Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Бедеулікті емдеудің ең тиімді жолы

Бедеулікті емдеудің ең тиімді жолы

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазір елдегі технологиялар мен заңдық нормалар, тек отбасылық жұптарға ғана емес, жалғызбасты адамдарға да донорлық ұрық немесе суррогатты ана қызметін пайдаланып, балалы болуға мүмкіндік бар. Бұл осы бағытта медициналық туризмді дамытуға сеп болды. Соңғы он жылда шамамен 150 мың жұп елдегі репродуктивті технологияларға жүгінген. Ал процедуралардың тиімділігі үш есе артып, 42%-ға жетті.

Балалы үй - базар. Баласыз үй - қу мазар. Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бедеулікке шалдыққан. Ерлі-зайыптылардың 20%-ы сәби болмағандықтан ажырасады. Дәл осындай қиын жағдайды бастан өткергендердің бірі - Гүлнар мен Сәкен. Олар үйленген соң төрт жылдай бала болмаған. Ажырасуға шақ қалғанда ерлі-зайыпты медицинаның көмегіне жүгінді. Бұл жұп бір емес, төрт рет экстракорпоральды ұрықтандыру жасатқан. Соның біреуі сәтті шықты.

Гүлнәр Иманқұлова, қала тұрғыны:

- Біздің жасымыз 39-40-та. Қосылғанда 27 жаста едік. Басында өзіміздің баламыз болды, бірақ Алланың бұйрығымен түсік тастадық. Содан кейін екі жылдай жүрдік емделіп, алайда болмады, бұйрық солай болды. Осылай ЭКО жасау арқылы бала сүйе аласыңдар деген үкім шығарғаннан кейін біз осы жолға кірістік. Алайда біз мемлекеттен қаржы алған жоқпыз. Жолдасымның арқасында, несие алу арқылы өзіміз бірінші жолды бастадық. Қиындау болды, әрине, кейде ажырассам ба деген де ой келді... көп нәрсе болды. Алайда ер адамның көмегі, осы кісінің сүйіспеншілігі маған "Біз жеңеміз!" деп айтты, маған ортақ бала болады деп айтты. Мен соған сендім, соның арқасында ұлды болдық. Қиыншылықтар көп болды. Ол баланы көтергенде ковид кезі еді. Десе де біз қорықпадық, мойымадық. Ұлымыз бар, қазір міне, 5 жасар. 

Бүгін ерлі-зайыптылар араға бес жыл салып, тағы да ЭКО жасатуға келді. Бұл жолғы процедураны арнайы қор қаржыландырады. 

Гүлнар Иманқұлова, қала тұрғыны:

- Ұрықтарды алды. Дайын, енді бүгін ұрықты салу күні. Бұйыртса бұдан кейін 2 апта күтеміз.... Алладан күтеміз, Алладан тілейміз.

Сакен Боканов, қала тұрғыны:

- Мен жолдасымды қолдауға келдім. Енді кішкене қобалжу бар. Бақытты отбасы болу үшін бір-бірін сыйлап жүргенге не жетсін деп ойлаймын. 

Жасанды жолмен ұрықтандыру - бүгінде дүниежүзі бойынша бедеулікпен күрестің ең тиімді жолы деп танылған. Алайда оның нәтижесі адамның жасына байланысты. Процедура кезінде эмбрионның жатырға жақсы бітіп кетуіне де осы фактор әсер етеді.

Алмас Ибрагимов, репродуктолог дәрігер:

- ЭКО бағдарламасының нәтижелілігі әйел адамның жасына тікелей тәуелді. Орташа есеппен алатын болсақ, 40% шамасында. Ал 35-жасқа дейінгі келіншектерде 50-60%-дан асады нәтижелілігі. Сондықтан жасырақ кезде емге жүгінген дұрысырақ.

Жалпы әлемде 10 млн-нан астам бала жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген. Қазақстанда мұндай сәбилердің саны 40 мыңға жуықтайды. Алайда бедеулікке шалдыққандардың бәріне бірдей денеден тыс ұрықтандыру қажет емес. Дәрігерлердің айтуынша, кейбір жұптар қарапайым ем-домнан кейін, тіпті психологпен сөйлескеннен кейін де табиғи жолмен бала көтереді. Бастысы уақыт созбай, маманның көмегіне жүгіну.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Асхат Қарақойшиев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 19:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары