Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

15 жылдық мерейтойын атап өтті

15 жылдық мерейтойын атап өтті

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақ тілді журналистика кеңістігінде өз орнын айқындап, оқырманын қалыптастырып үлгерген BAQ.KZ ақпарат агенттігі 15 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде портал оқырман үшін сенімді дереккөзге айналды. Жедел жаңалықтар, сараптамалық мақалалар, ресми хабарламалар, авторлық контент жасау – бәрі осы платформаның күнделікті жұмысы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мерекелік жиынға портал ашылған күннен бастап еңбек етіп, оның негізін қалаған қызметкерлер арнайы шақырылды. Олар 15 жылдық тарихтың ең қызық әрі күрделі сәттерін еске алып, ізгі тілектерін жеткізді. BAQ.kz порталының алғашқы бас редакторы Қамбар Ахметов ақпараттық сайттың дамуына үлес қосқан әріптестеріне алғыс білдіре отырып, ұжымды құттықтады. 

– Алғаш құрылған кезеңдер есімізде. Біз мұнда қызмет ете бастаған кезде, 2000 жылдардың басындағы мәліметтерді жиі қарап отыратынбыз. Кеше ғана сол деректерге қайта көз жүгіртсек, ол уақытта елімізде шамамен 2 700-ге жуық бұқаралық ақпарат құралы болған екен. Соның бар болғаны 19 пайызы қазақ тілінде жұмыс істепті. Ал 2011 жылы елімізде 6 800-ге жуық сайт тіркелген болса, оның ішінде 617-сі ғана қазақ тіліндегі ресурс болған. Бұл – қазақ интернетінің ең күрделі кезеңдерінің бірі еді. Осындай жағдайда мемлекеттің маңызды қадамының бірі – BAQ.KZ ақпараттық порталын ашу болды.

Алғашқы жылдары облыстық және аудандық газет-журналдарға арнап интернет парақшаларын құру ісін қолға алды. 2015 жылға дейін аймақтық басылымдардың 270-тен астам онлайн нұсқасы осы бастама аясында іске қосылды. Порталдың идеясы мен тұжырымдамасын дайындауға сол кездегі әріптестеріміз үлкен еңбек сіңірді. Мен редактор болып келген кезде бөлмеде бір қызметкер мен бір компьютер ғана болатын. Кейін біртіндеп команда қалыптасып, техника да түгелденді, – деді ол.

Сондай-ақ Қамбар Ахметов ұжымға «Қазақ газеттері» ЖШС төрағасы Дихан Қамзабекұлының арнайы құттықтауын жеткізді. Түрлі министрліктердің өкілдері де BAQ.KZ ұжымына елеулі еңбегі үшін министрлерінің арнайы құттықтауын жеткізді. Олар порталдың қазақ тіліндегі ақпараттық кеңістікті дамытудағы рөлін атап өтіп, ұжымға алдағы жұмыста да табыс тіледі.

Порталдың алғашқы үйлестіруші маманы – Жазира Маратқызы. Ол сайттың ең алғашқы құрылымын реттеп, аймақтармен байланыс орнатқан негізгі маман болған. Жазира Маратқызы сол кезеңде қазақ тіліндегі контентті жүйелеу, редакция жұмысын жолға қою және порталдың күнделікті жұмысын бақылау сынды жауапты міндеттердің басы-қасында жүрген. Шағын командамен басталған жұмысқа жанын салып, агенттіктің қалыптасуына үлкен үлес қосқан. 

– Алғашқы жылдары біз агрегатор рөлін атқардық: қазақ тілінде шыққан барлық жаңалықты, мақаланы, ақпаратты бір жерге жинап, оқырманға ұсынуға тырыстық. Ол үшін аймақтық газет-журналдарға көмек көрсетіп, оларды интернетке шығару ісін қолға алдық. Ең басында сайтқа күн сайын шамамен мың адам кіретін. Бұл біз үшін үлкен көрсеткіш еді. Таңертең жұмысқа келгенде ең бірінші рейтингті қарап, қанша адам сайтқа кіргенін тексеретінбіз. Жарты жыл өтпей, бұл көрсеткіш  10  мыңға жуық болды. Қазақша контентке деген сұраныстың бар екенін сол кезде анық сезіндік, – деді ол.

BAQ.KZ порталын қалыптастырудың алғашқы техникалық кезеңі де оңай болмаған. Қазақ интернеті енді ғана аяқтанып келе жатқан уақытта, порталдың жұмысын жолға қою үшін кәсіби IT мамандардың табанды еңбегі қажет болды. Сол жауапкершілікті мойнына алған маман – Аршат Ораз. Ол BAQ.KZ-дің техникалық құрылымын жасап, порталдың тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне негіз қалаған.

– Сол кездегі Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев болатын. Ол маған арнайы хабарласып, қазақша ақпараттық платформа жасау керектігін айтты. Портал 2010 жылы құрылған кезде қазақ тілінде ақпарат тарататын сайттар өте аз болды. BAQ.KZ сол уақыттан бастап интернет журналистикасының жетекші күшіне айналды деуге болады. Қазақша жаңалық жазатын басқа сайттар болғанымен, көпшілігі үлгі ретінде BAQ.KZ-ды қарап, тақырып қою стилін, сурет орналастыру тәсілін, контентті беру форматын үйренетін еді, – деді ол.

«Baq.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы Мөлдір Бақбергенова қазір жаңа форматтарға бейімделіп, көптілді контентті дамыту, жасанды интеллект технологияларын енгізу, жеделдік пен сапаны қатар ұстау бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті.

– 15 жылдыққа жаңа жобалармен қадам бастық. Ең үлкен жаңалықтың бірі – 2025 жылдың мамырында орыс тілді жаңалықтар лентасының қосылуы. Бұған дейін агенттік тек қазақ тілінде ақпарат таратып келген болатын. Қазіргі технологиялық кезеңде BAQ.KZ жасанды интеллектіні алғаш игерген медиа ресурстардың қатарында. Қазақ және орыс редакцияларының тілшілері әріптестеріне медиа-тренингтер өткізіп, тәжірибесін бөлісіп жүр,– деді агенттік басшысы.

Сонымен қатар «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы Серғали Абайұлы ақпарат агенттігінің алдағы уақытта ағылшын тілінде де ақпарат тарату жоспары бар екенін атап өтті.

Іс-шара соңында BAQ.KZ ақпарат агенттігі қалыптасу кезеңдері туралы арнайы деректі фильм көрсетілді. Онда алғашқы жылдары атқарылған жұмыс, техникалық және шығармашылық қиындықтар, порталдың бүгінгі деңгейге дейінгі өсу жолы, қазіргі жұмысы көрініс тапты. Сондай-ақ агенттіктің дамуына үлес қосқан мамандарға арнайы марапат табысталды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары