Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қарағанды облысында жыл басынан бері 380 адам қызылша жұқтырған

Қарағанды облысында жыл басынан бері 380 адам қызылша жұқтырған

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қарағанды облысында қызылша дерті бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. 2026 жылдың 1 қаңтарынан 23 сәуіріне дейін өңірде зертханалық тұрғыда расталған 380 жағдай тіркелген. Ауырғандардың басым бөлігі — 14 жасқа дейінгі балалар, олардың үлесіне барлық жағдайлардың 86%-ы тиесілі.

Мамандардың айтуынша, инфекцияның таралуындағы негізгі фактор — вакцинация деңгейінің төмендігі. Ауырғандардың 83,6%-ы — екпе алмаған балалар (318 адам). Вакцинадан бас тарту себептері әртүрлі: ата-аналардың 44,3%-ы екпеден саналы түрде бас тартады, 33,6% балалар жас ерекшелігіне байланысты вакцинациялауға жатпайды, 10,6%-ында медициналық қарсы көрсетілім бар, ал 11,5% жағдайда екпе мәртебесі белгісіз.

Ең күрделі жағдай Қарағанды мен Балқаш қалаларында, сондай-ақ Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында қалыптасқан. Мұнда сырқаттанушылық көрсеткіштері облыстық орташа деңгейден жоғары.

Ауру жағдайларының өсуіне байланысты өңірде иммундау шаралары күшейтілді. Қосымша жаппай вакцинация аясында 6-11 ай аралығындағы 1615 балаға екпе салынды (қамтылуы — 37,7%), тағы 2387 бала (60,6%) толықтырушы вакцинациямен қамтылды.

— Бүгінде біз вакцинация деңгейі мен қызылша дертінің таралуы арасында тікелей байланысты көріп отырмыз. Ауырғандардың басым бөлігі — екпе алмаған балалар. Вакцинация — қорғанудың ең тиімді тәсілі, және бір жайтты түсінген жөн: инфекцияның өзінен болатын асқыну қаупі екпеден кейінгі ықтимал реакциялардан әлдеқайда жоғары, — деп атап өтті Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанова.

Санитариялық қызметтердің мәліметінше, Қазақстанда вакцинация Ұлттық егу күнтізбесі аясында тегін жүргізіледі. Ол 21 жұқпалы ауруды қамтиды және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді. Жүйелі иммундау нәтижесінде елде бірқатар қауіпті инфекциялар айтарлықтай азайған: мысалы, эпидемиялық паротит 100 еседен астам, А вирустық гепатиті де 100 есеге, ал В гепатиті 100 еседен астам төмендеген.

Қарағанды облысында көп жылдар бойы дифтерия мен қызамық тіркелмеген, ал сіреспе жағдайлары бірлі-жарым ғана. Дәрігерлер бұл нәтижелерге дәл вакцинацияның арқасында қол жеткізілгенін атап өтеді.

Алайда COVID-19 пандемиясы кезеңінде профилактикалық егумен қамту деңгейі төмендеп, ұжымдық иммунитет әлсіреді. Соның салдарынан 2023 жылдан бастап өңірде қызылша өршулері қайта тіркеле бастады, ал 2024 жылдан бері көкжөтел жағдайлары да байқалуда.

Дәрігерлер әлеуметтік желілерде таралатын жалған ақпараттың әсеріне де назар аударады. Тіпті қысқа уақытқа жалған мәліметтерге тап болу ата-аналардың вакцинацияға деген сенімін әлсіретіп, эпидемиологиялық жағдайға кері ықпал етуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, қызылшадан кейінгі асқынулар өте ауыр болуы ықтимал — жүйке жүйесінің зақымдануынан бастап өлім-жітімге дейін әкелуі мүмкін. Ал екпеден кейінгі реакциялар, әдетте, қысқа мерзімді және жеңіл түрде өтеді.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, санитариялық дәрігерлер ата-аналарды балаларды уақытылы вакцинациялауға және жалған ақпараттың ықпалына берілмеуге шақырады. Себебі инфекцияның таралуын тежеудің негізгі құралы — вакцинация.

Бұған дейін Қазақстанда қызылшаға шалдығу деңгейінің төмендегені хабарланған болатын: соңғы аптада дерт жұқтыру жағдайлары шамамен үштен бірге азайған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 17:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары