Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Басым міндеттер айқындалды

BMW жаңа X5 ті бес нұсқада таныстырды

Кәсіпкерлерге заңсыз талап қойғандарға 9,1 млн теңге айыппұл салынды

VEON алдағы үш жылда елімізге тағы 1 миллиард доллар инвестиция құюға ниетті

3 июля в Казахстане начнётся приём заявлений в докторантуру

SCAT әуе компаниясы президентінің жылдық сыйақысы 335,9 млн теңгені құрады

Біз жылауық халыққа айналмауымыз керек : Ермұрат Бәпи тарихи жарақат туралы

Алматыда электрсамокат мінген блогер жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды

Нөсерден кейін Алматы өзендеріндегі жағдай қандай? ТЖМ жауабы

Қазақстанда ресейлік көліктерге жанармай құюға рұқсат берілді, бірақ қатаң шартпен

Астанада жаңа аллея пайда болды: 02 шілде 09:19 жаңалықтар

Астанада көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады

Таза Қазақстан экологиялық акциясы мәдениетті қалыптастырды Олжас Бектенов

Несиесі бар қазақстандықтарға қандай құқығы бары ескертілді

Қазақстан ІІМ Түркия азаматына іздеу жариялады

Алматыда көлік түтіні нормадан тыс ауаға тарауының 13 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Жолаушы вагон мейрамханада жанжал шығарып, Алматыға жете алмады

Ғұсман Қосановты еске алуға арналған турнир: қазақстандықтардың нәтижесі қандай

Алматы облысында экс депутат агроөнеркәсіптік кешенге бөлінген бюджет қаражатын жымқырып келген

Жоғарғы Рада Украин ұлттық пантеонын құру туралы заң қабылдады

Qalqan дәрігерге қалқан бола ала ма?

Qalqan дәрігерге қалқан бола ала ма?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұл мәлімет ақ халатты қауымда «ертеңіміз не болады?» деген үрей туғызды. Әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа әңгіме тарады. Оны басуға тиіс ӘМСҚ сайтында жаңа жүйе туралы мардымды мәлімет, жеке тарау түгілі, Qalqan порталына сілтеме де жоқ. Интернеттегі іздеу сервисі киберқауіпсіздіктің осы аттас қоғамдық ұйымдарына нұсқап әлек. Сонда жүйенің өзі дайын емес пе?

Науқасты «зияткерлік» зарлатпаса жөн

Бұл технологиялық көштің алды – дүрбелең, арты сауал болып тұр. Бұған қоса, денсаулық сақтау саласында жаңа, терең реформа қа­­тар жүргізіліп жатыр. Үкімет Қазақстанда бұдан былай меди­ци­на­лық сақтандырудың жаңа моделі – «МӘМС 2.0» іске қосылатынын жа­риялады. Денсаулық сақтау жүйесі «операциялық қаржы­лан­дырудан» ЖИ-ге негізделген «стратегиялық зияткерлік басқаруға» ауы­сады. Осы мақсатта әзірленген «МӘМС 2.0» жаңа моделі жа­қын­да Премьер-министр Олжас Бектеновке таныстырылды. Үкімет басшысы оны қолдап, барлық өңірде шұғыл енгізуге пәрмен берді. 

Сарапшылар осының бәрімен Денсаулық сақтау министрлігі ай­налысып келгенін еске салады. Жаңа жағдайда оның қандай функционалдық қуыста қалары беймәлім. Мұның сыртында экс­перттер ӘМСҚ-ның 1,5 айдан бері ДСМ-ге бағынбайтынын, оның құрамынан шығып, Қаржы министрлігінің қарауына берілгенін ескертті. Олай болса, бюджет тапшылығы аясында денсаулық сақтау са­ла­сын қаржыгерлер өз бақылауына алып жатқанға ұқсайды. Қар­жы министрлігі халықтың саулығын емес, ақшаның амандығын бас­ты орынға қоймаса болғаны. 

Қор саладағы жаңа реформаның төрт тағанына айналар 4 негізгі ба­ғыт­ты белгіледі. Біріншісі – актуарлық басқару (тәуе­келдерді қар­жыгерлік бағалау). Ол демографияны, халықтың ауруы­ның құры­лымын, медициналық технологиялардың дамуын ескеріп, қар­жылық міндеттемелерді ұзақмерзімді бол­жамдау тәсілін қарас­тырады. Бұл теңгерімсіздіктерді ерте анық­тауға, қаржыландыру пара­метрлерін түзетуге және ден­саулық сақтау жүйесінің ұзақ­мер­зімді тұрақтылығын қам­тама­сыз етуге мүмкіндік береді.

Екіншісі – тәуекелге бағдарланған модель. Оның аясында еліміздің барлық медициналық ұйымы 3 санатқа бөліп тасталады: «senim» (сенуге болатыны), «baqylau» (бақылауды қажет етеді), «qauyp» (бюджет қаражатын талан-тараж ету қаупі бар ұйымдар). Адал қызмет көрсетушілер жеңілдетілген режимде жұмыс істей алады, ал бұған дейін заңбұзушылықтарға жол беріп, тұтылған ұйымдар күшейтілген бақылауға алынады, аудиттік тексерістер де соларға бағытталады.

Үшіншісі, цифрлық антифрод-қадаға­лау: алаяқтыққа тексеріс енгізілмек. Бұл сыр­қаттарды жалған тіркеуді, қызметтердің қай­талануын, негізсіз госпита­ли­за­ция­лау­ды, қызмет көлемдерін жасанды өсіруді, та­ғы басқа жайттарды автоматты түрде анық­тауға мүмкіндік беретін аналитикалық жүйе көрінеді. Қор осы арқылы денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығындарын орта есеппен 5-10%-ға төмендетуге уәде етті. 

Төртіншіден, бірыңғай цифрлық ар­хи­тек­тура жоспарлаудан бастап медкөмекке ақы төлеуге дейінгі қаржыландырудың бар­­лық процесін бір тұғырнамада бірік­ті­ре­ді. Ақша ағындары да жаңа жүйе арқылы то­­лық қадағаланады. Мұндағы негізгі эле­мент – цифрлық теңгені (ЦТ) пайдалану. ЦТ блокчейн тізбегінде орналасатын­дық­тан, оның кімнен кімге берілгені алақанға сал­ғандай көрінеді, Ұлттық банктің жүйе­сін­де «ізі» қалып, індетуге жол ашады. Қор бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фарма­ция­мен» бірлесіп ЦТ-ны дәрілік заттарды са­тып алу саласында қолдану бойынша жұ­мысты бастады.

Қолжетімділік – емге алғашқы қадам

Сондай-ақ Премьер-министр МӘМС-тің жаңа архитектурасының технологиялық негізі және «цифрлық қалқаны» болып са­­налатын Qalqan жаңа цифрлық плат­фор­ма­сының «тұсауын кесіп», оның функ­цио­нал­дық мүмкіндіктерімен таныстыры. Ақ­параттық-есепке алу орталығының бас­шысы Жанасыл Оспановтың айтуынша, плат­форма қаржыландыру процестерін то­лық цифрландырады. Қолданыстағы «Да­мумед» сияқты медициналық ақпа­рат­тық жүйелермен (МАЖ) интеграцияланады. 

– Мәселен, Qalqan жүйесінде әрбір па­­­­циентке көрсетілген қызметтер, оның ау­руханаға қашан және неше рет жат­қы­зылғаны, талдау-анализдерінің бағытта­ма­лары мен қорытындылары, дәрі-дәрмек та­ғайындаулар, оны емдеуге кеткен ме­ди­ци­налық шығыстардың МӘМС пен ТМККК пакеттері бойынша қалай бөлін­ге­ні туралы ақпарат жинақталады. Қазіргі уақытта бұл деректердің барлығы бы­ты­раң­қы, әртүрлі жүйеде жатыр. Соның сал­дарынан пациенттер көп ретте өзіне қа­тыс­ты ахуалды толық көре алмайды. Qalqan пациенттің бірыңғай деректер тіз­бе­гін қамтамасыз етеді, – деді Ж.Оспанов. 

Осы жаңа жүйеде азаматтардың тікелей ша­ғым жолдап, сәйкессіздіктер, олқы­лық­тар туралы хабарлауға мүмкіндік алатыны ай­тылды. Бұл «халықтық бақылау» ме­ха­низ­мін құруға мүмкіндік беретін көрінеді. Бірақ әзірге халық арызданбақ түгіл, Qalqan-ның қайда екенін білмейді. Осы бел­гісіздікті алаяқтар пайдаланып, фи­шинг­тік сайттар мен қосымшаларға нұс­қап, елді тақырға отырғызып кетпеуі үшін ӘМСҚ тарапынан кеңауқымды түсініктеме жұмыстары қажет-ақ.

­Qalqan-ның ақ халаттыларға қатысы қан­дай? Қордың мәліметінше, платформа әр­бір медұйымның бюджеті, ресурстары, инфрақұрылымы, кадр тапшылығы, қар­жыны ұтымды не орынсыз жұмсауы және бас­қа мәліметтерді талдайды. ӘМСҚ осы де­ректер негізінде тәуекелдерді кешенді түр­де бағалап, оларды жою бойынша ұсы­ным­дарды автоматты түрде әзірлеуге бел­се­ніп отыр. Ол кезең-кезеңімен елдегі бар­лық медициналық ұйымның рейтингін тү­зіп шықпақ. Бұдан бөлек, Qalqan қол­да­ныс­тағы шектеулер мен басымдықтарды бас­шылыққа алып, бюджетті үйлестіре бас­қаруды қамтамасыз ететіні алға тар­тылды. 

Технология адамның адалдығын ал­мас­тыра алмайды, бірақ қиянатына тоспа құруға қауқарлы. ӘМСҚ есептемелеріне сәйкес, енгізілетін инновациялардың әлеует­ті экономикалық әсері 200 млрд тең­­геден асуы мүмкін. Реформа медици­на­­лық қызметтерді қаржыландыру мен оның сапасының айқындығына және то­лық қадағалануына, медицина қыз­мет­кер­леріне түсетін жүктеменің төмендеуіне ықпал етуге тиіс. 

Осыған құп деген Үкімет басшысы Олжас Бектенов ұсынылған тәсілдерді мақұл­­дап, мемлекеттік органдар мен ве­домстволарға бірқатар тапсырма берді. Пре­мьер-министр үш мегаполис пен бар­лық өңірдің әкімдеріне, сондай-ақ Ден­сау­лық сақтау министрлігіне 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін МӘМС және ТМККК шең­берінде қызмет көрсететін медициналық ұйымдарды Qalqan жүйесіне көшіруді жүк­теді. 

Өз кезегінде Қаржы министрлігі осы ап­тада мемлекеттің жыл сайынғы жар­на­сы­ның мөлшерін республикалық бюджет қара­жатынан алынған инвестициялық кіріс сомасынан аспайтын сомаға қысқар­та­ды. Қазір студенттер, балалар, жүкті жә­­не босан­ған аналар, зейнеткерлер, мүге­дек­тер сияқты 15 санатты медсақтандыру үшін мемлекет жарна төлейді. Жарнаның қалай қысқар­тылатыны әзірге елге жария­ланбады.

Ашықтық па, алдамшылық па?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС және ТМККК шеңберінде қыз­мет көрсететін медұйымдар қызметін бақылауды күшейтті. Бұл жұмыс Жоғарғы аудиторлық палатаның тапсырмасымен жүргізіліп жатыр. ӘМСҚ медициналық қызметтердің сапасына жоспардан тыс мониторинг жүргізді. Мемлекет пен қор есебінен қаржыландырылатын қалалық ем­ханалардың, мемлекеттік ауруханалар­дың, жеке клиникалардың өндірістік база­ларын тексерді. 

1,4 мың тексерілген медұйымның 238-інде түрлі бұзушылық анықталды. Жиі қай­­­­таланатын жөнсіздіктер қатарында рұқ­сат беру құжаттарының болмауы, бір өн­дірістік базада бірнеше клиниканың сы­ғылыса орналасуы, медицина қыз­мет­керлерінің жарамды сертификаттарының жоқтығы аталды. 61 денсаулық сақтау су­бъек­тісіне айыппұл салынды. 10 медұйым­мен арадағы келісімшарт бұзылды. Олар мед­сақтандыру бойынша да, тегін медкө­мек аясында да қызмет көрсете алмайды. 

Сондай-ақ анықталған заңбұзушы­лық­тар бойынша Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің Медициналық және фармацевти­ка­лық бақылау комитетінің аумақтық де­пар­таменттеріне 116 хабарлама жіберілді. Бұ­дан бөлек, ӘМСҚ осындай тексерулерді жүргізу және деректерді тиісті органдарға беру бойынша бірыңғай алгоритмді әзірле­ді. 

Жоғарғы аудиторлық палата Солтүстік Қа­зақстан облысын мысалға келтірді: мем­ле­кеттік аудит көрсеткендей, жалпы со­ма­сы 76,6 млн теңгенің вакциналары мен им­мунобиологиялық дәрілік препараттары тиімсіз пайдаланылған: соңғы жылда ашылған құтылардың жалпы көлемінің 28%-ы жерге төгілген, жойылған. Жаға ұста­тар жайт бар: бір пациенттерге қайта-қайта екпе салына берген! «Туляремияға қарсы жыл сайынғы ревакцинация жүргізу кезінде санитариялық талаптардың елеулі бұзылуы әшкереленді.

ӘМСҚ басшысы Гүлмира Сабденбек Qalqan – жаңа жүйе еместігін, ол Қаржы министрлігінде бұрыннан қолданылып жат­қанын, қор тек соған ауысатынын жет­кізді. Оның сендіруінше, Qalqan меди­ци­налық жүйе емес және Damumed сияқты сер­вистерді алмастырмайды. Оның мақ­саты – қаржы ағынының ашықтығын қам­тамасыз ету, көрсетілген қызметтерді ве­ри­фикациялау және МӘМС қаражаты­ның пайдаланылуын бақылау. 

– Qalqan бұрыннан бар шешімдердің үс­тіне қосымша, жеке жүйе ретінде құры­лып жатқан жоқ. Әңгіме қорды қолда­ныс­тағы неғұрлым заманауи технологиялық платформаға көшіру туралы. Бұл плат­фор­маны неге таңдадық? Оның дайын тех­но­ло­гиялық шешімдері бар. Бізге Қаржы ми­нистрлігімен кеңірек интеграциялану мүм­кіндіктерін ұсынады. Және жаңа ин-ф­рақұрылым құрмай-ақ қажетті функцио­налдық мүмкіндіктерді әлдеқайда жылдам жү­зеге асыруға мүмкіндік береді. Маңыз­дысы, платформаны құру денсаулық сақ­тау жүйесі үшін қосымша шығынсыз жү­зеге асырылады, – деді Гүлмира Сәбденбек.

Оның айтуынша, Qalqan мақсаты – сыр­қатты емдеу емес, ақшаны қадағалау. Иә, бюджеттің әр тиыны есепте болуға тиіс. Бірақ темірдей тәртіп пен ЖИ ба­қы­лау медицинаның басты миссиясы – адам өмірін сақтаумен қалай үндеседі? Ақша жоғалмайды, ал науқас ше? Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жы­лы денсаулық сақтаудың бюджеті 3 трил­­лион теңгеге жеткенін айтқан еді. Алай­да ӘМСҚ «2025 жылы ТМККК мен МӘМС аясында медұйымдарға тек 2,5 трлн теңге төленгенін», шығыстар қысқар­тыл­ғанын жеткізді. 2026 жылы 2,4 трлн ға­на жоспарланыпты. Жүйенің ашықтығы – қо­ғамның игілігі. Тек сол ашықтық сандар­дың сәйкестігіне ғана емес, адам жанының аман­дығына қызмет етсе, құба-құп. Қал­қан мықты болуы үшін ол әлеуметтік әді­лет пен жауапкершіліктің қолында болуға тиіс.

Елдос СЕНБАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 06:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Басым міндеттер айқындалды

02 Шілде 2026 10:49see117

BMW жаңа X5 ті бес нұсқада таныстырды

02 Шілде 2026 15:25see116

Кәсіпкерлерге заңсыз талап қойғандарға 9,1 млн теңге айыппұл салынды

02 Шілде 2026 14:08see114

VEON алдағы үш жылда елімізге тағы 1 миллиард доллар инвестиция құюға ниетті

02 Шілде 2026 18:53see111

3 июля в Казахстане начнётся приём заявлений в докторантуру

02 Шілде 2026 19:33see111

SCAT әуе компаниясы президентінің жылдық сыйақысы 335,9 млн теңгені құрады

02 Шілде 2026 15:22see111

Біз жылауық халыққа айналмауымыз керек : Ермұрат Бәпи тарихи жарақат туралы

02 Шілде 2026 12:03see110

Алматыда электрсамокат мінген блогер жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды

02 Шілде 2026 17:32see110

Нөсерден кейін Алматы өзендеріндегі жағдай қандай? ТЖМ жауабы

02 Шілде 2026 09:18see110

Қазақстанда ресейлік көліктерге жанармай құюға рұқсат берілді, бірақ қатаң шартпен

02 Шілде 2026 23:32see109

Астанада жаңа аллея пайда болды: 02 шілде 09:19 жаңалықтар

02 Шілде 2026 09:22see109

Астанада көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады

02 Шілде 2026 14:09see109

Таза Қазақстан экологиялық акциясы мәдениетті қалыптастырды Олжас Бектенов

03 Шілде 2026 22:05see109

Несиесі бар қазақстандықтарға қандай құқығы бары ескертілді

02 Шілде 2026 13:43see109

Қазақстан ІІМ Түркия азаматына іздеу жариялады

02 Шілде 2026 16:08see108

Алматыда көлік түтіні нормадан тыс ауаға тарауының 13 мыңнан астам жағдайы тіркелді

03 Шілде 2026 22:30see108

Жолаушы вагон мейрамханада жанжал шығарып, Алматыға жете алмады

02 Шілде 2026 14:44see108

Ғұсман Қосановты еске алуға арналған турнир: қазақстандықтардың нәтижесі қандай

02 Шілде 2026 23:11see107

Алматы облысында экс депутат агроөнеркәсіптік кешенге бөлінген бюджет қаражатын жымқырып келген

03 Шілде 2026 21:21see107

Жоғарғы Рада Украин ұлттық пантеонын құру туралы заң қабылдады

02 Шілде 2026 23:33see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары