға өткізуге қолдау көрсету қажеттілігін әрдайым атап өтіп отырады. АӨК өнімдерінің қайта өңделген үлесін 70%-ға дейін арттыру — біздің алдымызда тұрған басып міндеттердің бірі. «Агролидер» кәсіпорны — Абай облысы үшін агроөнеркәсіп кешені саласындағы стратегиялық жоба. Кәсіпорын өңірлік деңгейде аталған тапсырмалардың жүзеге асырылып жатқанын айқын көрсетеді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: ҚР Үкіметі

Премьер-министр сондай-ақ «Qazaq-Astyq Group» ЖШС-ның толық циклді май экстракциялау зауытында болды. Зауыт рафинадталмаған күнбағыс майын, ұн, шрот, фосфатиді бар концентрат және күнбағыс дәнінің түйіршіктелген қабығын шығарады. Кәсіпорын жылына 300 мың тонна шикізатты қайта өңдеуге жететін жобалық қуатына шықты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 112 мың тонна рафинатталмаған май, 96,6 мың тонна шрот, 11,3 мың тонна түйіршік қабық және 622 тонна фосфатиді бар концентрат өндірілді. Экспорт көлемі 112,7 мың тонна май және 88,9 мың тонна шротты құрады. Кәсіпорында 414 адам жұмыс істейді. Қазір жобаның екінші кезеңі, яғни, қуаттылығы тәулігіне 200 тонна күнбағыс майын рафинаттап, бөліп құюға жететін өндіріс орынының құрылысы жүруде. Оны пайдалануға беру 2026 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған, 111 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Фото: ҚР Үкіметі

«Техноавиа-Қазақстан» ЖШС-ның «Тігін фабрикасы» филиалында Премьер-министр өндірістік ғимаратты аралап, шығарылатын өнімдермен танысты. Кәсіпорын жылына 170 мың өнім шығарады, жабдықтар мен желілер 100% жұмыс көлемімен қамтылған. Филиал директоры Айнұр Ахметова биыл наурыз айында кәсіпорын қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілгенін хабарлады.

Фото: ҚР Үкіметі

Егер бұрын барлық өнім тек экспортқа жіберіліп келген болса, енді зауыт Қазақстанның ұлттық компаниялары үшін де корпоративтік киім шығаруды жоспарлап отыр. «Техноавиа-Қазақстан» ЖШС бас директоры Жанат Әміренов келесі бір жаңа жоба — аяқ киім фабрикасы туралы баяндаған кезінде негізгі міндет — импортты алмастыру екенін жеткізді.

Фото: ҚР Үкіметі

Қазіргі уақытта кәсіпорында 152 адам жұмыс істейді. Жаңа жоба аясында тағы 200 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Кешенді іске қосу биылға жоспарланған.

Фото: ҚР Үкіметі

Сапар барысында әлеуметтік инфрақұрылымға да ерекше назар аударылды. Премьер-министр Семейдегі құрылысы аяқталған Оқушылар сарайының дайындығын тексерді. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, оның ішінде қайтарылған активтер жинақталатын Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен салынды. Сарайда ғылыми-техникалық, шығармашылық және спорттық бағыттар бойынша қосымша білім алуға жағдай жасалған.

Фото: ҚР Үкіметі

Олжас Бектенов робототехника және бағдарламалау кабинеттерін, сенсорлық кабинетті, бассейн, жекпе-жек, авиамодельдеу залдарын аралап көрді. Сарайдың жалпы ауданы 9,8 мың шаршы метрді құрайды, қызметі ауысымына 500 орынға немесе күніне 2 мыңға дейін келушіге арналған. Балаларды қабылдау жазғы демалыс кезеңінде басталады деп жоспарланған.

Фото: ҚР Үкіметі

Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов нысан іске қосылғанда қаланың сол жағалауында тұратын балалардың қосымша білім алуға қолжетімділігі едәуір кеңейетінін атап өтті. Мұнда білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасауға айрықша көңіл бөлінеді.

Фото: ҚР Үкіметі

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов басталған жобалардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайтуды, жаңа жұмыс орындарын құруды және өткізу нарықтарын одан әрі кеңейтуді тапсырды.

Бұдан бұрын Бектенов Абай облысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізгенін жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 16:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see134

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see133

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see132

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see131

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see125

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see125

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see122

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see118

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see117

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see116

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see116

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see115

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see111

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see109

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары