Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Ұшақтың кешігуі сапарды бұзды ақшаны қайтаруға бола ма

Ұшақтың кешігуі сапарды бұзды ақшаны қайтаруға бола ма

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Рейстің кешігуіне байланысты келесі бағытқа алған билеттеріңіз күйіп кетті ме немесе маңызды сапарыңыз үзілді ме? Кей жағдайларда жолаушылар өтемақы алуға құқылы. Tengri Travel әуекомпания қай кезде шығынды өтеуге міндетті екенін, заң бойынша не талап етуге болатынын және шағымды қалай дұрыс беру керектігін анықтады.

Қазақстандықтардың тәжірибесі

Жақында әлеуметтік желілерде Алматыдан Шымкентке ұшпақ болған жолаушының шағымы жарияланды. Рейс кешіккен, ал оның түнгі сағат 03:00-де Жаңақорғанға баратын пойызға билеті болған.

"Кездесуге үлгеру үшін түнгі 03:00-ге Шымкент – Жаңақорған пойызына билет алғанмын. Әрине, пойыздан қалып қойдым. әуекомпанияның байланыс орталығына хабарлассам, олар жолаушылардың бұдан кейінгі шығындары үшін жауап бермейтінін айтты. Жақсы, онда сіздердің әуекомпанияларыңыздың кесірінен қалып қойған пойыз билетінің ақшасын қайтарыңыздар", - деп жазды жолаушы.

Оның айтуынша, теміржол билетінің құнынан бөлек, таксиге және басқа пойыз іздеуге қосымша шығындар шыққан, ал сапардың өзі мүлдем болмай қалу қаупі туған.

Рейстің кешігуіне әуекомпания қай кезде жауапты болады?

Азаматтық авиация комитеті жолаушы мен тасымалдаушы арасындағы қарым-қатынас әуе тасымалы шарты негізінде туындайтынын еске салды. "Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңның 76-бабының 2-тармағына сәйкес, әрбір жолаушыға берілген билет шарт талаптарымен танысқанын және жолаушы мен әуекомпания арасында шарт жасалғанын растайды.

Бұл ретте, ведомство өкілдері рейс мәртебесі тасымалдаушының кінәсінен немесе әуе кемесінің кешігіп келуі салдарынан өзгерген жағдайда, тасымалдаушы жолаушы алдында жауапты болатынын түсіндірді.

Мұндай жағдайларда тасымалдаушы жолаушыға заңда қарастырылған қызметтерді тегін көрсетуге міндетті. Кешігу ұзақтығына байланысты жолаушы ана мен бала бөлмесін пайдалануға (бар болса), екі рет телефон соғуға немесе екі электрондық хат жіберуге, салқын сусындар мен ыстық тамақ алуға құқылы.

Қажет болған жағдайда әуекомпания қонақүйден орын беріп, әуежай мен қонақүй арасындағы трансферді де ұйымдастыруы тиіс.

Яғни, рейстің кешігуі жолаушы кез келген жағдайда өз мәселесімен жалғыз қалатын жағдай емес. Бірақ жауапкершілікті қолдану үшін кешігудің себебі маңызды рөл атқарады.

Жолаушылар. Фото: depositphotos.com

Кешіккен әр сағат үшін айыппұл қарастырылған

Комитет заңның 86-бабының 3-тармағына ерекше назар аудартты.

Егер тасымалдаушы жолаушыны межелі жерге жеткізуді кешіктірсе, ол кешіккен әрбір сағат үшін тариф құнының 3 пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

Бұл ретте маңызды шарт бар: егер тасымалдаушы кешігудің еңсерілмейтін күш жағдайларына немесе заңнамада қарастырылған басқа да негіздерге байланысты болғанын дәлелдесе, жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.

Осылайша, рейстің кешігуі жолаушының жоспарлары өзгергендіктен жұмсаған кез келген сомасы автоматты түрде төленеді дегенді білдірмейді. Әрбір жағдайда кешігу себебі мен нақты тасымалдау жағдайлары маңызды.

Айыппұл автоматты түрде төленбейді. Комитет ақпаратынша, жолаушы тасымалдаушының интернет-ресурсы арқылы немесе билет сату орындарына барып өтініш беруі тиіс.

Ал жолаушы қалып қойған пойыздың ақшасы қайтарыла ма?

Әуекомпания сіз өткізіп алған пойыз билетін автоматты түрде төлеуге міндетті емес - ережелерде мұндай тікелей норма жоқ. Дегенмен, ведомство өкілдері жолаушы мен әуекомпания арасында әуе тасымалы шарты жасалғандықтан, қаражатты қайтару және өтемақы мәселелері азаматтық-құқықтық дауларға жататынын және Азаматтық кодекс аясында реттелетінін атап өтті.

Басқаша айтқанда, қосымша шығындарды, мысалы, күйіп кеткен теміржол билетінің құнын өтеу туралы талап әрбір нақты жағдайдың мән-жайын ескере отырып, бөлек қарастырылуы керек.

Сондықтан, шығынды дәл осы рейстің кешігуінен шектім деп санайтын жолаушыға кол-центрге ауызша хабарласумен шектелмеу маңызды. Тасымалдау фактісін, кешігуді және жұмсалған шығындарды растайтын құжаттарды сақтап, содан кейін тасымалдаушыға ресми талап қою қажет.

Тіркеу кезегі. Фото: depositphotos.com

Ұшақ кесірінен пойызға кешіккен жағдайда не істеу керек?

Әуе рейсінен кейін пойызға немесе басқа көлікке отыру керек болған жағдайда, уақыт қорын алдын ала ескерген жөн. Алайда, егер кешігу тасымалдаушының кінәсінен болса, жолаушы болған жағдайдың мән-жайын құжатпен бекітіп алуы керек.

Атап айтқанда, мыналарды сақтаған абзал:

әуе билеті мен рейске тіркелгені туралы құжаттар; ұшу уақытының өзгергені туралы ақпарат; отырғызу талоны; пойызға немесе басқа да келесі көлік түріне билет; оның құнын растайтын құжаттар; такси, тамақтану және басқа да қосымша шығындардың чектері; әуекомпаниямен жазысқан хаттар; байланыс орталығының жауаптары; рейстің кешігуі мен орын алған шығындар арасындағы байланысты растайтын басқа да құжаттар.

Осыдан кейін жолаушы әуекомпанияға заңда қарастырылған айыппұлды төлеу туралы өтініш жолдап, келтірілген шығындарды өтеу туралы талаптарын бөлек баяндай алады.

Тасымалдаушының ресми жауабын алу маңызды. Егер мәселе әуекомпаниямен шешілмесе, дау азаматтық-құқықтық деңгейге өтуі мүмкін.

Ал егер ұшақ ауа райына немесе басқа жағдайларға байланысты кешіктірілсе...

Әуекомпания кез келген кешігу үшін бірдей жауапкершілік арқаламайды. Ведомство ақпаратынша, егер тасымалдаушы рейстің еңсерілмейтін күш салдарынан немесе заңда қарастырылған басқа да себептермен кешіктірілгенін дәлелдесе, ол жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.

Сондықтан, егер жолаушы төлем талап еткісі келсе, кешігу себебін анықтап алу маңызды.

Комитет өкілдері кешігу себептерін талдап, рейстердің орындалуын жүйелі түрде қадағалап отыратындарын айтты.

"Әуе кемесінің кеш келуі - кешігулердің негізгі факторы, ол басқа екі маңызды себептен қалыптасады: метеожағдайлар және техникалық себептер", - деп атап өтті ведомство.

Ал егер жолаушы ұшаққа өзі кешігіп қалса...

Тағы бір жағдай - ұшақ емес, жолаушы кешіккен кезде.

Мұндай жағдайда кімнің жауапты екені нақты мән-жайларға байланысты болады. Жолаушылардың неліктен отырғызуға үлгермегенін анықтап, құжаттарды немесе болған оқиғаның басқа да айғақтарын сақтап қою маңызды.

Ұшу. Фото: depositphotos.com

Қазақстанда қанша рейс кешігеді?

Азаматтық авиация комитеті статистикалық мәліметтерді де ұсынды.

2025 жылы әуекомпаниялар 101 151 рейс орындады, оның 22 383-і кешігумен жүзеге асырылды. Ұшу жиілігінің көрсеткіші 78 пайызды құрады.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 47 872 рейс орындалып, оның 10 944-і кешіктірілді. Ұшу жиілігі 77 пайыз болды.

Комитеттегілер АҚШ пен ЕО-да ұшу жиілігінің көрсеткіші сәйкесінше 77 пайыз және 76 пайыз болғанын атап өтті.

Сонымен қатар ведомство кешігу себептерін талдауды және рейстердің орындалу жүйелілігін бақылауды жалғастырады.

Әуекомпанияға жаза қолданылуы мүмкін бе?

Иә, бірақ ол үшін заңнаманың міндетті талаптарының бұзылғаны анықталуы тиіс.

"Тасымалдаушылар мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жатады, ал заңнама талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қарастырылған тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - деді ведомство өкілдері.

Мемлекеттік ден қою шараларын қолдануға негіз - азаматтық авиация саласындағы міндетті талаптардың бұзылу фактілерінің анықталуы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда шетелдік туристер үшін міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:54
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 12:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары