Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Көрермен көңілін нұрға бөлеген театр

Көрермен көңілін нұрға бөлеген театр

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«Бұл үйге, әсіресе өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы – Тоғжан... Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері – баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты..».

Бұл – ұлы ақын көзімен суреттеген Мұхтар Әуезовтің әйгілі «Абай жолындағы» көрініс. Осы суреттеудегі өзгеше көктем нұры Астана қаласының әкімдігіне қарасты Музыкалық жас көрермен театрының сахнасына да қонақтаған. Себебі театр алғашқы өнерін «Абай – Тоғжан» спектаклімен бастап, өзгеше сәнімен көрерменнің сүйікті досына айналды. Бір қарағанда, аядай ғана сахна. Алайда сол аядай сахнаны өзгеше әлемге айналдырған театр ұжымының өнері.

Көрермен аншлагтің қандай болатынын осы театрдан көрді. Әр спектакльді жібермейтін деңгейге көтерілді. Бұл деңгейге апарған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Асхат Максим­ұлы Маемировтың еңбегі дер едік. Ашылға­нына бес-ақ жыл болса да, театр бірден ауызға ілікті.

Өнер ордасы шымылдығын «Абай – Тоғжан» спектаклімен ашылуының өзі қазақ мәдениетіне, ұлы Абай Құнанбайұлы­­ның тұлғасына көрсетілген құр­мет екені сөзсіз. 2020 жылы 14 желтоқсан­­дағы премьера Тәуелсіздік күні мен Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайлас­тырылды. 

Абайдың жас кезін Аян Төлепберген, ақынның анасы Ұлжанның бейнесін Канн фестивалінің лауреаты Самал Еслямова, Оспан рөлін Асылхан Төлепов, Тоғжанды көз алдымызға келтірген Арлеана Аман­гелдиева және осы қойылымдағы актерлердің бәрі режиссердің ұлы Абайға деген құрметін жеткізуге жандарын сала еңбек етті. Әлі де солай. Театр сахнасынан «Абай – Тоғжан» түскен емес, осындай ұжым барда бұл қойылымның өмірі ұзақ екеніне сөз жоқ. Себебі аядай сахнаға жан бітірген өнер ұжымының еңбегін байқамау мүмкін емес. Өзгеше әлемді сезіндіреді. Ағасына еркелеген Оспанның қылықтарына күліп отырып, қосыла алмаған ғашықтар сезімін ойлайсыз. «Абай жолындағы» шағын эпизодтың өзінен тұтас спектакль ұсынған режиссердің шеберлігі тәнті етеді. Туындыға инсценировка ұсынған Мирас Әбілдің де еңбегін атап өткен жөн.

Шығармашылық топтың әкені тым қатал етіп көрсетпей, сол кездегі түсін­бес­тіктен туған жағдайды «сүйінші» сұ­рағандай қылмай, Ұлжан ананың сөзі ар­қылы салт-дәстүрді сақтау жолына бұруы ұтымды шыққан. Ұлы ананың бейне­сін ашуда Самал Еслямованың жанға жайлы биязы даусы да әдемі үйлесім тапты.

Спектакльде нәзіктікті сездірер жеңіл ақ перделерді режиссер рәміз ретінде таңдағаны анық. Екі жас бір-біріне айтар ой-сезімдерін осы нәзік кеңістік арқылы өте жүріп жеткізеді. Осы нәзік ақ перделер көрерменді әдемі ой құшағына алады. Болашақ ұлы ақын ғашық болған арудың жан тазалығын көрерменге жеткізетін ақ сәуле сияқты.

Театр әр маусым шымылдығын «Абай – Тоғжанмен» ашады. Демек көрермен­деріне осылай өзгеше көктем сыйлап келеді.

«...Раушан жүзін көргенде,

Сәулем-ау, мейірім қанбас...»

Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Иса­беков «Гауһартас» повесінде: «Салтанат өзге дүниенің бәрін мүлде ұмытып кеткен секілді. Осы даладағы сұлулық біткен Салтанаттың кеудесіне кеп құйылып жатса, оның өн бойындағы сұлулық көмейінен ән боп төгіліп, төңіректі жаңа леп, жаңа нұрға бөлеп тұрған сияқты», деп жазған еді.

Музыкалық жас көрермен театры алғаш сахналаған «Гауһартас», шын мәнінде, сұлулықты таныстырудағы құтты қадам болды. Қазақ қызының жан сұлулы­ғын әйгіледі. Спектакль өнердің жақұ­тына айналды. Қойылым премьерасында Инабат Ризабекқызы – Салтанат, Оразалы Игілік – Тастан, Асылхан Төлепов – Қайыркен, т.б. рөлдерді сомдады. Осы кезге дейін «Гауһартас» қанша сахналанса да, әлі күнге дейін аншлагпен өтеді. Халықтың бір емес, бірнеше келіп көруі Музыкалық жас көрермен театрының абыройын асқақтатты.

«Абай – Тоғжанда» нәзік ақ перделер көңілдегі ақ сезімдерді тербетсе, «Гау­һартастағы» сәукеле қалыңдықтың рәмізі ретінде ғана емес, отбасы құнды­лығын құрметтеуге шақырады. Аяулы Салтанаттың қайтыс болар сәтінде тұмарға арқа тіреп тұра қалуы ше? Режиссердің символдарды шебер ойната білуінен «Салтанат, сен үшін дұғадамыз» деген үлкен мазмұнға жетелейді. Салтанаттың тағдыры арқылы нәзік жанды қорғау, сыйлау – жүректерге жол тапты.

Ана болу бақыты бұйырмаған аяулы Салтанаттың тағдырына налымайтын көрермен болмайды. Спектакль соңында көзіне жас алған көрермен аз емесіне куә болдық, бір емес, қанша барсаңыз да, барған жұрт осыны айтады.

Әр қойылымның өзіндік ерекшелігі бар. Бір көрермен Қайыркен жеңгесіне қазақ дәстүрімен қайын іні ретінде еркелейді, реті келгенде, әзілін жарастырады десе, енді бірі Салтанатқа ғашық деген ойға қалады екен. Әртістер осылай да көрерменге ой салып, өнердің қызығын арттыра түседі.

Қазақ әнін халықтық деңгейге көтерген Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Шәмші» спектаклінің де көрерменге берері аз емес. Режиссер көрнекті композитордың өмір жолын көрсету үшін үш Шәмшіні бір сахнада ойнатады. Оның өмір жолы, тұлғалық дамуы мен өнер жолын талғаммен ұсынды. Көрермен спектакль көре отырып, қазақ өнеріне деген мақтаныш пен құрметті сезі­неді. Әдемі әндердің құшағында тербеледі.

Рас, бұл қойылымды музыканың көптігі ерекшелейді. Осы күні ұмытылып бара жатқан халық әні «Құдаша», Біржанның «Ләйлім шырақ» әндері жаңа тыныс тапты. Әндермен бірге театр актерлері ойнаған билер де жастар арасында кең тарады.

Санадағы ақ сәуле – театрдың көрер­менге сыйлайтын олжасы. Бұл ұжым «Shanel 5», «Мәншүк» спектакльдерін ұсынып, «тарихыңды біл» дейді. «Шәмші», «Ғашық жүрек», «Әміре» қойылымдарын ұсынып, «өнерді қадірле» дейді. «Қыз Жібекті» сахналап, халықтың жауһар жырын ұлттық құндылықты бағалауға үндейді. Арасында «Сылаң қыз­дың» әдемі қылықтарына мәз қылады. «Махаббат жаға­лауына» апарып, «Қоштасқым келмейдіні» ойнатып, өнердің көл-көсір рахатына бөлейді.

Сахнада гүл жайнаған жастар ән салса да, би билесе де, көрерменді бау­рап алатын сиқырлы, өзгеше әлемді әйгілейді. Бір-біріне деген сыйластығы ерекше. Аядай сахнаға қаншасы шықса да, «көңіл сыйса  бәрі сыяды» дегенді танытып, бір-бірін қолдап, дөңгелене билей жөнелгенде, көңіл де толады, көз де тояды.

Ұжымның ұйымшылдығын тек сахна­дағы ойыннан ғана көрмейміз, мұнда жүрек қалауымен жұптасып, отбасын құрған 16 шаңырақ бар. Бәрі театр атты үлкен әулеттің балалары сияқты. Оларды ағалық тілегімен қолдап жүретін басшы Асхат Маемиров бар.

Асхат Максимұлы Күләш Байсейі­това атындағы Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінде ұстаз, РhD, профессор.  Шәкірттері осындай бірлігі жарасқан өнер ұжымымен тығыз байланыста. Дуалды білім беру үлгісін ұстаз осылайша көрсетіп жүр. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған талантты жастарға білім берумен қатар өнер әлемінде де бірге екенін танытты. Тіпті Самал Еслямованы арнайы шақырып алғанын да ұмытқан жоқпыз.

Бұл театрда кілең жастар қызмет етеді. Иә, солай. Бірақ олардың мықтылығы сонша, қай кейіпкерді сомдау қажет болса, бәрін де айнытпай ойнап бере алады. Тіпті қарияның образын сомдау керек болса, оған да дайын.

Жақында театрдың алтыншы маусымы ашылды. «Шәкәрім» спектаклінің үш күнгі премьерасы аншлагпен өтті. Бұл – жаңа ауқым, биік деңгейді танытатын өнер туындысы. Тағы да маңдай терімен, жаңа оймен көрермен үшін өзгеше көктем сезімін сыйлайтын жаңа маусым басталды. Көктем тек жыл маусымы емес, ол – театрдың көрермен көңіліне сыйлайтын өзгеше шуағы. Қазақ елінің астанасы дегенде, Музыкалық жас көрермен театры Астана өнерін ұялмай көрсететін және іздеп келетін өнер ордасына айналды.

Айтпақшы, сөзіміздің басында «аядай ғана сахна» дегенді айттық. Рас, сахнаның шағын болуы болашақта қолға алатын үлкен шаруаның басы мен бәсін аңғартады. Музыкалық жас көрермен театрының арнайы үлкен ғимараты болғаны абзал. Келуші көп, өзгеше көктем әр көрерменнің жүрегіне жетуі керек.

Риза ӘЛМҰХАН,

филология ғылымдарының докторы, өнертанушы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 10:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары