Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қарқаралыны дүбірге бөлеген ұлы думан

Қарқаралыны дүбірге бөлеген ұлы думан

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Кеген өлкесін ән мен жырға бөлеген мереке биыл бесінші мәрте өткізіліп отыр. Осы уақыт аралығында этнофестиваль ғасырлар қойнауынан жеткен қазақтың асыл мұрасын қайта жаңғыртуға үлес қосып келеді. Биылғы дәстүрлі думанға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелден 35 мыңға жуық қонақ келді.

Салтанатты жиында Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, Президенттің ыстық ықыласы мен ақжарма тілегін жеткізді. Өз сөзінде ол ұлттық құнды­лық­тарды дәріптеп, ата дәстүрді жаңғыр­туға бағытталған мұндай тағылымды іс-шараларға Мемлекет басшысы әрдайым ерекше қолдау көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ Кеген төрінде өтіп жатқан «Қымызмұрындық» мерекесі ұлттық бірегейлікті нығайтып, ұрпақтар са­бақтастығын бекемдей түсетін маңызды мәдени алаң екенін қоса айтты.

– «Қымызмұрындық» мерекесінің еліміздің әр өңірінде қайта жаңғырып, халықпен қауышып жатқаны ерекше қуантады. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мұндай мерекелерге туристердің қызығушылығы да артып келеді. Хантәңірі баурайының сұлу таби­ғаты, Қарқара жайлауының көркем кел­беті мен Мыңжылқы өңірінің қайта­ланбас сұлулығы кез келген жанды тәнті ететіні сөзсіз. Кереге таулы киелі Кеген жерінде өтіп жатқан бұл мереке ұрпақтар арасындағы рухани байланысты бекемдеп, ата дәстүрдің өміршеңдігін айқындай түседі. Осындай қасиетті өлкеде ұйым­дастырылып отырған «Қымызмұрындық» мерекесі елдік сананы нығайтуға қызмет етіп, қазақ халқының бай мәдени мұрасын әлемге танытуға зор үлес қосады деп сенемін, – деді Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев.

Сондай-ақ іс-шара барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Қымызмұрындық» – Кеген өңірінің ғана емес, тұтас Алматы облысының рухани-мәдени болмысын айшықтайтын бірегей жоба екенін негізге алды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өңірдің турис­тік әлеуетін танытуға қызмет етіп келе жатқан аталмыш фестиваль биыл республикалық маңызы бар мәдени іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген. Бұл – мерекенің ел көлеміндегі маңызын айшықтай түсетін маңызды қадам. 

– Бүгінде Алматы облысы табиғи байлығы мен тарихи-мәдени мұрасын тиімді ұштастыра отырып, туризмді дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты. Өткен жылы өңірімізге 2,5 миллионнан астам турист келді. Бұл көрсеткіш облыстың бірегей табиғаты мен бай тарихи мұрасына деген қызығушылықтың жылдан-жылға өсіп келе жатқанын аңғартады. Көлсай мен Қайыңды көлдері, Шарын шатқалы, Хантәңірі баурайы, Қарқара жайлауы секілді табиғаттың інжу-маржандары қазір Алматы облы­сының ғана емес, тұтас Қазақстанның халықаралық деңгейде танылған туристік нысандарына айналды. Біздің басты мақсатымыз – туристер санын арттырумен шектелмей, олардың туған өлкеміздің табиғатын, тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін терең танып, ұмытылмас әсермен оралуына жағдай жасау. Осыған орай өңірде экотуризмді дамытуға ерекше басымдық беріп келеміз, – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Қазіргі кезеңде Алматы облысы шетелдік туристерді қабылдау көрсеткіші бойынша ел көлемінде үшінші орында тұр. Алғашқы екі орында Алматы және Астана қалалары көш бастаған. Жоғарыда аталып өткендей, былтыр облысқа 2,5 миллионнан астам турист келген. Бұл көрсеткішке өңірде түнеп, бірнеше күн демалған қонақтар енген. Ал бір күндік сапармен келіп-кететін туристердің саны бұдан да көп. 

Ұлт мұрасын ұлықтаған мерекеге жиналғандардың арасында Қазақстан­ның түкпір-түкпірінен ғана емес, түркі дүниесінің әр тарапынан жиналған қонақтар да бар. Жиында Түркия, Әзер­байжан, Қырғызстан, Қытай, Түрік­мен­стан, Өзбекстан және Қарақалпақстан Республикасынан арнайы келген қонақтар көшпенділер мәдениетімен танысты.

– Бүгін «Қымызмұрындық» мерекесінің куәсі болғаныма қуаныштымын. Ең алдымен, осындай тағылымы мол шараға халықтың көптеп жиналғаны ерекше әсер қалдырды. Бұл – ұлттық дәстүрге деген құрметтің, төл мәдениетке деген ықыластың көрінісі деп ойлаймын. Қа­зақстанда осындай мазмұнды мерекелердің жиі ұйымдастырылғанын қолдаймын. Мереке барысында қымыздан дәм татып көрдім. Қымыздың дәмі ерекше ұнады. Бұл – менің осындай форматтағы шараға алғаш рет қатысуым. Фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны байқалады. Ал ең ерекше әсер қалдырғаны – мерекенің өткен орны. Көз сүріндірер көркем табиғаты думанның ажарын одан сайын аша түскендей. Осындай табиғат аясында ұлттық мәдениетпен танысу мен үшін ұмытылмас әсер сыйлады, – деді Мәскеуден арнайы келген мейман.

Мерекеге жиналған жұртшылыққа рух сыйлаған ерекше сәттің бірі – Мыңжылқы төсін дүбірлеткен мың жыл­қының шеруі. Табиғат пен көш­пенділер мәдениеті астасқан бұл көрініс қазақ халқының жылқы түлігімен біте қайнасқан өмір салтын тағы бір мәрте айшықтап берді. 

Сонымен бірге мереке аясында ұйым­дастырылған ұлттық спорт жарыста­­ры да көрерменді бейжай қалдырмады. Әсіре­се, екі жүзге жуық жүйрік бақ сынаған аламан бәйге қызу тартысқа толы өтті. Сәйгүліктердің шабысын та­ма­шалаған жұртшылық жарыс соңына дейін тақым қысып отырды. Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпазға Jetour X70 FL Prestige автокөлігі табысталса, жүлделі орындарға ие болған шабандоз­дар да қомақты қаржылай сыйлықтарға ие болды. 

Одан өзге фестиваль аясында ұйым­дастырылған «Түйе палуан» сайысы да халықтың қызығушылығын тудырды. Күш пен қайрат сынға түскен додада балуандар өзара мықтыны анықтап, үздіктер арнайы марапаттарға ие болды. Ал «Қошқар көтеру» сайысында қатысушылар өздерінің қарым-қабілеті мен төзімділігімен тәнті етті. Дәстүр бойынша қошқарды ең көп көтерген спортшы оны өз қанжығасына байлады. Бұдан бөлек, қол күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ, шахмат, қой қырқу сынды ұлттық ойындар мен дәстүрлі сайыстар ұйымдастырылды.

Биылғы дәстүрлі думан қазақтың көреген абызы Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай абыз баба рухына Құран бағышталып, ас берілді. Қарқара жай­лауында өткен фестиваль барысында 250 киіз үй тігіліп, 2 тонна қымыз ұсынылды. Қонақтар этноауылды аралап, қолөнер көрмелері мен ұлттық тағамдар жәрмең­кесін тамашалады. 

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Маусым 2026 05:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары