Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Бизнес пен мемлекеттік органдар ЕАЭО аясындағы өзара саудада ТЖАР жүйесін қолдану тәртібін талқылады

Бизнес пен мемлекеттік органдар ЕАЭО аясындағы өзара саудада ТЖАР жүйесін қолдану тәртібін талқылады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Талқылауды ұйымдастыру бастамасын қазақстандық тарап көтерді. Іс-шараға Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының өкілдері, бизнес қауымдастықтар мен салалық бірлестіктер қатысты. Жалпы жиынға экономиканың түрлі салаларының 100-ден астам өкілі қатысты.

Кеңес барысында Ресей Федерациясының Федералдық салық қызметі мен Федералдық кеден қызметінің өкілдері жаңа жүйені енгізу және қолдану тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Ресей аумағына тауар жеткізуге қатысты практикалық мәселелер бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

ТЖАР — ЕАЭО елдерінен Ресей Федерациясына тауар тасымалдау кезінде қолданылатын тауар жеткізілімін алдын ала растаудың ұлттық жүйесі. Жүйе аясында жеткізілімді алдын ала тіркеу, тауардың алдағы жеткізілімі туралы құжатты (ДОПП) рәсімдеу, жанама салықтар бойынша кепілдік төлем енгізу, сондай-ақ жүйеде қажетті мәліметтердің тіркелгенін растайтын QR-код алу көзделген.

ТЖАР жүйесі Ресей Федерациясының 2026 жылғы 17 сәуірдегі №101-ФЗ «Тауар жеткізілімін алдын ала растаудың ұлттық жүйесі туралы» федералдық заңы және Ресейдің салық заңнамасына енгізілген тиісті өзгерістер негізінде енгізілді. 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап жүйе пилоттық режимде жұмыс істеп келеді, ал 2026 жылдың 1 маусымнан бастап оны міндетті түрде қолдану жоспарланған.

Ресей тарапының мәліметінше, аталған жүйені енгізудің негізгі мақсаты — тауар айналымының ашықтығын арттыру, жанама салықтардың толық әрі уақытылы төленуін қамтамасыз ету және тауар қозғалысын барлық кезеңде тиімді қадағалау. Сонымен қатар бақылау рәсімдерінің негізгі бөлігі шекарадан өтпей тұрып жүзеге асырылатын болады.

Талқылау барысында бизнес өкілдері жүйеде тіркелу тәртібі, құжаттарды рәсімдеу мерзімдері, кепілдік төлемдерді қолдану ерекшеліктері, сондай-ақ жаңа талаптардың логистика мен жеткізу мерзімдеріне ықпалы жөнінде бірқатар сұрақ көтерді. Қатысушыларға барлық мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі жаңа талаптарды кезең-кезеңімен және барынша жеңілдетілген тәртіпте енгізу көзделіп отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, жүйені енгізу процесін сүйемелдеу үшін Қазақстан–Ресей бағыты бойынша 30 өткізу бекетінде, сондай-ақ Беларусь–Ресей шекарасындағы 11 учаскеде мобильді топтар құрылып, олар сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға консультациялық және практикалық қолдау көрсететін болады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда көлемінің ауқымдылығын ескерсек, ТЖАР жүйесінің жұмысы нарық қатысушыларының кең ауқымы үшін маңызды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Ресейге экспорты шамамен 8,1 млрд АҚШ долларын құрады. Жеткізілімдердің басым бөлігі автомобиль көлігі арқылы жүзеге асырылады, сондықтан жаңа жүйенің талаптары осы тасымал түріне тікелей әсер етеді.

Кеңес қорытындысында қатысушылар ЕАЭО аясындағы өзара сауданың жаңа талаптарына сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың дер кезінде бейімделуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасындағы ашық әрі тұрақты диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Мамыр 2026 09:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары