Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Жамбыл облысында жыл басынан бері 795 өрт тіркелді

Жамбыл облысында жыл басынан бері 795 өрт тіркелді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алдын ала есеп бойынша, келтірілген материалдық шығын 90 млн теңгеден асқан. Оқиғалардың басым бөлігі жеке сектордағы үйлерде болған. Өрт салдарынан жарақат алғандар да, қайтыс болғандар да бар. Төтенше жағдайлар департаментінің инспекторлары облыс бойынша күн сайын алдын алу рейдтерін өткізіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп жүр. 

Биыл Жамбыл облысында 800-ге жуық үй отқа оранды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға көп. Салдарынан жарақат алғандар саны да екі есеге көбейген. Тілсіз жаудан 14 адам уланып, бесеуі қаза болды. Өрттің тұтануына, көп жағдайда ескі электр сымдарының қысқа тұйықталуы мен пешті дұрыс пайдаланбау себеп. 

Дархан Иманәлиев, Жамбыл электр желілері мекемесінің маманы:

- Қазір қытайлық қысқа толқынды пеш, одан кейін жаңадан қойылып жатқан жылытқыш, кондиционердің бәрін бұрынғы ескі тоқтың үстінен қосып пайдалана береді. Соның себебінен өрт жағдайлары болып жатыр. Біздің қалалық бөлімге келіп, өтініш жазып бағанадан түскен сымды уақытылы ауыстырды. Мысалы, бұрын 6 тұрса, 16, 25 қойсын, қазір мүмкіндік бар ғой. Соны уақытылы ауыстырып отырса, өрт жағдайы болмайды.

Қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті күнделікті рейд ұйымдастырады. Ақпараттық акцияларда еріктілер мен электр, газ саласының мамандары тұрғындарға өрт қауіпсіздігі, улы газдан сақтану жолдарын түсіндіреді. Сонымен қоса жылыту маусымында үш мыңға жуық улы газға қарсы датчиктер орнатпақ. 

Дархан Қалдырбек, Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:

- Жылыту маусымына дайындық кезеңінде жалпы саны Жамбыл облысында 450 улы газдан қорғау датчиктері орнатылды және де жергілікті органдардан әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың тізімін алып, қажеттілігіне байланысты осы үйлерге аталған датчиктер орнатылып жатыр. 

Перизат Сейсенбекова, қала тұрғыны:

- Кез келген тұрғын қауіпсіздікке қарау керек. Датчикті орнатқаны дұрыс болды. Түнде әрбір адам сезбейді ғой. Түнде қорықпай бала-шағамызбен жатамыз енді, шиқылдаса, оянып. Өзіміз қоймайтын едік қой. Қазір келіп, барлығын айтып, түсіндіріп тегін қойып жатыр. Сіздерге рақмет!

Бүгін мобильді топ өкілдері Қайнар, Ақжол және Тастақ тұрғын алабтарын аралап, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Рейд барысында мамандар 600-ге жуық үйге кіріп, бірқатар техникалық ақауларды анықтады. Кейбір үйдің мұржасы тазаланбаса, енді бірінің пешінде жарықша бар, ал кейбірінде желдету жүйесі жоқ. «Осындай олқылықтарды байқаған жағдайда, уақыт созбай маманға жүгінген жөн. Бұл — оқыс жағдайдың алдын алудың ең тиімді жолы», — дейді мамандар.

Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қараша 2025 16:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары