Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Мемлекеттік бағдарлама әлде ипотека: Үй алудың ең тиімді жолы қандай?

Мемлекеттік бағдарлама әлде ипотека: Үй алудың ең тиімді жолы қандай?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Баспана мәселесі – еліміздегі ең өзекті тақырыптардың бірі. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру мақсатында жеңілдетілген бағдарламалар іске қосылып жатыр. Ипотекалық бағдарламалар саны көбейгенімен, олардың әрқайсының өзіндік ерекшелігі бар. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген несиелердің қайсы тиімді екенін Egemen.kz тілшісіне тұрғын үй сарапшысы, «Квартал» жылжымайтын мүліктер агенттігінің директоры Анна Таянович айтып берді.

Сарапшының айтуынша Қазақстанда тұрғын үй сатып алуға арналған бірнеше негізгі мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді: «7-20-25», өңірлік бағдарламалар (мысалы, «Алматы жастары»), сондай-ақ «Отбасы банк» өнімдері.

«Олардың негізгі айырмашылығы пайыздық мөлшерлемеде (жеңілдетілген бағдарламаларда 5%-дан 9%-ға дейін), бастапқы жарна көлемінде (10%-дан 20%-ға дейін), несие сомасының шекті мөлшерінде және қарыз алушыларға қойылатын талаптарда (жасы, тұрғын үйінің болуы, әлеуметтік санаты) жатыр. Сонымен қатар кейбір бағдарламалар тек бастапқы нарыққа бағытталса, басқалары қайталама тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді», деді сарапшы.

Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді

Бүгінде көпшілік үй алу үшін негізінен «Отбасы банкке» жүгінеді. Сарапшы бұл банктің бағдарламалары қаншалықты тиімді екенін және негізгі талаптары мен шарттарын айтып берді.

«Отбасы банк» бағдарламалары – Қазақстанда тұрғын үй алудың ең тұрақты әрі тиімді құралдарының бірі саналады. Олардың басты ерекшелігі – жинақтау жүйесі: тұтынушы алдымен белгілі бір мөлшерде қаражат жинайды, содан кейін жеңілдетілген мөлшерлемемен несие ала алады.

Негізгі қойылатын талаптар: банкте депозиттің болуы, тұрақты түрде қаражат жинау, табысты растау және қажетті бағалау көрсеткішіне жету. Бұл модель әсіресе тұрақты, бірақ жоғары емес табысы бар азаматтарға, тұрғын үйді алдын ала жоспарлап алғысы келетіндерге, артық төлемді азайтуды көздейтін отбасыларға қолайлы», дейді сарапшы.

Мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алу үшін міндетті түрде бастапқы жарна болуы керек. Сарапшы бастапқы жарна көлемі бағдарламаға байланысты әртүрлі болатынын айтады.

«7-20-25» бағдарламасына 20%-дан, «Наурыз» бағдарламасына 10-20%-дан, өңірлік бағдарламаларға көбіне 10%-дан алғашқы жарна салуға тура келеді. Ал «Отбасы банктің» жинақтау бағдарламалары іс жүзінде 30-50% (жинақ арқылы) аралығы. Осылайша, мемлекеттік бағдарламаларға кірудің ең төменгі шегі шамамен 10%-ды құрайды, алайда ең тиімді мөлшерлемелер жоғары бастапқы жарна кезінде қолжетімді болады», деді Анна Таянович.

Көптің көкейінде жүрген сұрақтың бірі: «Мемлекеттік бағдарламалар тиімді ме әлде коммерциялық ипотека қолайлы ма?». Сарапшы көп жағдайда мемлекеттік бағдарламалар коммерциялық ипотекаға қарағанда әлдеқайда тиімді екенін айтты.

«Мемлекеттік бағдарламада пайыз мөлшері коммерциялық ипотекаға қарағанда әлдеқайда аз. Бұған қоса несие бойынша артық төлемнің аздығымен ерекшеленеді. Бстапқы шарттардың жеңілдігі тағы бар. Бірақ коммерциялық ипотеканың артықшылығы – рәсімдеу жылдамдығы мен кезектің болмауы. Алайда ұзақ мерзімде ол әлдеқайда қымбатқа түседі», деді сарапшы.

«Ұмай» мен «Жасыл ипотека» бағдарламалары іске қосылады: Бастапқы жарна қанша?

Мемлекеттік бағдарламалар аясында жастарға, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған.

«Жастарға арналған арнайы өңірлік бағдарламалар бар. Үй беру кезінде көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау ретінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және бастапқы жарнаны төмендету қарастырылған. Бұл санаттар үшін пайыздық мөлшерлеме төмен (5%-дан бастап) және шарттары жеңілдетілген болады», деді ол.

Сарапшының айтуынша, пайыздық мөлшерлемелердегі айырмашық тұрғын үйдің қолжетімділігіне тікелей әсер етеді.

«Мөлшерлеменің 5-7%-ға төмендеуі ай сайынғы төлемді 30-50%-ға азайтады. Жалпы артық төлемді 2-3 есе қысқартады. Ипотеканы кеңірек аудитория үшін қолжетімді етеді. Сондықтан мөлшерлеме – тұрғын үй сатып алу туралы шешім қабылдаудағы негізгі факторлардың бірі», деді сарапшы.

Ол сондай-ақ тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылар тап болатын қиындықтар мен оларды шешудің жолдарына тоқталды.

«Негізгі кездесетін мәселелер – қаржыландырудың шектеулілігі және кезектің көптігі. Бұған қоса табысқа қатаң талаптар қойылады. Тұрғын үй таңдаудың шектеуі тағы бар. Кей жағдайда нарықтағы баға белгіленген шектеулерге сәйкес келмей жатады. Осы қиындықтарды болдырмау үшін мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруды кеңейту қажет. Тұрғын үй бағасының шегін арттыру және қайталама нарықты дамыту, өтінім беру процестерін цифрландырудың да маңызы зор», деді Анна Таянович.

2 және 5%-дық ипотека: Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі және оны қалай алуға болады?

Қазір ауылдық жерден де мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алуға болады. Қала мен ауыл арасындағы тұрғын үй бағдарламалары шарттарында айтарлықтай айырмашылық бар.

«Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда несие сомасының шектеуі жоғары болады. Әрі тұрғын үй бағасы қымбат, бәсекелестік пен кезек көп. Ал өңірлерде тұрғын үй арзанырақ, бағдарламаға қатысу жеңілірек, бірақ сапалы тұрғын үй таңдауы шектеулі болады», деді сарапшы.

Анна Таянович болашақта тұрғын үй бағдарламаларының тиімділігін арттыру үшін қандай өзгерістер қажет екенін де атап өтті.

«Бағдарламалардың тиімділігін арттыру үшін қаржыландыруды ұлғайтып, қамтуды кеңейту қажет. Шектеулерді нарықтағы нақты бағаларға сәйкес бейімдеу және қайталама тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру керек. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін икемді шарттар енгізіп, мақұлдау рәсімдерін жеңілдету қажет. Сондай-ақ ұзақ мерзімді жинақтау механизмдерін дамыту және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру да маңызды», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?

Бокс • Бүгін, 13:49

Қазақстанда кітап апталығы басталды: 1 500-ден астам іс-шара өтеді

Оқиға • Бүгін, 13:25

Мемлекет басшысы Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент • Бүгін, 13:03

Вице-президент қашан тағайындалады? Мәулен Әшімбаев жауап берді

Саясат • Бүгін, 13:00

Ұлыбританияға виза алу жеңілдеуі мүмкін

Оқиға • Бүгін, 12:53

Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен

Заң • Бүгін, 12:35

Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді

Қоғам • Бүгін, 12:25

Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген

Қоғам • Бүгін, 12:13

Екі дзюдошымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Спорт • Бүгін, 12:02

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей өтемақы төлейтін болды

Қоғам • Бүгін, 11:58

Мажарстанның жаңа премьері президенттің отставкаға кетуін талап етті

Әлем • Бүгін, 11:42

Екібастұзда медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер ұсталды

Медицина • Бүгін, 11:35

Оралда көлігіне қағаздан жасалған жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды

Аймақтар • Бүгін, 11:18

Түрік компаниялары елдегі мұнай-газ қорларын барлауға көмектеспек

Энергетика • Бүгін, 11:03

Павлодарда әскери қызметші қаза тапты: Қылмыстық іс қозғалды

Оқиға • Бүгін, 10:45

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 14:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see134

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see103

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see103

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see103

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары