Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қарсақбаевтың Қилы кезеңі

Қарсақбаевтың Қилы кезеңі

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Талантты режиссер Абдолла Қар­сақ­баев түсірген тамаша фильм көп-ақ. Соның ішінде шоқтығы биік туын­дысы – 1966 жылы экранға жол тарт­­қан «Қилы кезең» көркем фильмі. Қилы кезеңнің қалтарыс-бұлтарысын ас­тар­лап жеткізген, қазақ тарихында ай­шықты орны бар фильмнің жарыққа шық­­қанына – 60 жыл. Осы фильм ав­торы, сұңғыла суреткер Абдолла Қарсақ­баев­тың туғанына 100 жыл толады.

Бір қарағанда Абдолла Қарсақбаевтың «Даладағы қуғыны» мен «Қилы кезеңінің» оқиғасы ұқсас секілді. Себебі екеуі де қызыл әскер тақырыбын көтерген. Алайда екі фильмнің айтар ойы да, түйіні де бөлек. «Даладағы қуғында» Хамит дала батыры Құдірені жон арқасынан атып өлтірсе, «Қилы кезеңде» Жүніс бай чекист Тоқтардың құрығынан құтылып, шекараның арғы бетіне өтеді. «Даладағы қуғында» Құдіренің рөлі шеберлікпен шықса, «Қилы кезеңдегі» Жүністің образы ойландырмай қоймайды. Бір қызығы, кеңес басқыншыларына қарсы күрескен екі алыптың да рөлін өзге ұлттың өкілдері сомдаған. Құдірені қырғыз актері Ашыр Чокубаев, Жүністі ұйғыр актері Ахмет Шәмиев келістіріп тұрып кескіндейді. Екеуі де қазақтың нақ батыры қандай болатынын көз алдыңа әкеледі. Содан болар, күні бүгінге дейін қос киноны көрсек, Құдіре мен Жүністің айбынды түрін көріп, түйдек-түйдек сөзін естіп, бір марқайып қаламыз. Себебі екі батырды да Абдолла Қарсақбаев кино тарихына осындай бейнеде қалдырды.

«Қилы кезеңде» 1918 жылғы Қазақстан мен Қытай шекарасындағы оқиға баяндалады. Қызыл комиссар Тоқтар Бәйтеновтің жазалаушы отряды Қытайға ауып бара жатқан Жүністің жолын бөгеуге әрекет етеді. Әсілінде Тоқтар бейнесі Тоқаш Бокиннің прототипі ретінде қарастырылған екен. Алайда фильмдегі Тоқтар Тоқаш өмірімен мүлдем сәйкеспейді. Тоқаш – кеңес өкіметін құруға атсалысқан, Алашорда үкіметіне жаны қас адам. Ал фильм­де Асанәлі Әшімов сомдаған Берген комиссар Тоқтарға Алашордаға қатысы бар деген айып тағады.

Фильмнің басында Тоқтар әскерінің соңында атын жетектеп жаяу келе жатқан жігіттен: «Неге жаяу келесің?», деп сұрайды. Ол болса: «Атым жолда оққа ұшты, мынау – Хәкімжанның аты. Ақ жалаудай менмұндалап алыстан көрінеді де нысанаға ілінеді, сосын тіл тартпай кетесің», дейді. Сонда Тоқтар оның біреудің жалғызы екенін түсіне қойып, оған астындағы атын беріп, өзі соның атына мінеді. Былай қарасаң, Тоқтар фильмде жағымды кейіпкер секілді. Алайда кей тұста қатыгездігімен де танылады. Әсіресе Жүністің адамдарын қырып салатын сәт. Бұл кезде бағанағы бауырмал Тоқтарды танымайсыз. Оның отряды әй-шайға қарамай, Жүністің соңына еріп Қытайға ауып бара жатқан қазақтарды пулеметпен атқылай бастайды. Халықты қан қақсатып, Жүністің қол-аяғын матап, тұтқындап әкетеді. Сонда күйінген ел ағасы Жүністің айтқан сөзі мынау еді: «Менің халқым шырылдаған бозторғай сияқты. Құмайдың құлқынына түсіп кетпесе, ол да шарықтап кең дүниеде ұшар еді ғой. Он алтыншы жылы халықты ақ патшаға қарсы көтерген кезімде сен де менің отрядыма келіп қосылдың. Онда халқыңды сүйетінсің, Тоқтар! Жазалаушылардан көп адамды құтқардың. Ол кезде екеуміз бірге едік. Ал қазір сен кімсің? Басқыншылармен бірігіп, халқыңа қарсы шықтың».

Тоқтарға деген ренішін баса алмаған Жүніс: «Сені қазақтың көсемі болар деп ойлап едім. Қанымыз бір болғанымен, дініміз басқа екен», дейді. Тоқтар да қарап қалмай: «Халқым дегенде көз жасың көл болады. Ал істеп жүргенің зұлым, жауыздың ісі», деп жауап береді. Алайда фильмде Жүніс қайсар, сабырлы, мейірімді көрінеді. Оның бар ойы тағдыры талауға түскен қазақты Қытайға асырып, тыныш өмірге кенелту ғана. Ал Тоқтар не істеді? Ол азаттық аңсап, ел ауып бара жатқан өз қазағына қырғидай тап берді. Былай қарасаң, Тоқтардың да, Жүністің де ойлағаны – бір қазақтың қамы. Алайда екеуі екі жолды таңдаған. Жүніс халықты кеңес билігінен құтқарып, оның құрығы жете қоймаған жаққа көшіруді ойлайды. Ал Тоқтар халыққа кеңес билігі арқылы жәрдем бергісі келеді. Фильмде ол мұны: «Тарихты жасайтын басқа қазақтар келді. Ол хан-шонжарлардың құлы болып, қу даланы құланша шаңдатып, көшіп жүретін халық емес. Жаңа, тату-тәтті өмірді, үлкен семьяның ынтымағын көксейтін халық», деп түсіндіреді.

Алайда өзі құлай сенген кеңес өкіметі Жүністі ұстап әкелген Тоқтарды да аяған жоқ. Оған да айып тағып, Жүніспен бірге қамайды. Жүністі құтқаруға келген жігіттер оны да бірге алып кетеді. Қытай шекарасынан өткен соң Жүніс өзен жағасында дәрет алады. Әр нәрсені астарлап жеткізетін Абдолла осы көрініс арқылы символдық мән енгізген. Бұл көріністі ауыр азаптан арылып, жаңа бір күйге өтудің, алдында жаңа кезең басталатынының белгісі ретінде қабылдауға болады. Содан кейін Жүніс Тоқтарды босатып, оған құндыз бөрік пен қайқы қылыш сыйлайды. Қазақ дәстүрінде бас киім – сый-құрметтің, қару – сенімнің белгісі. Жүністің өзін тұтқындап әкеткен адамға бас киім сыйлауы – оған деген құрметі. Тоқтардың қайсарлығын мойындауы, «еліңді қорға, жолымды жалға» деген емеуріні. Тоқтар болса, Жүністің сый-сияпатынан бас тартып, бергі бетке қайта өтпек болады. Алдындағы биік дөңге өрмелеп, бір тұрып, бір құлайды. Ол шекарадан бері өтті ме, әлде арғы бетте қалды ма? Жаза тартты ма, әлде ақталды ма? Ол жағы да белгісіз. Бұл да режиссердің көрерменді ой қорытуға шақырған шығармашылық шешімі болса керек.

Соңғы жаңалықтар

Әзірет сұлтан әлемі

Руханият • Бүгін, 08:10

Дүкен Мәсімханұлы: Шығыстану ғылымының стратегиялық маңызы зор

Сұхбат • Бүгін, 08:07

Ізденген жетер мұратқа

Ғылым • Бүгін, 08:05

Стартаптың тың мүмкіндігі

Ғылым • Бүгін, 08:02

Абай облысының әлеуеті: Олжас Бектенов Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Саясат • Бүгін, 08:00

Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдері

Саясат • Бүгін, 07:58

Кәсіпкерлер қанаты құрылды

Саясат • Бүгін, 07:55

Күрделі миссия – лайықты марапат

Марапат • Бүгін, 07:53

Жасыл энергетика саласындағы ықпалдастық артады

Сенат • Бүгін, 07:50

Гүлмарал Еркебаева күрестен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Спорт • Кеше

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

Елорда • Кеше

Алматыда материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды

Қоғам • Кеше

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялаған азаматтар марапатталды

Марапат • Кеше

Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?

Ауа райы • Кеше

2026 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады?

Білім • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Сәуір 2026 08:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see147

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see140

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see139

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see138

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see137

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see133

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see129

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see128

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see126

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see125

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see125

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see123

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see120

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see119

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see119

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see117

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see116

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see116

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары