Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Muse Charm жаңа ЖИ құрылғысы сіздің өмірдегі көмекшіңіз бола ала ма?

Muse Charm жаңа ЖИ құрылғысы сіздің өмірдегі көмекшіңіз бола ала ма?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

CNBC материалына сүйенген Aikyn.kz Meta-ның ЖИ-құрылғылар нарығына не үшін бет бұрғанын және Muse Charm компанияны Apple-ға тәуелділіктен қаншалықты құтқаратынын түсіндіреді.

Meta Connect конференциясында компания 2026 жылдың соңына дейін ЖИ-ді қолдайтын 100-ден астам көзілдірік моделін шығаруды жоспарлап отырғаны жарияланды. Бұдан басқа Цукерберг Muse Charm деп аталатын жаңа кулонды көрсетті, бірақ оның нақты бағасы айтылмады. Кулон түріндегі жаңа құрылғы Meta-ның Muse AI агенті арқылы жұмыс істейді.

Muse электронды хаттарға жауап беріп, сапарды жоспарлайды, тауар сатып алып, пайдаланушының атынан басқа да әрекеттерді орындай алады.

Meta генеративті ЖИ жарысына OpenAI, Anthropic және Google-дан кеш қосылды. Соған қарамастан Muse қосымшасы Apple App Store рейтингінде ChatGPT-ті басып озып, бірінші орынға көтерілді. Компания акциялары Muse таныстырылғаннан бері 25%-дан астам өсіп, бір күннің өзінде 4,5%-ға қымбаттаған. Mizuho сарапшыларының пікірінше, Meta биыл Muse-ты компанияның аппараттық стратегиясының өзегіне айналдырды. ЖИ агенті енді толықтырылған шындық көзілдіріктерінен бастап Muse Charm-ға дейінгі құрылғылар экожүйесіне біріктірілмек.

Цукерберг үшін бұның тағы бір стратегиялық себебі бар. Ол – Apple-ға тәуелділіктен кету.  Қазір Meta өз қосымшаларын таратқанда Apple платформасына сүйенуге мәжбүр. Бұл мәселе 2021 жылы Apple құпиялылық саясатын өзгертіп, қолданушыларды жарнама үшін пайдалануды шектегеннен кейін ушыға түсті.

Meta аппараттық бағытта бұған дейін де қадам жасаған. EssilorLuxottica компаниясымен бірлесіп шығарылған Ray-Ban смарт-көзілдіріктері нарықта белгілі бір табысқа жетті. Енді Muse агенті осы көзілдіріктерге де енгізіледі. Компания осы жолы келесі жылы сатылымға шығатын, бағасы 1 299 доллар болатын жаңа Meta VR Glasses құрылғысын да таныстырды.

Бірақ Muse Charm-ға нақты сұраныс бола ма, жоқ па? Ол жағы белгісіз. Құрылғыда саусақ ізі сенсоры болады және оны іске қосқаннан кейін пайдаланушы өзінің ЖИ-персонажымен сөйлесе алады.Wayvia компаниясының бас директоры Энтони Ферри жаңа гаджетке күмәнмен қарайды.

«Неге мен тағы бір құрылғыны өзіммен бірге алып жүруім керек? Ол телефоннан ыңғайлы болмаса, бұл тек қуаттауды қажет ететін тағы бір зат болып қалады», – дейді ол.

Counterpoint Research сарапшысы Аншика Джайн, керісінше, Muse Charm ЖИ-мен өзара әрекеттесудің жаңа форматына айналады деп ойлайды. Оның айтуынша, құрылғы сұрақ қою, еске салғыш түрінде, жоспар құру немесе қозғалыс кезінде ақпаратқа қол жеткізу үшін пайдалы болуы мүмкін.

Meta тағы бір маңызды мәселені шешуі керек. Ол – Muse-тан тұрақты табыс табу жолы. Цукерберг уақыт өте келе ЖИ агенті арқылы жасалған транзакциялардан шағын комиссия алу жоспарланып отырғанын айтады. Алайда Amazon Muse-тың өз платформасын сканерлеп, клиент атынан сатып алу жасауына шектеу қойып үлгерді. Сондықтан Meta-ның басты артықшылығы – OpenAI-дан бұрын құрылғыны көрсетуінде емес, ЖИ агентін күнделікті өмірге қаншалықты табиғи енгізе алатынында болып отыр. Muse Charm тұтынушылар үшін шынымен смартфонды толықтыратын пайдалы құралға айнала ма, әлде кезекті эксперимент болып қала ма? Оны нарық анықтайды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:40
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 11:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары