Президент Теміртаудағы оң өзгерістерді атап өтті
Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Президент Qarmet АҚ басшылығымен әңгімелесу барысында металлургтер қаласындағы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызын атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Шын мәнінде, Теміртау үшін трамвай – заманаларды байланыстыратын дәнекер іспеттес. Тұрғындардың трамвай қатынасын қалпына келтіру туралы талабын орындағаныңыз дұрыс болыпты. Комбинатқа алғаш келгеніңізде Теміртау қаласын абаттандырумен міндетті түрде айналысу қажет деп айтқан едім. Өйткені қала күтім көрмей, тозып кетті. Әлі де атқарылатын жұмыс көп, дегенмен бастамасы жақсы. Теміртау тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз етілді. Байқауымша, халықтың көңіл күйі көтеріңкі. Өйткені адамдар айналадағы оң өзгерістерді байқап, алғыстарын білдіруде. Еңбек ұжымының да көңіл күйі айтарлықтай жақсарғаны байқалады. Ең бастысы, жағымды үдеріс бар. Біз комбинатты міндетті түрде прогресс пен табыстың символына айналдырамыз, тіпті оны өркендетеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Президент референдумға жастардың белсенді қатысқанын атап өтті
17 Наурыз 2026 14:30
Президент Ресей Қазақстан Өзбекстан газ жобасының маңызын атап өтті
15 Қараша 2025 15:30
Елорданың түйткілдерінің оң шешілуіне ықпал еткен басылымдар мерейтойын атап өтті
23 Қазан 2025 09:21
Президент Таза Қазақстанның түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті
10 Сәуір 2026 13:42
15 жылдық мерейтойын атап өтті
29 Қараша 2025 12:44
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 14:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















