Президент: Жастарымыз жасанды интеллектіні еркін меңгерген, білімді тұлға болып қалыптасқаны маңызды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Президент AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында жасанды интеллект жастарға сапалы білім алып, жан-жақты даму үшін мол мүмкіндік беріп отырғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Жастарымыз осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жасанды интеллектіні еркін меңгерген, әр нәрсеге сын көзбен қарайтын білімді тұлға болып қалыптасқаны маңызды, – деді Президент.
Мемлекет басшысы сөз соңында Қазақстан жаңа технологиялық экономиканың берік негізін қалағанын айтты.
– Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты мақсаты – қол жеткізілген табыстарды әр азаматтың игілігіне айналдыру. Жаңа технологиялық дәуірде еліміздің лайықты орын алуына қажетті алғышарттар бар. Табысымыз терең білімге, батыл шешімдерге, прагматикалық тәсілдер мен жауапты іс-әрекетке байланысты болмақ. AI & Digital Bridge таланттар мен идеяларды біріктіріп, халықаралық ынтымақтастықты тереңдете түсетініне, өршіл жобаларды қолға алуға ықпал ететініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Технологиялық форумның пленарлық отырысында General Atlantic төрағасы және бас директоры Уильям Форд, NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредян, Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасан, OneWeb, E-Space негізін қалаушы Грег Уайлер сөз сөйледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:83
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 22:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















