Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Жыл басынан бері Қарағанды облысында қызылша жұқтырудың 195 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Қарағанды облысында қызылша жұқтырудың 195 жағдайы тіркелді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қарағанды облысында қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Жыл басынан бері өңірде зертханалық тұрғыда 195 жағдай расталды, оның 16-сы еліміздің өзге облыстарынан әкелінген. Салыстырмалы түрде айтқанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 108 жағдай ғана тіркелген еді. 

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгиннің мәліметінше, қызылша мен көкжөтел «басқарылатын инфекциялар» санатына жатады, яғни олардың таралуы халықтың вакцинация деңгейіне тікелей тәуелді. Бұған дейінгі жылдары жүргізілген жаппай иммундау аурушаңдықты айтарлықтай төмендетіп, эпидемиологиялық тұрақтылық қалыптастырған.

Алайда екпемен қамтудың азаюы, соның ішінде COVID-19 пандемиясы кезеңінде жоспарлы вакцинацияның үзілуі иммундық қорғанысы жоқ адамдардың үлесін арттырды. Мамандардың айтуынша, дәл осы жағдай инфекцияның қайта белсенді фазаға өтуіне негізгі себеп болған. Бұған қоса жоспарлы екпелердің өткізілуі, ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы, вирустың жоғары жұқпалылығы және басқа өңірлерден тасымалдануы да әсер еткен.

— Қазіргі таңда санитарлық дәрігерлерді алаңдататын басты мәселе — вакцина арқылы басқарылатын инфекциялар. Олардың қатарында қызылшадан бөлек көкжөтел, дифтерия, полиомиелит және қызамық бар. Дегенмен аса жоғары контагиоздылығы мен ауыр асқынуларына байланысты қызылша ерекше қауіп төндіріп отыр. Статистикаға сәйкес, науқастардың 88% — 14 жасқа дейінгі балалар. Дәрігерлер мұны балалар ағзасының әлсіздігімен, мектептер мен балабақшалардағы тығыз қарым-қатынаспен, сондай-ақ екпе алмаған немесе уақытылы вакцинацияланбаған балалардың болуымен түсіндіреді. Вирус ауа-тамшылы жолмен таралады, ал жабық жерде екпе алмағандар арасында жұқтыру ықтималдығы 90–95 пайызға дейін жетеді, — делінген хабарламада.

Қызылша ауыр асқынуларға соқтыруы мүмкін. Атап айтқанда, вирустық пневмония, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы және тұрақты иммундық бұзылыстар тіркеледі. Екі мың жағдайдың бірінде мидың қабынуы — энцефалит немесе панэнцефалит дамиды. 0,2 пайыз жағдайда мүгедектік, ал 0,3 пайыз жағдайда өлім-жітім тіркеледі.

Көкжөтел әсіресе бір жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті. Ол апноэ ұстамаларына, құрысуға және айқын тыныс жеткіліксіздігіне әкелуі ықтимал.

Мамандар вирустар «әлсіреген жоқ» дейді және елеулі мутацияға ұшырамағанын атап өтеді. Қауіптің жете бағаланбауы халықтың эпидемиологиялық қырағылығының төмендеуінен туындап отыр. Ал инфекцияның өзі мен оның асқынуларынан келетін зиян сирек кездесетін поствакциналық реакциялармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Эпидемиологтардың дерегінше, вакцинадан кейінгі реакциялар шамамен 6 пайыз жағдайда байқалады және көбіне бірнеше күн ішінде арнайы емсіз басылатын қысқа мерзімді дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе бөртпемен шектеледі.

Вакцинациядан бас тарту тек жекелеген отбасының таңдауы емес, қоғамдық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін фактор. Ұжымдық иммунитеттің төмендеуі сәбилерге, жүкті әйелдерге, иммун тапшылығы бар адамдарға және вакцина салуға қарсы көрсетілімі бар ауыр созылмалы науқастарға қатер төндіреді.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, басқарылатын инфекциялардың қайта оралуы — иммундаумен қамтудың жеткіліксіздігінің айқын көрсеткіші. Ұжымдық иммунитет деңгейі кемінде 80–95 пайызға жеткен жағдайда ғана вирустың таралуы едәуір баяулайды немесе толық тоқтайды.

Бұған дейін Ақтөбе облысында қызылшамен ауырғандар саны үш есеге артқаны хабарланған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Ақпан 2026 15:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары