Қазақстан ЕАЭО күн тәртібін белгіледі
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қазақстан 2026 жылға Еуразиялық экономикалық одақ төрағалығын қабылдады.
Алғашқы отырыс Мәскеудегі одақтың штаб-пәтерінде өтті. Басым бағыттар қатарында транзиттік тасымалдарды жеңілдету бар. Жүк қозғалысына электронды бақылау жүйесін енгізу, бірыңғай транзиттік құжат пен кедендік баждарды төлеудің ортақ тәртібін қалыптастыру жоспарланып отыр. Бұл шекаралардан өту үдерісін жеделдетіп, тексеру санын қысқартады. Сондай-ақ одаққа мүше елдер арасындағы кооперациялық жобаларға ерекше назар аударылады. Өткізу нарықтарын кеңейту үшін үшінші елдермен сауда келісімдерін белсенді түрде ілгерілетуге басымдық беріледі.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
- Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына жасанды интеллектіні енгізу жұмыстың тиімділігін көтеруге тікелей әсер етеді. Екіншіден, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешенінде цифрландыру жұмыстары. Үшіншіден, кедергісіз сауда жасау және біздің транзиттік логистикалық әлеуетімізді одан әрі арттыру. Ол үшін біздер қазіргі уақытта навигациялық пломбаларды енгізуге және бірыңғай кедендік декларация енгізуге біраз жұмыс атқарып жатырмыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:88
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 23:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















