Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қаражат жымқыру, заңсыз кәсіпкерлік пен жалған ақпарат тарату прокурор Бажкенованың кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеді

Қаражат жымқыру, заңсыз кәсіпкерлік пен жалған ақпарат тарату прокурор Бажкенованың кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бүгін сот процесі барысында прокурор Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкенованың бірден үш эпизод бойынша кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл – заңсыз кәсіпкерлік қызмет, сеніп тапсырылған ақшалай қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру және көрінеу жалған ақпарат тарату.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, сот процесі барысында қылмыстық іс бойынша келтірілген дәлелдемелер біртұтас әрі бір-біріне толық үйлесетін көрініс қалыптастырған. Оған жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, оларды растайтын банк және бухгалтерлік құжаттар, салық деректері, сондай-ақ мамандардың қорытындылары мен сот сараптамалары негіз болған. Прокурор қорғау тарапының бұл материалдарды жоққа шығара алатын объективті дәлелдер ұсынбағанын ерекше атап өтті.

Атап айтқанда, бірінші эпизод заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты болған еді. Прокурордың мәлімдеуінше, Г.Бажкенова кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелмегеніне қарамастан, пайда табу мақсатында Алматы қаласындағы пәтерлерді жүйелі түрде сатып алып, қайта сатқан. Бұл ретте төленбеген жеке табыс салығының сомасы 12,12 миллион теңгені құрайды.

Тағылған ең ауыр айып «Орда Медиа KZ» ЖШС қаражатын жымқыруға байланысты болды. Айыптаушы тараптың нұсқасына сәйкес, Г.Бажкенова өзіне берілген басшылық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, компания ақшасын жеке кәсіпкердің шотына аударуды ұйымдастырған. Тергеу барысында бұл жеке кәсіпкердің редакция қызметкері болып шыққаны анықталды. Мұндай операциялардың жалпы сомасы 84,2 миллион теңгені құраған. Куәгер сотта бұл операциялардың сотталушының өтініші бойынша жүргізілгенін растады.

Бұған қатысты қорғау тарапы ақша қызметкерлерге жалақы төлеуге арналғанын және «қос бухгалтерияның» болғанын ғана айтты. Алайда прокурор атап өткендей, сотқа бұл нұсқаны растайтын төлем тізімдемелері де, кассалық ордерлер де, қызметкерлердің қолхаттары да, өзге құжаттар да ұсынылмаған.

Айыптау тарапы компания шотынан Haileybury Almaty жекеменшік мектебіне тікелей аударылған 4,64 миллион теңгеге де жеке тоқталды. Бұл сотталушының ұлы білім алған мектептің оқу ақысы болып шыққан. Г. Бажкенованың өзі бұл фактіні жоққа шығармай, компаниядан ақшаны қарызға алғанын мәлімдеді. Алайда іс материалдарында заңды тұлғаның қаражатын жеке мақсатқа пайдалануға рұқсат беретін қарыз туралы шарт та, серіктестік қатысушыларының тиісті шешімі де жоқ, ал компанияның ақшасы қайтарылмаған.

Тағылған айыптың үшінші блогы Г.Бажкенованың кәсіби қызметіне тікелей қатысты болды. Прокурор оған тиесілі Orda.kz интернет-ресурсы арқылы шындыққа сәйкес келмейтін және азаматтар мен ұйымдардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратылғанын мәлімдеді. Жәбірленушілердің барлығы редакция жарияланған мәліметтерді жоққа шығарды, ал қорғау тарапы жарияланған материалдардың шынайылығын растайтын объективті дәлелдер ұсынбаған.

Сонымен қатар, сот тергеуі барысында редакцияның аталған материалдарды жариялағанға дейін жәбірленушілердің пікірін де, ақпаратты растауын да сұрап хабарласпағаны анықталды.

Жәбірленушінің қатарында болған Алматы қаласы прокурорының бұрынғы орынбасары Н. Ауғанбаевқа қатысты эпизод ең жарқын мысалдардың бірі. 2024 жылы Orda.kz оның ұсталғаны туралы ақпарат жариялаған. Бұл мәлімет Бас Прокуратура тарапынан теріске шығарылса да Г. Бажкенова материалды сайт пен әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастырған.

Айыптау тарапының бағалауынша, сотталушы кәсіби адалдығына қойылатын ең төменгі талаптарды да орындамаған. Ол мәліметтерді тексермеген, жалған айыптаулар тағылған тұлғалардың ұстанымын сұратпаған және жекелеген жағдайларда құзыретті мемлекеттік органдар растамаған ақпаратты жариялаған.

Нәтижесінде прокурор соттан Гүлнар Бажкенованы тағылған барлық баптар бойынша кінәлі деп тануды сұрады. Атап айтқанда, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін – 1 жыл 6 айға (ҚК 274-бабы 2-бөлігінің 1 мен 3-тармақтары), сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін – 8 жылға (ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы), заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін – 2 жыл 6 айға (ҚК 214-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы) бас бостандығынан айыруды сұрады. Тағылған айыптаулардың жиынтығы бойынша прокурор түпкілікті 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, сондай-ақ айыптауда көзделген журналистік, жария және басшылық қызмет түрлерімен айналысуға 5 жыл мерзімге тыйым салуды сұрады. Сонымен бірге прокурор бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуді 2 жылға кейінге қалдыруды да сұрады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Тамыз 2026 17:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары