Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Медеуде мұз, трибуналар мен киім ауыстыратын бөлмелер жаңартылады жобаның егжей тегжейі

Үйшік: Атыраудың терең тарихындағы көне қала аты

Рафаэль Уразбахтин: Левскиді құрметтейміз, бірақ ешкімнен қорықпаймыз

Солтүстік Кипрдегі супермаркетте қайғылы оқиға: қазақстандық бойжеткен зардап шекті

ҚХП: Кәсіподақтар қоғамға жік салмай, жұмысшылардың құқығын қорғауы керек

Жеңіл атлетикадан АҚШ та өтетін U20 әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Respublica партиясының басшылығы халықаралық байқаушылармен кездесті

ҰлтССО АҚ ға монополияға қарсы заң бұзушылық үшін ескерту жасалды

Сауда министрлігі бағаның өсуіне не себеп болғанын түсіндірді

Рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды: қанша қазақстандық бостандыққа шықты

Мұраға алты ай: мерзімді өткізіп алғандарды не күтіп тұр

Шығыс Қазақстанда жаңадан келген сотталушыдан ақша бопсалағандардың жаза мерзімі ұзартылды

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

ШҚО да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды

Қала басшысы Instagram мен TikTok ты балаларға зиянды деп сотқа берді

Рақымшылық: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шықты?

Ресейдегі жанармай дағдарысы: Қазақстанда күзде азық түлік қымбаттай ма

Украина елшісінің мәлімдемесі Германияда сынға ұшырады

Түркістандағы Respublica форумы: нақты нәтиже, нақты жауапкершілік

Басты міндет жұмысшылардың құқығын қорғау

Қара жолда қауіп көп

Қара жолда қауіп көп

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алайда бейбіт күнде қара жолдың бойында армандар адыра қалып, үміттердің үзілетіні – өкініш. Жүргізушілердің жол ережесін сақтамауынан, салғырт қараудың салдарынан жол үстінде көз жұмғандар көп. Сондықтан жол қауіпсіздігі қоғам назарын аударар мәселенің біріне айналып отыр.  

Статистика не дейді?

Бас прокуратураның Құқықтық статистика жә­не арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы алты айында елімізде 15 698 жол-көлік оқиғасы тір­келді. Бұл көрсеткіш 2024 жыл­дың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­ған­да 54 пайызға артық. Кейінгі 9 айда елі­мізде жол-көлік оқиғаларынан 1 600-ден астам адам көз жұмып, 35 мың­нан аса адам түрлі жарақат алған.

Мамандар сақтандыру төлемінің са­ны елдегі жол апатының тура көр­сеткіші саналады, себебі ол Бас про­­куратура статистикасы сияқты тек кісі зардап шеккен жол-көлік оқи­ғасын емес, шығын көлемі аз бар­лық тіркелген сақтандыру жағ­дайын қамтиды дейді. Сондықтан Мемлекеттік кредиттік бюро жа­рия­лаған отандық сақтандыру ком­панияларының міндетті сақтандыру төлемдерінің санына да көз жүгіртіп көрдік. Мәселен, биылғы алты айда сақтандырушылар 74 мыңнан астам төлем жасаған болса, бұл былтырғы сәйкес кезең­мен салыстырғанда 11,6% көп. Жалпы алғанда, елі­мізде жыл сайын жол апаттарының саны ұдайы өсіп келеді. Яғни, 2003 жыл­дың алғашқы алты айымен салыс­тырғанда жол-көлік оқиғасы 2024 жы­лы сәйкес кезеңде 42%-ға өскен. Ал биыл «Евразия» сақтандыру ком­паниясының сарап­шы­лары 2024 жылмен салыстырғанда, 2025 жыл­дың алғашқы жартысында жол апа­ты 54,04% өсті дейді.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жолдағы апаттың арту себебін сұрағанымызда, «Жол-көлік оқиғасының статистикалық деректерінің және онда зар­дап шеккендер санының өсуі 2024 жылғы маусымнан бастап Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі ко­митеттің жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты» деп түсіндірді.

«Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, жол-көлік оқиғасынан кейін медициналық мекемелерге жүгінген барлық адам есепке алынады (бұрын сот-медициналық сараптама жүргізу қажет болған). 2025 жылдың 9 айында қаза тапқандар 3%-ға төмендеді. Тәуелсіздік кезеңінде еліміздің автопаркі 2 млн-нан 5,5 млн-ға дейін өсті. Сонымен қатар ел арқылы өтетін 3 миллион транзиттік автокөлік бар. Бұл көлік саны мен жолдағы тығыздыққа әсер етеді. Бұл ретте, ІІМ қабылдап жатқан шаралар апаттылықты айтарлықтай төмендетуге қол жеткізді» деп жазды министрліктің баспасөз қызметі бізге берген жауабында.

Сарапшылардың айтуынша, жол апат­тарының көбеюіне бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, көлік саны жыл сайын артып келеді. Екіншіден, былтырғы жылдан бастап жүргізушілер ұсақ жол апаттарын полицияның қатысуынсыз, яғни еурохаттама арқылы рәсімдей алатын болған. Сондай-ақ жолдың сапасы, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі де апат көрсеткіштеріне әсер етеді.    

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз хат­шысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, 2025 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 2024 жылмен са­лыстырғанда жол-көлік оқиғалары кезінде қаза тапқандар саны 14%-ға азайды.

– 2025 жылы 708 адам, ал 2024 жылы 807 адам қайтыс болған. Жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 20%-ға өсті, 2025 жылы 3 228 оқиға тіркелді, ал 2024 жылы 2 690 оқиға тіркелген. Өсімнің себебі жол-көлік оқиғаларын есепке алу және тіркеу тәртібінің өзгеруіне байланысты, яғни енді салдарының ауырлығына қа­рамас­тан барлық оқиға есепке алынады. Бұрын зақым болмаған жағдайда есепке алу жүргізілмеген, – деді ол. 

Яғни, бұрын жол апаты тек меди­циналық сараптамадан кейін тіркелетін, ал қазір барлық жол апаты есепке алынады.

Жолдардың 12%-ы ғана талапқа сай

Ішкі істер министрлігінің хабар­лауынша, еліміздегі жол апатының 90%-ы жүргізушілердің кінәсінен жаса­лады. Республика бойынша жол-көлік оқиға­ларының  саны мен ауырлығы бір­кел­кі емес. Бірқатар өңірде апат деңгейі тым жоғары, әсіресе республикалық маңызы бар жолдарда апат көп болады. Мысалы, Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш – 63,5 % болса, Жетісуда – 57,5 %, яғни әр екінші жағдайда адамдар жарақат алады. Республика бойынша орта есеппен әр бесінші оқиға (21,3 %) ауыр деп саналады. Салдарынан биыл тоғыз айда 22 346 адам зардап шегіп, оның 955-і қайтыс болған. Бас прокуратураның есебінше, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі республикалық маңызы бар тасжолдарда тіркелген – 1 401. Салдарынан 3 146 адам зардап шеккен. Олардың 2 791-і жа­раланып, 355-і қайтыс болған. Ең көп жол апаты Алматы – 404, Ақмола – 126 және Жамбыл – 121 облыстарында болған. Сәкен Ділахметтің пікірінше, жол-көлік оқиғалары  көбіне жол жабынының сапасына емес, жүргізушілердің жол қозға­лысы ережелерін сақтамауынан болып жатады.

– Көлікті басқарып келе жатып ұйықтап кету, қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты шамадан тыс асыру және  өзге де жол қозғалыс ережелерін бұзу, жол белгілерінің талаптарын елемеу – апаттың жиілеуіне әкеліп соғады. Қазір автожолдардың жай-күйі жақсарып келеді. Жоспарға сәйкес күрделі, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл 4,5 мың шақырымнан астам жол қамтылды. Бұл жұмыстар аясында жол жабынын жаңарту, жол белгілерін орнату, жарықтандыру, қар­дан қорғайтын қоршаулар мен үй жануарлары жолға шығып кетпеу үшін қойылатын қоршаулар орнату, жол таңбаларын салу, жол жиегін бекіту сынды өзге де шаралар іске асырылуда, – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ  баспасөз хатшысы.  

Еліміздің тасжолдарындағы ин­фра­құрылым да сын көтермейді. Рес­публикалық маңызы бар автожолдардың басым бөлігін жөндеу қажет. Жолдардың тозуы, белгілері мен жарықтан­дырудың жетпей жататын тұсы да көп.  Бұл тұрғыда тек жүргізушіден  тәртіп талап ету аздық етеді. ІІМ-нің дерегінше, республикалық автожолдардың  12%-ы ғана (25 мың шақырымның 3 мыңы) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Алдағы уақытта  төрт және одан да көп жолақтары бар 6 мың шақырымнан астам жол салу жоспарланған. Қазір қауіпсіз жолдарды салуға қатысты ұзақмерзімді шаралар, апат жағдайына тікелей әсер ететін және қысқа мерзімде шешілуі мүмкін мәселелер қолға алынған. Халықаралық қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған жолдарда ресми ақпаратқа сәйкес қайта жөндеуден кейін адам шығыны бірнеше есе азайған. Яғни, соңғы 10 жылда 100 мың тұрғынға шаққанда өлім-жітім көрсеткіші 14,9-дан 12,4-ке дейін төмендеген. 

Сатып алған куәлік – адам өміріне қауіп

Соңғы жылдары жүргізуші куәлігін білім мен сынақсыз сатып алу деректері жиілеп барады. Бұл тек құқықбұзушылық емес, адам өміріне қауіп төндіретін салғырттық. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жүргізушілердің ішінде жол ережесін білмейтіндер, тіпті оқу-жаттығу курсын толық өтпегендер де бар. Ресми ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы 500-ден астам жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталған.

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров жүргізуші куә­лігін сатып алатындар мен жүргізуші да­йын­дайтын мектептерге, күні-түні де­малмай үш-төрт рет қалааралық рейс жасап, жолаушылар тасымалдайтын көлік жүргізушілерге қатаң тәртіп пен жауапкершілік жүктеу керек дейді. Оның айтуынша, түні бойы денені сергітетін сусын ішіп, оның әсері біткеннен кейін лезде ұйықтап кетеді. Соның салдарынан жол апаты болып жатады.

–  Жүргізуші куәлігін 250 мың теңгеге алуға болатыны жөніндегі жарнама бар­лық қалада таралған. «Помогайкалар» куәлікті мектепте оқымай-ақ алуға бо­ла­тынын жасырмайды! Сондықтан жүр­гізуші дайындайтын мектептердің жауапкершілігін арттыру, сервистердің де заң алдындағы жауапкершілігін күшейту өте маңызды, – деді ол.

Мемлекет тарапынан бұл бағытта бірқатар жұмыс жүзеге асып жатыр. Қазір жүргізуші куәлігін алу процесін толық цифрландыру, емтихан барысында бейнебақылау орнату, авто-мектептерді қатаң лицензиялау секілді шаралар күшейтілуде. Ішкі істер министрі мен Ұлттық экономика министрінің «Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығының жобасы әзірленді. Сондай-ақ тәртіпті арттыру, процестерді жетілдіру және жүргізуші куәліктерін беру кезінде заңдылықтың бұзылуына ықпал ететін жағдайларды жою мақсатында кезең-кезеңімен кешенді шаралар қабылданды.

«Мәселен, ІІМ-нің 2024 жылғы 10 сәуір­дегі №315 бұйрығымен механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына (ІІМ-нің 02.12.2014 ж. №862 бұйрығы) өздігімен дайындалып емтихандарды тапсыру және А, В санатындағы, А1, В1 кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу мүмкіндігін бол­дырмау бөлігінде өзгерістер енгізілді», – деді ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Ал Ерлан Саиров бұл мәселеде да­мы­ған елдердің тәжірибесіне сүйену керегін айтты. Оның сөзінше, АҚШ-та жүргізушілерге қойылатын талап өте қатаң. Такси қызметін көрсету үшін әрбір жүргізушінің жеке басы, денсаулығы, соттылығы, жүргізуші куәлігі, тынығуы толық сүзгіден өткізіледі. Егер жүргізуші жолда жылдамдықты шектен тыс арт­тыр­ған болса, жол полициясы айыппұл салып, лезде Uber жүйесіне мәлімет жібереді. Ол дереу жүргізуші аккаунтын 2 жылға жауып тастайды. Осы секілді тәжірибелер бізге де қажет болып отыр.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 07:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Медеуде мұз, трибуналар мен киім ауыстыратын бөлмелер жаңартылады жобаның егжей тегжейі

04 Тамыз 2026 16:32see122

Үйшік: Атыраудың терең тарихындағы көне қала аты

05 Тамыз 2026 23:24see119

Рафаэль Уразбахтин: Левскиді құрметтейміз, бірақ ешкімнен қорықпаймыз

04 Тамыз 2026 17:05see119

Солтүстік Кипрдегі супермаркетте қайғылы оқиға: қазақстандық бойжеткен зардап шекті

04 Тамыз 2026 16:48see119

ҚХП: Кәсіподақтар қоғамға жік салмай, жұмысшылардың құқығын қорғауы керек

04 Тамыз 2026 18:04see118

Жеңіл атлетикадан АҚШ та өтетін U20 әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

04 Тамыз 2026 20:52see116

Respublica партиясының басшылығы халықаралық байқаушылармен кездесті

04 Тамыз 2026 22:27see116

ҰлтССО АҚ ға монополияға қарсы заң бұзушылық үшін ескерту жасалды

05 Тамыз 2026 23:23see115

Сауда министрлігі бағаның өсуіне не себеп болғанын түсіндірді

04 Тамыз 2026 22:01see115

Рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды: қанша қазақстандық бостандыққа шықты

05 Тамыз 2026 12:17see115

Мұраға алты ай: мерзімді өткізіп алғандарды не күтіп тұр

04 Тамыз 2026 15:28see114

Шығыс Қазақстанда жаңадан келген сотталушыдан ақша бопсалағандардың жаза мерзімі ұзартылды

05 Тамыз 2026 13:08see114

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

06 Тамыз 2026 08:29see112

ШҚО да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды

05 Тамыз 2026 23:05see112

Қала басшысы Instagram мен TikTok ты балаларға зиянды деп сотқа берді

05 Тамыз 2026 11:03see111

Рақымшылық: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шықты?

05 Тамыз 2026 14:14see110

Ресейдегі жанармай дағдарысы: Қазақстанда күзде азық түлік қымбаттай ма

04 Тамыз 2026 16:57see110

Украина елшісінің мәлімдемесі Германияда сынға ұшырады

04 Тамыз 2026 16:50see110

Түркістандағы Respublica форумы: нақты нәтиже, нақты жауапкершілік

05 Тамыз 2026 22:45see108

Басты міндет жұмысшылардың құқығын қорғау

04 Тамыз 2026 14:40see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары