Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қарағанды гарнизонының әскери бөліміне сарбаздардың ата анасы барды

Қарағанды гарнизонының әскери бөліміне сарбаздардың ата анасы барды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Астана» өңірлік қолбасшылығының 31775 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілердің ата-аналарына ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Іс-шара «Армия ата-аналар көзімен» әскери-патриоттық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Бұл Қарулы Күштердің ашықтығын арттыруға және сарбаздардың әскери қызметті өткеру жайы туралы олардың отбасыларын ақпараттандыруға бағытталды.

Әскери бөлім аумағының кіреберісінде ата-аналарды өз ұлдары қарсы алды. Сарбаздар туған-туыстарын бөлім аумағында да өздері ертіп жүрді. Бағдарлама Батырлар аллеясында гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Ата-аналарға Ұлы Отан соғысы жылдарында құрылған, ондаған жылдар бойы елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және Отан қорғаушыларын тәрбиелеуге үлес қосып келе жатқан әскери бөлімнің тарихы таныстырылды.

Қонақтар ұлдары оқып-жаттығатын қару-жарақ пен әскери техниканы көрді. Бөлімше командирлері жауынгерлік даярлық процесі туралы жан-жақты айтып, оқу сыныптарын және жеке құраммен өткізілетін сабақтардың түрлерін көрсетті.

Ата-аналарға казармаларды аралау ерекше қызығушылық тудырды. Олар сарбаздардың тұрмыс жағдайын көріп, үй-жайлардың тәртібі мен жабдықталуын бағалады. Әскери қызметшілердің тұрмысын жайлы етуге арналған қосымша мүмкіндік ретінде заманауи техникамен жабдықталған жаңа монша-кір жуу кешені қызмет етеді. Ата-аналардың көбі әскери қызмет жағдайы өздерінің бұрынғы түсініктерінен айтарлықтай өзгеше екенін атап өтті.

Экскурсиядан кейін әскери бөлім басшылығымен кездесу өтті. Ата-аналар бөлім басшылығына, әскери прокурорға, одан басқа «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитеті» РҚБ өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Әңгіме барысында тұрмыс, оқу-жаттығу және әскери қызметшілердің құқықтарының сақталуы мәселелері талқыланды.

– Біз үшін ата-аналардың қызмет жағдайын өз көздерімен көріп, командирлермен ашық сөйлесіп, кез келген сұрақты қоя алуы аса маңызды. Ашықтық пен сенім – жұмысымыздың негізі. Әрбір сарбаз біз үшін бір үйдің баласы, біз оның қауіпсіздігіне, дайындығына және лайықты қызмет жағдайына жауаптымыз, – деп атап өтті «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, полковник Махсут Гусейнов.

Ашық есік күні сарбаздар асханасында бірге түскі ас ішумен аяқталды. Ата-аналар әскер тағамынан дәм татып, ұлдарымен бейресми жағдайда уақыт өткізе алды.

– Жаңа жыл қарсаңындағы бұл кездесу бізге керемет сый болды. Барлығын өз көзімізбен көріп, сарбаздардың жақсы жағдайда тұрып жатқанын, барлығы жеткілікті қамтамасыз етілгенін білдік. Осындай мүмкіндік жасаған бөлім басшылығына үлкен рақмет, – деді сарбаздың анасы Гүлдана Жаналина.

Ашық есік күнінің өткізілуі армия мен қоғам арасындағы сенімді нығайтудың маңызды қадамы болды. Мұндай іс-шаралар ата-аналарға балаларының лайықты жағдайда қызмет өткеріп жатқандығына, ал даярлықты тәжірибелі әрі сенімді командирлер жүргізіп отырғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 07:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары