Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр тексеру нәтижесі қандай

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

50 балл жеткіліксіз: ІІМ өз жоғары оқу орындарына түсу тәртібін түсіндірді

Екі мемлекеттік архивке Ұлттық мәртебе беріледі

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Канье Уэстің Алматыдағы концерті 15 тамызға шегерілгеннен кейін әлеуметтік желілерде билет сату туралы хабарландырулар көбейді. Кей көрермен 15 тамызда концертке бара алмайтындықтан, билетке жұмсаған ақшасын қайтаруға тырысып жүр. Алайда олардың айтуынша, ақша қайтарудан бас тартылып жатыр. Tengri Life осы жағдайдың мән-жайын анықтауға тырысты.

Концерттің кейінге шегерілуі

Бастапқыда концерт 14 тамызда сағат 21:00-де басталуға тиіс болатын. Күн бойы Алматыда ауқымды блэкаут болып, алайда іс-шараны ұйымдастырушы First Media Group компаниясы көрермендерге шоудың болатынына сендірген еді.

Кешке қарай электр қуаты біртіндеп қалпына келді, бірақ ауа райы кедергі келтірді: қалада жел тұрып, күн күркіреп, нөсер басталды.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларға қарағанда, желдің екпіні стадион ортасындағы декорацияның негізгі элементі ретінде ойластырылған үлкен сфералық конструкцияны теңселтіп, ішінара деформациялай бастаған.

Шоудың 15 тамызға ауыстырылғаны туралы көрермендерге жоспарланған басталу уақытына санаулы минуттар қалғанда ғана хабарланды. Бұл шешім "қауіпсіздік мақсатымен" түсіндірілді.

Билетті қайтару мәселесі

Іс-шараға билеттер құны 120 000-нан 350 000 теңгеге дейін (10 пайыз қызмет алымды есептемегенде) болды, сондықтан көптеген көрермен айтарлықтай шығынға батты. Концерттің 15 тамызға ауыстырылуы басқа қалалардан немесе елдерден арнайы келгендерге, сондай-ақ, алдын ала жоспарланған шаруалары бар адамдарға қиындық тудырды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым: НОВОСТИ | ТУРИЗМ | СОБЫТИЯ (@kaztourism.media)

Билет ақшасын қайтаруға жасалған әрекеттер нәтиже бермеген. Әлеуметтік желілерде көрермендер қолдау қызметінен алған жауаптарын бөлісіп жатыр. Онда билеттердің қайтарылмайтыны айтылып, мәселені шешудің жолы ретінде билетті өз бетінше қайта сату ұсынылған.

"Мен концертке бара алмаймын, оның кейінге шегерілуіне де кінәлі емеспін. Ал маған ақша қайтарылмайды дейді", – деп жазды көрермендердің бірі.

Көрермендер бұған дейін қызметте билетті қайта сату мүмкіндігі болғанын да атап өтті. Алайда концерт өтпей қалғаннан кейін бұл функция қолжетімсіз болған. Соның салдарынан жанкүйерлер басқа жол іздеуге мәжбүр болды – әлеуметтік желілерде 15 тамыздағы концертке арналған билетін сатуға тырысқан адамдардың хабарландырулары көбейді.

Скриншот: Threads

Көрермендер әлеуметтік желіде не деді?

Әлеуметтік желілерде бұл жағдай қызу талқыланып жатыр. Бір жағынан, қолданушылар ұйымдастырушыларды қолайсыз ауа райына дайын болмағаны және билет ақшасын қайтармай отырғаны үшін сынады.

"Шынымен көп ақша жұмсап, ақыры концертке кіре алмай қалған адамдар өкінішті. Бірақ ұйымдастырушылар ауа райын неге алдын ала ескермеді? Сонда олар жаңбырға дайын болмаған да, концертті сәті түсер деген үмітпен өткізе салмақ болған ба? Бұл дұрыс емес. Оның үстіне, адамдар сұрап тұрса да билет ақшасын қайтармай отырғаны да жөн емес", – деп жазды пікір білдіргендердің бірі.

Алайда көпшілік Алматыға арнайы келген қонақтарға қолдау көрсетіп, жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды.

Скриншот: Instagram/maria.pak_

Министрлік не дейді?

Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі билет ақшасын қайтару мәселесін көрермендер билет сатып алу туралы келісімшартқа сәйкес тікелей концерт ұйымдастырушыларымен шеше алатынын түсіндірді. Бұл мүмкіндік келісімшартта көрсетілген жағдайда ғана қолданылады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым: Zhazira Duisenbek (@zira_zhazira)

Заңгердің пікірі

Адвокат Абзал Қасымжановтың пікірінше, концерт кейінге шегерілген жағдайда мәселені тек "билет қайтарылмайды" деген талаппен шектеуге болмайды. Оның айтуынша, сатып алушы қызметті бастапқыда нақты күн мен уақытқа алған. Сондықтан осы шарттардың өзгеруі тұтынушының құқығына әсер етуі мүмкін.

"Билет қайтарылмайды, сондықтан еш жағдайда ақша берілмейді" деген ұстаным тым қатаң", – деді заңгер.

Қасымжановтың түсіндіруінше, билеттің қайтарылмайтыны туралы талап, ең алдымен, қызметтен сатып алушының өзі бас тартқан жағдайға қатысты болуы мүмкін. Ал шара басқа күнге ауыстырылса, жағдай өзгереді: шарттарды ұйымдастырушы өзгертеді, ал көрерменнің жаңа күні концертке баруға нақты мүмкіндігі болмауы ықтимал.

Адвокат мысал ретінде 14 тамыздағы концерт үшін арнайы Алматыға келген адамды келтіреді. Ол ұшақ билетін сатып алып, қонақүйге алдын ала тапсырыс беріп, қалада болатын уақытын концерт өтетін күнге қарай жоспарлаған болуы мүмкін. Концерт келесі күнге шегерілсе, мұндай көрермен шараға қатыса алмай қалуы ықтимал.

Қолайсыз ауа райы билет ақшасын қайтармауға автомат түрде негіз бола алмайды

Заңгер ұйымдастырушылардың ауа райына сілтеме жасауына да жеке тоқталды.

"Ұйымдастырушылардың қолайсыз ауа райын алға тартуының өзі тұтынушыға билет ақшасын қайтарудан бас тартуға автомат түрде негіз болмайды", – деді ол.

Қасымжановтың айтуынша, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 359-бабында еңсерілмейтін күш нақты жағдайда төтенше және алдын ала тойтаруға болмайтын мән-жайлармен байланыстырылады. Мұндай жағдайда форс-мажорға сүйенген тарап сол жағдайдың болғанын және оның міндеттемені орындауға қалай әсер еткенін дәлелдеуге тиіс.

Сонымен қатар, форс-мажор мен билет құнын қайтару – екі бөлек мәселе. Заңгердің пікірінше, еңсерілмейтін күш ұйымдастырушыны міндеттемені бұзғаны үшін кейбір жауапкершіліктен босатуы мүмкін, бірақ бұл көрерменнің ақша қайтару туралы кез келген талабын автомат түрде заңсыз етпейді.

Сатып алушымен жасалған келісім маңызды

Заңгердің айтуынша, әр жағдайды жеке бағалау үшін оферта талаптарын, билет сату ережелерін және сатып алушы тапсырыс рәсімдеген кезде алған ақпаратты қарау қажет.

"Қазақстанның тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңы бойынша, тұтынушының заңда бекітілген құқығын шектейтін келісім талаптары жарамсыз деп танылуы мүмкін", – деді Қасымжанов.

Сондықтан оның пікірінше, ұйымдастырушылар жаңа күні концертке объектив түрде бара алмайтын көрермендерге ақшаны қайтару тәртібін нақты түсіндіруі керек. Тек "билет қайтарылмайды" деген жалпы жауаппен шектелу дұрыс емес.

Егер ұйымдастырушы ақшаны қайтарудан бас тартса, тұтынушы оған жазбаша талап жолдап, бас тартудың себебін келісімшарт пен заңның нақты нормаларына сүйене отырып түсіндіруді сұрай алады. Егер сатушы немесе қызмет көрсетуші тұтынушы талабымен келіспесе, заңда белгіленген мерзімде уәжді жазбаша жауап беруге тиіс.

Сонымен қатар, адвокат концерт кейінге шегерілді екен деп, ұйымдастырушы барлық сатып алушыға міндетті түрде ақша қайтаруы керек деген біржақты қорытынды жасау да дұрыс емес екенін айтты.

"Әр жағдайда келісімшарт талаптарын, концерттің қалай және не себепті ауыстырылғанын, сондай-ақ тұтынушының жаңа күні қызметті пайдалана алу мүмкіндігін ескеру қажет", – деп түйіндеді Қасымжанов.

Ұйымдастырушылар не деді?

First Media Group YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтетінін хабарлады.

Көрермендерді стадионға кіргізу сағат 16:00-де басталады. Бұл – 14 тамыздағы концертке белгіленген уақытпен бірдей.

Ұйымдастырушылар билетті ауыстырудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

"14 тамыздағы концертке сатып алынған барлық билет жарамды болады және 15 тамыздағы концертке кіруге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Кіру билеттегі кодты сканерлеу арқылы жүргізіледі. Тексеруден өткен соң бұрын берілген білезіктер концертке қатысу үшін жаңартылады.

Ұйымдастырушылар алаң мен барлық қажет қызмет концерт өткізуге дайын екенін де мәлімдеді. Көрермендерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал кептелісті ескеріп, мүмкіндігінше ертерек келуге кеңес берілді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Тамыз 2026 19:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see150

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see120

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see118

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see117

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see117

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see117

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see116

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see115

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see114

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see114

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see113

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see112

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see112

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see109

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see109

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see109

Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр тексеру нәтижесі қандай

13 Тамыз 2026 23:00see109

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see108

50 балл жеткіліксіз: ІІМ өз жоғары оқу орындарына түсу тәртібін түсіндірді

14 Тамыз 2026 10:02see107

Екі мемлекеттік архивке Ұлттық мәртебе беріледі

14 Тамыз 2026 08:31see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары