Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Президент Ресей Қазақстан Өзбекстан газ жобасының маңызын атап өтті

Президент Ресей Қазақстан Өзбекстан газ жобасының маңызын атап өтті

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевке және барша өзбек ағайынға қазақ делегациясына қонақжайлық көрсетіп, ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда.

© Photo : АкордаПрезиденты Казахстана и Узбекистана провели совместный брифинг для представителей СМИ

Президенты Казахстана и Узбекистана провели совместный брифинг для представителей СМИ

© Photo : Акорда

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі уағдаластықтар екі елдің ұлттық мүдделеріне сай келеді әрі халықтарымыз арасындағы мызғымас достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты көрсетеді.

"Қазақстан президенті ретінде Өзбекстанмен көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға басымдық беру міндетім деп санаймын. Кейбір сарапшысымақтар айтып жүргендей, Қазақстан мен Өзбекстан – бақталас та, бәсекелес те емес, керісінше, өркендеу жолында тізе қосып, қатар келе жатқан стратегиялық серіктес, сенімді одақтас. Халықтарымыз бір-бірін шынайы құрмет тұтатын жақын бауырлар, достар", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің екіжақты қарым-қатынасты жаңа сапалы деңгейге көтеруге және әлемнің Орталық Азияны достық пен бірліктің аймағы ретінде тануына үлкен үлес қосқанын атап өтті.

"Президент Мирзиёевтің қуатты басшылығымен Өзбекстан көптеген салада тамаша жетістіктерге жетті, дүние жүзіне табысты дамып келе жатқан ел ретінде танылды. Ауқымды реформалардың нәтижесі орнықты экономикалық өсімнен, халықтың әл-ауқатының артуынан, қалалардағы қарқынды өзгерістерден және қоғамның барлық бағытындағы сапалы дамудан көрінеді. Өзбекстан әлемдік аренадағы өзінің орнын нығайтып, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосты", – деді Мемлекет басшысы.

© Photo : АкордаКазахстан и Узбекистан подписали ряд документов

Казахстан и Узбекистан подписали ряд документов

© Photo : Акорда

Президент Қазақстан мен Өзбекстан тұтас аймақтың дамуын көздейтін өңірлік берік стратегиялық альянс қалыптастырғанын айтты. Сондай-ақ келіссөздер барысында екіжақты күн тәртібінің кең көлемді мәселелері талқыланып, елдеріміздің сан қырлы ықпалдастығын одан әрі дамытудың басымдықтары белгіленгеніне тоқталды.

"Негізгі қорытынды – өзара уағдаластықтар және стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту мен тереңдетуге күш салу. Ортақ мақсатқа қол жеткізуде екіжақты сауданың орны ерекше. Кейінгі кезеңде екі ел арасындағы тауар айналымының жыл сайынғы көлемі тұрақты түрде 4 миллиард доллардан аса қаржыны құрайды. Бұл – үкіметтеріміздің дәйекті жұмысы мен бизнестің тікелей диалогының нәтижесі. Дегенмен сауда-саттықты арттыруға әлі де айтарлықтай әлеует бар", – деді ол.

Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 6 мыңнан аса кәсіпорын табысты жұмыс істейді

Мемлекет басшысы өнеркәсіп, автокөлік шығару, құрылыс секторы, энергетика салаларында соңғы жылдары айтарлықтай табысқа қол жеткенін атап өтіп, тараптар бұл бағыттағы ынтымақтастықты кезең-кезеңімен кеңейту жұмыстарын жалғастыруға келіскеніне тоқталды.

© Photo : АкордаКазахстан и Узбекистан подписали ряд документов

Казахстан и Узбекистан подписали ряд документов

© Photo : Акорда

"Ауыл шаруашылығы саласындағы байланыстарды нығайту басым міндет ретінде белгіленді. Аталған бағытты өрістетуге Қазақстан мен Өзбекстанның жеткілікті ресурстары бар, өнеркәсіп және кадр әлеуеті де жоғары. Елдеріміз өз мүмкіндіктерін біріктіру арқылы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтағы орнын күшейте алады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі бірқатар жоба, соның ішінде бидай мен ет-сүт өнімдерін өңдеу мәселелері пысықталуда. Агросектордағы бірлескен жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге келістік", – деді президент.

Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.

"Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 6 мыңнан аса кәсіпорын табысты жұмыс істейді. Біз осы бағыттағы ынтымақтастықты арттыруға, өзбек бизнесінің өркен жаюына қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Өңірлер арасындағы ықпалдастықтың күшеюі – оң үрдіс. Бұрынғы Өңіраралық форум Өңір басшыларының кеңесі ретінде қайта құрылып, ұдайы қызмет атқарады. Бұл шешім біздің ниетіміз бен осы құрылымға артқан үмітіміздің қаншалықты салмақты екенін байқатады", – деді мемлекет басшысы.

Президент қазақ-өзбек шекарасында ашылатын Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы өзара сауданы дамытуға соны серпін беретініне тоқталды.

Тағы бір перспективті бағыт – құрылыс саласы. Қазақстандық компаниялар "Жаңа Ташкент" қала құрылысы жобаларына, сондай-ақ тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар салуға белсенді түрде атсалысып жатыр. Бұған дейінгі келісімдерге сәйкес Ташкентте "Astana", Астанада "Tashkent" қонақ үйлері бой көтереді.

Келіссөздердің бір парасы көлік-транзит саласын дамытуға арналған. Қазақстан мен Өзбекстан аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының көлемі артқан.

"Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша елдеріміз арасында теміржолмен тасымалдау көлемі 15 пайыздан аса өсіп, 22 миллион тоннадан асты. Алдағы уақытта да бірлесе отырып, тариф саясатын жетілдіруге, жүк тасымалы шарттарын жеңілдетуге, шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғыртуға және кеден жүйесін цифрландыруға келістік. Бұл қадамдар елдеріміздің көлік байланысын нығайтатынына сенімдімін", – деді президент.

"Ресей – Қазақстан – Өзбекстан" газ жобасы

Энергетика саласында маңызды жобаларды бірлесіп жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда.

"Ресей – Қазақстан – Өзбекстан" газ жобасы табысты нәтиже көрсетті. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы көгілдір отынды тасымалдау көлемін арттыруға ниеттіміз. Бұдан бөлек, мұнай мен атом өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы зор. Тату көршілік, өзара құрмет рухында және бір-біріміздің мүдделерімізді ескере отырып, су энергетикасы саласындағы әлеуетімізді үйлестіру қажет екенін атап өттік. Бұл бағытта сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға бейілміз. Су саласына цифрлық шешімдерді енгізуге, су ресурстарын есепке алу мен мониторингтеу жүйесін бірлесе дамытуға басымдық береміз. Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект бағытындағы ықпалдастықты күшейтудің келешегі мол. Бұл ретте елдеріміздің дербес жобалары бар. Оларды бірлесіп дамыту бүкіл Орталық Азияға мультипликативті әсер берер еді, – деді Тоқаев.

© Photo : АкордаКазахстан и Узбекистан подписали ряд документов

Казахстан и Узбекистан подписали ряд документов

© Photo : Акорда

Сондай-ақ мемлекеттер арасындағы орнықты және ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатудың кепілі ретінде мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән берілді.

"Мәдениет күндерін алма-кезек өткізу, шығармашылық өкілдерінің байланысын жолға қою, көрнекті тұлғаларға ескерткіштер ашу – мұның барлығы бауырлас халықтар үшін өте қажет дүниелер. Білім мен ғылым саласындағы бірлескен жұмыс перспективасы, жастар арасында қарым-қатынас орнату мәселелері де талқыланды. Күні кеше Қазақстан мен Өзбекстан жастарының кезекті конгресі өтті. Бұл бағыттағы айтарлықтай ілгерілеудің жарқын үлгісі ретінде былтыр екі елдің жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды. Біз университеттер арасындағы ықпалдастықты нығайтуды, академиялық алмасу бағдарламаларын көбейтуді, бірлескен ғылыми форумдар мен тағылымдама өткізуді көздейміз. Қазіргі уақытта Өзбекстанның бай мәдени-тарихи мұраларына қазақ туристерінің зор қызығушылығы байқалады. Былтыр олардың саны үш миллионға жетті. Бұл саланың әлеуетін аша түсу үшін үкіметтерімізге бірлескен туристік жобаларды дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырдық", – деді Мемлекет басшысы.

Келіссөздер барысында президенттер өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұстанымдары ортақ екенін тағы да растаған.

© Photo : АкордаПрезиденты Казахстана и Узбекистана провели совместный брифинг для представителей СМИ

Президенты Казахстана и Узбекистана провели совместный брифинг для представителей СМИ

© Photo : Акорда

"Орталық Азияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән бердік. Өңірдің орнықты дамуы – барлық бауырлас халықтардың түпкі мүдделеріне сай келетін ортақ мақсатымыз. Ертең біз Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 7-ші консультативтік кездесуіне қатысамыз. Қазақстан барлық деңгейде тығыз байланыс орнатып, ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін енгізген өзбек тарапының төрағалығын жоғары бағалайды. Консультативтік кездесулер форматының нормативтік-құқықтық және институционалдық негізін нығайтуға бағытталған маңызды құжаттар қабылданды. Ертеңгі Саммит біздің сан қырлы ықпалдастығымызды дамытуда тағы бір маңызды кезең болатынына сенімдімін", – деді Тоқаев.

Сөз соңында мемлекет басшысы келіссөздер қорытындысына көңілі толатынын жеткізіп, Мирзиёевке айрықша қонақжай көңілі үшін ризашылығын білдірді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 15:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары