Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қарызды азайту жолдары қаралды

Қарызды азайту жолдары қаралды

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қарызы бар азаматтарға көмектесудің тиімді жолдарының бірі – «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы. Жоба мамандары азаматтарға қарыздарын реттеуге көмектесіп, қарыз алушылардың құқықтарын түсіндіреді, банктермен және басқа да кредиторлармен келіссөздер жүргізуге қолдау көрсетеді, сондай-ақ берешекті төлеу шарттарын қайта қарауға жәрдемдеседі.

Жоба аясында жыл басынан бері 175 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Оның ішінде 27 мыңнан астам өтініш берешекті қайта құрылымдау, шоттардағы тыйымды алу, банкроттық рәсімдерін жүргізу, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сынды шаралармен бітіп, басқа да құқықтық көмек берілген. Бұдан бөлек, 67 мыңнан астам өтініш бойынша жұмыс жалғасып жатса, 21,5 мың азаматқа берешекті реттеуге көмек қажет екені анықталды.

Сонымен қатар халықтың берешекке бату мәселесі әлі де өзекті. Құрылтай төр­аға­сының орынбасары Дания Есбаеваның айтуынша, 1,3 миллионнан астам қазақстан­дықтың проблемалық несиесі бар. Ал 90 күн­нен астам уақыт мерзімі өткен берешек көлемі 2,5 триллион теңгеге жеткен. Аза­мат­тардың өз құқықтарын және қарыз мә­селесін шешудің жолдарын білмеуі де түйткілді мәселелердің біріне айналып отыр.

– Өңірлердегі көптеген азамат қарыз мәселесін шешудің қандай мүмкіндіктері бар екенін біле бермейді. Мысалы, банк омбудсманына жүгінуге болатынын немесе проблемалық берешекпен жұмыс істеу кезінде қандай шектеулер бар екенінен хабарсыз. Сондықтан халықтың қаржылық сауаттылығымен қатар, құқықтық сауат­тылығын да арттыру маңызды, – деді Дания Есбаева.

Ол қарыз өндірілген жағдайда борыш­кердің шотында кемінде екі ең төменгі күн­көріс деңгейіне тең қаражат қалуы ке­рек екенін де айтады. Жиі кездесетін жағдайлардың тағы бірі – бұрынғы қарызды өтеу үшін жаңа несие алу. «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Елдар Жұмаға­зиев мұндай тәсіл мәселені шешпей, ке­рісінше, азаматтың қарызын арттыра түсетінін атап өтті.

– Адам ескі қарызын жабу үшін жаңа қарыз алған кезде мәселе шешілмейді. Жоба кеңсесінде мамандар банктермен келіссөз жүргізуге көмектесіп, берешекті қайта құрылымдаудың қолайлы жолын табуға жәрдемдеседі, – деді Елдар Жұмағазиев.

Алайда «Қарызсыз қоғам» жобасының тәжірибесіне сүйенсек, қарызды қайта қараудың өзі кей жағдайда мәселені толық шешпейді. Жобаның атқарушы директоры Олжас Ордабаевтың мәліметінше, өтініш білдірген азаматтардың шамамен 40 пайызы төлем кестесі қайта қаралғаннан кейін де берешегін уақытында өтей алмай қалады. Оның бір себебі – азаматтың табысы арт­пайды, сондықтан белгілі бір уақыттан кейін төлем жасау қайтадан қиындайды. Осыған байланысты партия өкілдері берешекті реттеумен қатар, азаматтарға табыс табуға мүмкіндік беретін жағдай жасау қажет деп санайды. Бұл тәсілді бірінші кезекте ауыл тұрғындарына қолдану жоспарланып отыр.

«Әділет» партиясында ауыл бизнесінің түрлі бағытын дамытуға 2,5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру жобасы жүзеге асырылып жатыр. «Қарызсыз қоғам» жобасының қатысушыларына қолдау көрсету жолдары да ортаға салынды. Яғни ақша берудің орнына жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдық ұсынылып, жобаны іске қосу кезеңінде қолдау көрсетіледі. Мұндай тәсіл азаматтарға тұрақты табыс табуға жағдай жасап, қарыз төлемдерін қайта кешіктіру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Тағы бір ұсыныс – проблемалық қарыз алушымен жұмыс берешек 30 күнге кешік­кен кезден бастап жүргізілуге тиіс. Бұл шоттарға тыйым салу мен берешектің одан әрі өсуін күтпей, мәселені ертерек шешуге мүмкіндік береді.

– Қазір қаржы ұйымдары қарызын өтей алмай жүрген азаматтың шотына бірінші болып тыйым салуға тырысады. Мұндай қысымның салдарынан борышкер көлеңкелі экономикаға кетуі мүмкін. Бұл түптеп келгенде барлық тарапқа тиімсіз, – деді Олжас Ордабаев.

Сондай-ақ отбасы мүшелерінің келісімімен үй шаруашылығының жалпы табысын есепке алу ұсынылды. Бұл қарыз алушының нақты қаржылық мүмкіндігін бағалап, оның төлеуіне шамасы жететін ай сайынғы төлем көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Кездесуде қаржылық сауаттылық мәселесіне де ерекше назар аударылды. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин цифрлық қаржылық қызметтердің дамуы азаматтардан жаңа білімді талап ететінін айтады. Оның сөзінше, қазір 10 мың мектеп мұғалімі қаржылық сауаттылық бойынша оқудан өткен. Ұлттық банк бұл бағыттағы білім беру жобаларын «Әділет» партиясымен бірлесіп дамытуға дайын. KMF банкінің басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов бұл жұмысты кеңейтіп, мектептер мен мемлекеттік ұйымдарда қаржылық сауаттылық негіздерін жүйелі түрде оқытуды ұсынып отыр. Оның пікірінше, мұндай тәсіл туындаған қарыз мәселелерін шешіп қана қоймай, олардың алдын алуға да мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұл жұмысты тұрақты түрде жалғастыруға келісті. Жиын барысында айтылған ұсыныстар одан әрі пысықталып, заңнамаға өзгерістер енгізу кезінде еске­рі­леді. «Қарызсыз қоғам» жобасы бойын­ша +7 700 855 85 85 нөмірі немесе qogamfin.kz сайты арқылы кеңес алуға болады.

Бекбол АМАНГЕЛДІ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 03:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары