Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі

Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында (КІҒЗИ) Ресей ғылым академиясының профессоры Сергей Артеменконың қатысуымен жүрек кеселімен туған студент қызға күрделі операция жасалды. Сәтті орындалған операцияның арқасында дәрігерлер 18 жастағы алматылық бойжеткеннің өмірін сақтап қалды.

Пациенттің былтырдан бастап жүрек қағысы жиілеп, басы айналып, ауырып, дерті жан шыдатпаған. Науқасқа эхокардиография, ЭКГ холтерлік мониторинг пен зертханалық талдаулар жүргізілген кезде PQ интервалының қысқарғаны, электрлік импульстің жүрек­шелерден қарыншаларға тым жылдам өтуі, дельта-толқын мен Вольф–Паркинсон–Уайт синдромының басқа да белгілері пайда болғаны анықталады. Жоға­рыдағы ауру белгілері жүрек­те қосымша электр өткізгіш жолының пайда болуынан туын­дайды.

Пациентті жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің интервенциялық аритмологі Бауыржан Ерболатов тексере келе, оған жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу жүргізу, қосымша электр жолын радиожиіліктік абляция әдісімен жою мақсатында ауруханаға жатқызады.

Медицинадағы мұндай кли­никалық жағдайдың ерек­шелігі – қосымша жол жүректің негізгі өткізгіштік жүйесіне өте жақын орналасқандықтан, науқастың жүрегі кенеттен тоқтап қалу қаупін ұлғайта түседі. Сондықтан заманауи 3D-навигациялық жүйенің көмегімен пациентке толық электроанатомиялық карта жасалып, радиожиілікті абляция сәтімен жүзеге асты. Жүректегі кеселді жолдың ана­томиялық орналасуының күр­делілігіне байланысты операция төрт сағатқа созылды.

«Клиникада жүрек ырғағы мен өткізгіш жүйесінің бұзы­лысы кезінде қажет болатын бар­лық хирургиялық операциялар жасалады. Өйткені бізде озық технологиялар, соның ішінде 3D-картографияға арналған навигациялық жүйелер бар. Шетелдік мамандар тұрақты түрде шеберлік сабақтарын өткізіп тұрады. Қазір ресейлік маман Сергей Артеменконың қатысуымен күрделі жүрек ауруларын емдеуге арналған сондай сабақтар өтіп жатыр. Осы дәрістердің аясында МӘМС есебінен 30 операция жасау жоспарланған», дейді бөлімше меңгерушісі Бағдат Ахыт.

Орайы келіп тұрғанда КІҒЗИ қалқанша безі түйіндерін емдеудің жаңа әдісін қолға алғанын да айта кеткен жөн. Бұл бастама науқастарға операция үстеліне жатпай, пышаққа түспей-ақ сауығуға жол ашып отыр. «Қалқанша безі түйіндерін емдеудегі зақымы барынша аз технологиялар» атты шеберлік сабағы аясында Оңтүстік Корея­дан келген профессор Хван Ён Джинмен бірге мамандарымыз 6 науқастың қалқанша безіне радиожиілікті абляция жасады. Радиожиілікті абляция дегеніміз – қалқанша безі түйіндерін хирургиялық операциясыз ем­деудің заманауи әдісі. Ем-дом барысында радиожиілікті токтың әсерімен қалқанша безінің сау тіндеріне зақым келтірілмей, патологиялық жасушалар жойы­лады.

Эндокринологтерге арнал­ған шеберлік дәрісіне іліккен 26 жастағы ең жас пациентке қалқанша безінің оң бөлігінде көлемі 4,4 см болатын уытты емес біртүйінді зоб диагнозы қойылған. Медицинада бұл ірі түйін деп есептеледі әрі мойын жолдарын қысатындықтан, көп жағдайда хирургиялық емдеуді талап етеді. 56 жастағы Алматы облысының тұрғынынан қалқанша безінің екі бөлігінде көлемі 4,3 см болатын уытты емес көптүйінді зоб анықталған. Пациенттің тыныс алуы, жұтынуы қиындап, ас, су ішкенде ауырып, тамақта бөгде зат тұрғандай, жыбырлау, жөтел белгілері мазалаған.

Клиниканың интервенция­­лық хирургі Арман Ибраев қал­қан­ша безіне жасалатын абляция наркозсыз жүргізілетінін айтады. Процедура 30 минуттан аса уақытқа созылуы мүмкін, кейде күрделілігіне қарай бір сағаттан асады. Алайда жоға­ры­да­ғы технологиямен 20 жылдай айналы­сып келе жатқан шетел­дік профессордың кәсіби шебер­­лігінің арқасында ем-дом шара­лары бірнеше минут ішінде жылдам атқарылды.

Соңғы жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 09:28

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп

Білім • Бүгін, 08:50

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

Шипа іздеп шетел асудың қажеті жоқ

Медицина • Бүгін, 08:35

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 09:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары