Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қаллеки тынысы : үздік актерлер мен қойылымдар анықталды

Қаллеки тынысы : үздік актерлер мен қойылымдар анықталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өткен дәстүрлі «Қаллеки тынысы» атты спектакльдер шеруі өз мәресіне жетіп, театр өнерінің үздіктері анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

21–27 наурыз күндері аралығында өткен «Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруінде 2025 жылдың наурыз айынан 2026 жылдың наурыз айына дейін сахналанған премьералар ұсынылды. Әр қойылым арнайы театр сарапшылары тарапынан кәсіби талдаудан өтіп, шығармашылық тұрғыда жан-жақты бағаланды. Апталық аясында сарапшылардың қатысуымен арнайы шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, актерлік тәжірибе мен кәсіби шеберлікті арттыруға мүмкіндік берілді. Көрермендер де шараға белсенді қатысып, өз таңдаулары арқылы үздіктерді анықтады.

Көрермендер таңдауы бойынша «Үздік актер» номинациясы актер, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Жанат Оспановқа бұйырса, «Үздік актриса» аталымын Инабат Әбенова иеленді.

Сарапшылар алқасының шешімімен «Үздік актер» номинациясы Л.Толстойдың «Анна Каренина. Роман парақтары» спектакліндегі Алексей Каренин және М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» драмасындағы Сәрсенбай бейнелерін жоғары деңгейде сомдағаны үшін Жанат Оспановқа табысталды. Ал «Үздік актриса» номинациясы Б.Брехттің «Шеңбер» драмасындағы Груше Вахнадзе рөлі үшін Айкөркем Тұрановаға берілді.

«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясын У.Шекспирдің «Romeo & Juliet» қойылымындағы Меркуцио және Д.Исабековтың «Қазақы комедия немесе Бонапарттың үйленуі» спектакліндегі Испанәлі образдары үшін Ұлан Қабыл иеленді. «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» аталымы «Romeo & Juliet» спектакліндегі Сүт Ана рөлі үшін Ботагөз Мақсұтоваға бұйырды.

«Үміт» номинациясы Л.Толстойдың «Анна Каренина. Роман парақтары» спектакліндегі Алексей Вронский, Б.Брехттің «Шеңбер» драмасындағы Симон Хахава және Ә.Кекілбаевтың «Күй» спектакліндегі Көкбөрі рөлдері үшін жас актер Қайыржан Садықовқа табысталды.

Сарапшылардың арнайы жүлдесіне «Жүрек сыры. Махаббатым сен...» спектакліндегі Бибі рөлі үшін актриса Айнұр Жетпісбаева ие болды.

«Театр тарланы» номинациясымен Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов марапатталды.

Сондай-ақ, арнайы жүлделер табысталды: Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов Кекілбаевтар әулеті атынан арнайы сыйлыққа ие болды. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл мен жас актер Марғұлан Наменов Ералы Тоғжанов атынан арнайы сыйлықпен марапатталды. ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ақмарал Танабаева Қазақстанның Халық артисі, режиссер Талғат Теменовтың атынан арнайы сыйлыққа ие болса, актриса Арай Омарова белгілі дизайнер Жадыра Сахиеваның арнайы жүлдесімен марапатталды.

Театр күні аясында театр қызметкерлері де елеусіз қалмай, арнайы дипломдармен марапатталды.

Халықаралық театр күніне орай дәстүрлі түрде өтетін «Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруі театрдың шығармашылық байланысын нығайту, премьераларды кеңінен насихаттау, актерлік шеберлікті жетілдіру, театр өнерінің үздік туындыларын қолдау және елорда көрермендерін Қаллеки театр өнерінің жоғары деңгейдегі үлгілерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:221
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 15:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары