Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстанда дәрігер-интерн мәртебесі заң жүзінде бекітіліп жатыр, олар ірі клиникаларда тәлімгерлердің жетекшілігімен практикалық дайындықтан өтеді. Біздің тұрақты авторымыз, хирург және денсаулық сақтау менеджері Эрик Байжүнісов 1987 жылы интерн болған. Ол ауруханадағы алғашқы жылын еске алып, Tengri Health авторлық бағанында бүгінде дәрігердің практикалық дайындығы қандай болуы керек екені туралы ой толғады.

"Үйренгеніңнің бәрін ұмыт": дәрігер-интерннің алғашқы күні

Сол баяғы 1987 жылы, сол кездегі Алматы облысының Қапшағай қалалық ауруханасындағы алғашқы күнім әлі есімде.

Кадр бөліміндегі бюрократиялық процедуралардан өткен соң, мені хирургия бөлімінің меңгерушісіне алып келді. Кабинетте шашы ағарған қария бір кәріс адаммен сөйлесіп отыр екен (іштей оларды осылай атап алдым).

Екі ер адам мені бастан-аяқ мұқият қарап шықты.

- Мұртыңды ал! - деді кәріс адам жуан дауыспен.

"Санитарлық нормаларға байланысты шығар", - деп ойладым мен.

- Неге? - деп сұрадым бәрібір.

- Өйткені түсіп қалады, - деді кәріс кейіп.

Шашы ағарған орыс қария менің құжаттарымды оқып отырып, тек мырс етті.

- Жақсы оқыдың ба? - деп кәріс адам қояр емес.

- Жаман емес сияқты, хирургиядан бестік болды, - дедім мақтанышпен.

- Үйренгеніңнің бәрін ұмыт - керек болмайды, - деді ол жымиып, мені келеке еткендей.

Мен үндемедім.

Сол кезде қазақ дәрігер кіріп келді де, диванға отыра кетіп, таңырқай сұрады:

- Сен кімсің?

- Хирургпін, - деп ақырын жауап бердім.

- Қайдағы хирург? Сен әзірге х*рургсің! - деді ол қабағының астынан қарап, темекісін тұтатып жатып.

Ол бұл сөзде бір ғана дауысты дыбысты өзгертті, бірақ мені алда не күтіп тұрғанын түсіндім.

"Мынау не қылған аурухана!? Қайда тап болдым!?" - деген ойлар сорлы басымда шыр көбелек айналды.

Мен бәрін күткен едім, бірақ бұлай болар деп ойламадым. Тіпті тұрып кетіп қалғым да келді.

- Жарайды, жігітті неге сонша қорыттыңдар? - деп араласты қария, оның дауысынан көптен күткен жылылық естілді. - Бұл - Виктор Михайлович Ким, ал мынау - Нұрлан Өмірзақұлы Балмұхамедов, травматолог, ал менің атым Алексей Макарович Измайлов, бөлім меңгерушісімін, қош келдіңіз, Эрик Әбенұлы!

Меңгеруші отырғандарды таныстырып, менімен амандасты.

Осылайша үлкен хирургиядағы алғашқы күнім басталды - көп ұзамай бұл адамдар менің әріптесім ғана емес, отбасымдай болып кетті.

"Жартылай құл, жартылай дәрігер": интерн деген кім?

Дәрігер-интерн - медициналық жоғары оқу орнының түлегі, ол тәлімгерлердің жіті әрі тұрақты бақылауымен практикалық қызметке рұқсат алады. Яғни, сен енді студент емессің, бірақ әлі толыққанды дәрігер де емессің - жартылай дәрігерсің. Ал нағыз маман боласың ба, жоқ па, ол көбіне өзіңнің ынтаңа байланысты.

Мен айына сегіз, кейде он кезекшілік алатынмын. Іс жүзінде ауруханада тұрдым десе де болады. Тегін жұмыс істегенімді ерекше атап өткім келеді. Интерн - бұл дерлік құл (кем дегенде, бұрын солай болатын). Сен үлкен әріптестеріңнің барлық тапсырмасын сөзсіз орындайсың және барлық лас жұмысты істейсің.

Шынында да, Виктор Михайлович айтқандай болды: бәрін басынан үйренуге тура келді. Кафедра қабырғасындағы теория мен алдыңғы шептегі практика мүлдем бөлек дүниелер екен.

Енді сен осындасың, ауруханадасың, жеке өміріңе құқығың жоқтай таңнан кешке дейін қара терге түсіп еңбек етуге және әлемдегі ең тамаша осы мамандықтың жаңа қырларын күн сайын ашуға міндеттісің.

Сонымен қатар, сен үнемі оқуың керек - жалқаулыққа немесе демалуға уақыт жоқ. Сені 100 пайызға пайдаланады. Барлық дерлік операцияларға ассистент боласың. Содан кейін алғашқы, екінші өз бетіңше жасаған операцияң басталады - содан соң бәрі өз арнасымен кете береді!

- Мен жасасам бола ма? - бұл менің тұрақты сұрағым еді.

Алексей Макарович бұған өте сақтықпен қарайтын:

- Әлі ерте, пісіп-жетілмедің.

Бір сәтте ол:

- Ал, баста, - дейтін де, өзі қасымда тұрып көмектесетін.

Мұндай операциялардан кейінгі қуанышымды білсеңіздер ғой!

"Мен жасадым! Өзім!" - деп барлық таныстарыма жар салғым келетін.

Сол сәтте мен жер бетіндегі ең бақытты адам едім.

"Медицинаның табалдырығы": интернатура не үшін керек?

Бір жыл байқалмай өте шықты. Таңдау жасайтын уақыт келді. Мен өзімді хирургиясыз және осы күнге дейін жылылықпен еске алатын, маған туған бауырымдай болып кеткен адамдарсыз елестете алмайтын болдым.

Сол кезеңдегі сегіз дәрігердің бүгінде екеуі ғана тірі. Хирургтың жұмысы осындай.

Олардың бәрі өз ісінің шебері еді. Кезекшілік кезінде кез келген отаға қатысатынбыз, сондықтан хирургиялық араласудың барлық түрін - урология, травматология, бет-жақ хирургиясын, кейде тіпті гинекологияны да меңгеруіміз керек болды.

Шұғыл жағдайларда бәрін өзің жасауға тиіс едің. Тек күрделі сәттерде ғана бөлім меңгерушісін немесе бейінді маманды шақыратынбыз.

Біз үнемі ізденіс үстінде болдық: жаңа емдеу әдістері, ота жасау, диагностика және тағысын тағылар. Мамандарды шақырып, оларға ассистент болып, тәжірибе жинақтадық. Бұл тоқтаусыз процесс еді. Кезекті сын-қатерлерге толы болса да, өте қызықты болатын.

Қазір интернатура ресми түрде қайтарылды, бірақ бұл жаңалық елеусіз ғана өте шықты. Ал шын мәнінде, бұл мамандарды даярлауды жақсартуға, демек емдеу сапасын арттыруға бағытталған үлкен қадам. Біз бұл туралы көп жыл бойы тынбай айтып келдік, талай топтар мұны жүзеге асыруға тырысты, бірақ нәтиже болмады. Міне, ақыры қол жеткіздік.

Интернатура - медицинаның "табалдырығы", онсыз алға жылжу мүмкін емес. Тек бәрін өз қолыңмен "ұстап көргенде" ғана кім болатыныңды түсінесің. Көбіне интернатура адамның жеке жоспарларын түбегейлі өзгертіп жатады.

"Шектеулі рұқсат": интерн-дәрігердің мәртебесінде не өзгереді?

"Онда неге алып тастаған еді?" - деп орынды сұрауыңыз мүмкін.

XXI ғасырдың басында біз медициналық білім берудің англосаксондық моделіне көшуге бел буып, Болон процесіне қосылдық. Бакалаврлар, резиденттер, магистрлер, философтар мен тағы басқалар пайда болды.

"Біздің дипломдар бүкіл әлемде танылатын болады!" - деп жігерлендіре айтты бізге. Біз де бір ауыздан қол шапалақтап, әдеттегідей басымызды изеп мақұлдадық.

Жоқ, жүйенің өзі жаман емес - оның өз артықшылықтары бар, біз де өзіміз үшін маңызды тұстарын үйрендік. Дегенмен, кез келген басқа жүйе сияқты, оның да кемшіліктері бар.

Теория, манекендер, симуляциялық орталықтар мен тесттер көбейді. Бұрынғы көптеген академиялық пәндер шеттетіліп, педиатрия, санитарлық гигиена сияқты кафедралар жабылып қалды, кейін оларды қайта қалпына келтіруге тура келді.

Мұнда бір маңызды жайт бар: Қазақстанда интернатура ешқайда жоғалған жоқ. Ол қазір де медициналық білім беру жүйесінде бар. Мәселе - интерндердің мәртебесі қандай болғанында? Оларды емделушілерге жақындатты ма?

Қазір "интерн-дәрігер" ұғымы заңнамалық деңгейде бекітіліп жатыр: бұл - тәлімгердің бақылауымен клиникалық практикаға шектеулі рұқсат ала отырып, кәсіби даярлықтан өтетін маман.

Назар аударыңыз: "шектеулі рұқсатпен" - ешкім де емделушілерді интерндердің қолына бере салмайды. Сондықтан "олар енді дәрігерлерді алмастырады" деген пікірлер - біздің мамандықтың қыр-сырын білмеуден немесе түсінбеуден туған дүние.

"Бұны тіпті ЖИ де үйрете алмайды": клиникалық ойлау және тәлімгерлер

Алайда менің буынымдағы дәрігерлерді басқа жайт мазалайды. Біз мамандыққа деген шығармашылық көзқарасты жоғалтып барамыз. Дәрігер - бұл талант пен тағдырды талап ететін шығармашылық мамандық. Ал қазіргі жүйе мамандықты стандарттауды, көптеген рұқсат қағаздары мен емтихандардың болуын талап етеді.

Заң тұрғысынан бұл, әрине, дұрыс: білімің жетпесе - кіріспе! Бірақ осы көзқарас арқылы біз барлық мамандарды қауіп-қатердің шегіне қойдық.

Егер науқасты құтқару үшін стандарттар мен хаттамалардан аттап кетіп, ол аман қалса, сені кешіруі мүмкін. Бірақ сенің негізді әрекеттеріңе қарамастан, асқынулар болса, өкінішке орай, заң алдында өте қатаң жауап беруге тура келеді.

Мұндай жағдайда әркім тек өз құзыреті (яғни - хаттама) шеңберінде жұмыс істеуге тырысады және ауыр науқастарды басқаларға "ысыра салады". Осылайша, дәрігерліктің ғасырлар бойғы қағидасы - науқас үшін жұмыс істеу принципі бұзылады.

Кезінде бізге үйреткен және бүгін де бәріне үйрету керек ең басты нәрсе - клиникалық ойлау. Бұл - интернатура кезінде тәлімгерден алатын және өмір бойы сенімен бірге қалатын қасиет.

Есімде, бірде Алексей Макарович ота кезінде маған ақырын ғана былай деді:

"Мына жерді ұстап көрші. Не дейсің?"

Саусағымды іш пердесіне жүгірткенімде, ол тұтастай тарының дәніндей ұсақ түйіршіктерге толы екенін сездім. Ұстазымның көзіне сұраулы жүзбен қарадым.

"Есіңде сақта - бұл ұйқы безінің қатерлі ісігі. Түсіндің бе?"

Мен түсіндім және жадымда сақтадым. Ондай сәттер жүздеп саналатын.

Қатерлі ісіктің қалай көрінетіні туралы көп оқуға, суреттерін қарауға болады. Бірақ бір ғана қимыл, бір ғана сезім, бір ғана кішкене деталь - содан кейін аурудың қандай болатынын ешқашан ұмытпайсың. Бұны ешқандай видеоролик, тіпті ЖИ де үйрете алмайды.

Біздің уақытымызда Қазақстанда небәрі бес жоғары оқу орны болды - әрқайсының өз тарихы, дәстүрі және ең бастысы - біртуар есімдері бар еді. Әр мектептің өз көзқарасы болатын, олардың арасында медициналық журналдар мен конференцияларда ғылыми таластар жүріп жататын. Біз сол ұлы тұлғалардан тәлім алып, солардай болуды армандадық.

Негізінде, Нұрлан Өмірзақұлы бірінші күні маған "сен хирург емессің" дегенде әбден хақ еді. Мен тек бес жылдай жұмыс істегеннен кейін, осыншама жылғы оқудан соң ғана өзімді хирург ретінде сезіне алдым.

Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындары мен колледждердің саны еселеп артқан кезде, білім сапасына қойылатын талаптар да олардың санына сай өсуі тиіс.

Дәрігер - еңбек жолының басталуы бүкіл саналы ғұмыр бойы жалғасатын практикалық оқудың басы ғана болып саналатын санаулы мамандықтардың бірі. Бұл салада кез келген тоқырау дағдыдан айырылуды білдіреді және кәсіби жарамсыздыққа әкеп соғуы мүмкін.

Осы білімді жастарға бере алатын алдыңғы мектептің тәрбиесін көрген буын бар кезде, соны пайдалану керек. Түрлі жүйелердің ең жақсы тұстарын алу қажет. Сонда ғана бізде білікті дәрігерлер көбейеді.

Сондықтан өзіңізді күтіңіз және жақсы дәрігерлерді қадірлей біліңіз!

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін 

Аударған: Дина Шәріпхан

Автор туралы: Эрик Байжүнісов - Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы. Хирург-дәрігер, денсаулық сақтау менеджері. Жалпы еңбек өтілі - 35 жылға жуық, оның 11 жылдан астамы мемлекеттік қызметте. Қазақстанның түрлі клиникаларында хирург-дәрігер болып жұмыс істеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларында, Денсаулық сақтау министрлігінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде басшылық лауазымдарды атқарды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығын, сондай-ақ Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығын басқарды.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Инфаркт, инсульт және қатерлі ісік: қазақстандықтарға қандай аурулар басты қауіп төндіреді?

Жас дәрігерлер дифтерияны емдеп көрмеген. Ата-аналардың инфекцияларға көзқарасы қалай өзгерді?

Алматыдан ауылға көшкен жас дәрігерлер өз өмірі мен жалақысы туралы ашық айтып берді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

дәрігерлер

емдеу

тәжірибе

Қазақстан

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 11:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары