Қайрат футзалдан Қазақстан чемпионы атанды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алматылық «Қайрат» футзалдан жылдың Қазақстан чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты.
Финалдық серияның тағдырын шешкен бесінші кездесу Семейде өткен. Алматылық команда «Семейді» 3:2 есебімен тізе бүктірді. Жеңіс голдарын Эдсон, Жулио Занотто және Біржан Оразов соқты. Осылайша «Қайрат» Қазақстанның 22 дүркін чемпионы болды.
Айта кетсек, мамыр айында «Қайрат» футзал клубының жаңа бас бапкері болып Густаво Парадеда тағайындалды.
Густаво - клуб тарихындағы ерекше азаматтардың бірі. Ол 2004-2009 жылдары «Қайрат» сапында Еуропадағы алғашқы тарихи жетістіктерге қатысып, UEFA футзал кубогының қола жүлдегері атанды. Соңғы жылдары клуб жүйесінде спорт директоры ретінде қызмет атқарды. Өткен маусымда плей-офф кезеңі алдында қиын сәтте команданы қабылдап, «Қайратты» Қазақстан чемпионы атағына жеткізді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:45
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Шілде 2026 07:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















