Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді

Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Таяуда Жоғары аудиторлық палатасы Қостанай облысында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижесін жариялады. Қорытындыға қарағанда, облыста жалпы өңірлік өнім өсімі тіркелгенімен, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері әлі де тұрақты сипат ала қоймаған.

Осыған орай облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы кеңес өткізіп, аудиторлар сынға алған сала басшыларының есебін тыңдады. Жиында аталған тексеріс нәтижелері талқыланып, ревизия көрсет­кен кемшіліктерді жедел жою жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілді. 

Аудиторлық тексеріс қо­рытындысы нәтижесінде өңірде көлемі 51 млрд теңге болатын қаржылық бұзушылық анық­талған. Сон­дай-ақ 50 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жос­парланып, пайдаланылған. Ревизорлар 52 дерек бойынша әкімшілік іс қозғау керек деп ұйғарған. 

Негізі мұндай қаржыны бас­қару, оны жоспарлаудағы олқылықтар тиісті органдар дең­гейінде ғана қаралып, оған тәжірибесі мол, қаржылық білімі бар кәсіби мамандардың баға бергені дұрыс сияқты. Әйтпесе Жоғары аудиторлық палата жария еткен тексеріс қорытындысы қамысқа тиген өрттей әсер етіп, әлеуметтік желіде еш нәрсенің байыбына бармастан байбаламға басатындар көбейді. Қара аспанды төндіріп, төбеден қара тас жаудыртып жатқандар да аз емес. Бүгінгідей мың құбылған нарық жағдайында мол инвес­тиция тартылып, жүздеген ірі жоба іске асырылып жатқан қуатты өңірде ел игілігіне жұмсалатын қыруар қаржыны қалтқысыз басқарудың оңай емес екенін түсіндіріп, байыпты пікір білдіріп, көпке басу айтып жатқан байсалды азаматтар да баршылық.  

Аудиторлар көрсеткен 51 млрд теңге қаржылық бұзу­шы­лықтың 45 млрд тең­гесі об­лыстық ауыл шаруашылығы бас­қар­ма­сына тиесілі. Жергілікті шаруа­шы­лықтар 2023 жылдан бері өздеріне тиесілі мемлекеттік субсидияға қол жеткізе алмай келеді. Аталған соманың елеулі бөлігі осы берешектен пайда болып отыр.

Облыстық ауыл шаруашы­лығы басқар­масының басшысы Ибрагим Бекмұ­хамедовтің айтуынша, тексеріс барысында тыңайтқыштарды субсидия­лау бағдарламасы бойынша қаржыны тиімсіз жоспарлау анықталған. Сондай-ақ отандық тыңайтқыш өндірушілердің шоттарына аванстық төлемдер аудару деректері тіркелген.

«Мәселен, 2024 жылы отандық өнді­ру­шілерге 6,7 млрд теңге аударыл­ды, оның ішінде 5,2 млрд теңге игері­лсе, 1,4 млрд теңге бюджетке қайтарыл­ды. 2025 жылы 6,5 млрд теңге бағыттал­ды, оның  3,1 млрд теңгесі ғана игері­лген. Біз бюд­жетті ауылшаруашылық тауар өн­дірушілері жасаған шарттармен рас­талған қажеттілік­ке сүйеніп жоспар­лаймыз. Алайда тыңайт­қыш сатып алуда ауыл­шаруашылық құрылым­да­рының белсенділігі төмен болды. Соның салдарынан қаражатты игеру дең­гейі жоспардағыдай болмай шық­ты да, игерілмеген қалдық пайда бол­ды. Бұл қаржы кейіннен өзге де субси­диялау бағдарламаларына бөлі­ніп, рес­публикалық бюджетке қайта­рыл­ды. Сондай-ақ тексеріс барысында  субсидияланған мал басының сақта­луы­на қатысты міндеттемелердің бұзылға­ны анықталды. Мал басын көбей­туге, асыл­дандыруға субсидия алған 54 шаруа­шылық жалпы көлемі 52,6 млн теңгені құрайтын бұзушылыққа жол берген. Аталған шаруашылықтарға 2026 жылғы 30 наурызға дейін қаражатты ерікті түрде қайтару туралы хабарламалар жолданды. Бүгінде 27 шаруашы­лық 8,5 млн теңге көлеміндегі қаражатты қай­тарды. Қалған 27 шаруашылыққа қатысты 44,1 млн теңге сомасына талап-арыз да­­йындап қойдық. Инвестициялық субсидиялау бағыты бойынша да 31,4 млн теңге қаржылық бұзу­­шылық анықталды. «Сары­ағаш», «Терра», «Семейкин» тәріз­ді шаруашылықтар аудит ба­рысында толық қалпына кел­тірілді. Жалпы алғанда, анық­талған фактілер салада олқы­лықтар бар екенін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы басқармасы атал­ған ескертулермен келіседі. Қазір кемшіліктерді жою бойынша тиісті жұмысты жүргізіп жатырмыз», деді басқарма басшысы.

Облыстық кәсіпкерлік және ин­дус­­триалдық-инно­ва­­циялықдаму басқар­масы басшысының міндетін атқарушы Талғат Саламатовтың айтуынша, Жоға­ры ауди­торлық палатаның есебін­де өңірдің инвес­тициялық белсен­ділігі  төмен екені, өт­кен жылы жоспарланған 8 инвести­циялық жобаның алтауы жүзеге аспай қалғаны анықталған. 

«Бұл мәселе бойынша мына жайтты ескерген жөн: өңірде негізгі капиталға тар­тылып жатқан инвестициялар жыл­дан-жылға  еселеніп келеді. 2025 жылы облысқа 792,9 млрд теңге инвес­тиция тартылды, бұл 2024 жылмен салыстыр­ғанда 23,8%-ға жоғары. Былтыр тікелей шетел­дік инвестициялар ағыны 570 млн дол­ларды құрады, бұл да 2024 жылғы көр­сеткіштен 37,6% жоғары. Өңірде көптеген инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Мәселен, 2025 жылы жалпы сомасы 304,3 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жоспарланды. Нәтижесінде, 3,2 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Оның ішінде машина жасау саласында 294,3 млрд теңгеге 4 жоба, жеңіл өнеркәсіпте құны 6,5 млрд теңге бола­тын бір жоба, туризм саласында 3,5 млрд теңге болатын 1 жоба бар. Өткен жылы екі жоба іске қосылды», деді Талғат Саламатов.

Жиында тексеру қорытындысы бо­йын­ша нақты іс-шаралар жос­пары тал­қыланып, бекітілді. Қа­зір­дің өзінде ау­диторлар тарапынан айтылған әрбір ес­кертумен жұмыс жүргізіліп, біраз кем­­шілік түзетілген. Облыс әкімі Құмар Ақ­сақа­ловтың айтуынша, аудит аяқтал­май тұрып-ақ облыс 4,6 млрд теңге көлемін­дегі пайдаланылмаған қаражатты қайтарған. 

«Аудиторлар бізге облыс бюд­жетінде 19 млрд теңге игерілмеген қаржы бола тұра, республикадан 30 млрд теңге қарыз алған деп отыр. Бұл жерде «қарыз» деге­німіз республикалық бюджеттен нақты мақсаттарға қайтарымды негізде бөлінген қаражат екенін ескеру керек. Яғни бұл – жай ғана жетпей тұрған қаржыны жабу емес, белгілі бір бағдарламаларды іске асыруға берілетін мақсатты қаражат. Аталған 30 млрд теңгенің шамамен 20 млрд теңгесі – несие­лік тұрғын үй салуға, са­тып алуға, 8,7 млрд теңге –  агро­өнер­­кә­сіп кешенін дамытуға, 1,6 млрд теңге ауылдағы мамандар­ды әлеуметтік қолдауға бағыттал­ған. Ал республикалық қарыз – ірі әлеуметтік және экономи­ка­лық жобаларды жүзеге асыру­ға ­қол­данылатын қалыпты бюд­жет­аралық тәсіл», деді облыс әкімі.

Аудит барысында 352 шағын және орта бизнес нысаны тиімді нәтиже көрсете алмай отырғаны анықталған. Алайда бұл – жұмыс істеп тұрған 4 316 кәсіпкерлік нысанның 8 пайызы ғана екен. Бұл жерде кейбір кәсіпкер­лер қызметін заңды түрде ерте тоқтатқан, мемлекеттік қолдау көрсетілген кейбір кәсіпкерлерге жауапкершілік артылып, мін­деттемелер жүктелмеген, бірқа­тары несиелерін мерзімінен бұ­рын өтеген. Жиында мұндай мәселелер тек Қостанай облысына ғана емес,  жалпы ел көлемінде қалыптасқан жағдай екені айтылды.

Соңғы жаңалықтар

Майталман маман, тәжірибелі тәлімгер

Еңбек • Бүгін, 08:17

Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік

Технология • Бүгін, 08:15

Халыққа жылу сыйлаған

Еңбек • Бүгін, 08:12

Апатты баспаналар азаймай тұр

Қоғам • Бүгін, 08:10

Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді

Экономика • Бүгін, 08:07

Құқықтық мемлекет қағидаттарының арқауы

Ата заң • Бүгін, 08:05

Бағаны өсіруге негіз жоқ

Инфляция • Бүгін, 08:03

Туристік нысандардың дайындығы тексерілді

Туризм • Бүгін, 08:00

Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Саясат • Бүгін, 07:58

Ағаш өндірісіндегі игі бастама

Өндіріс • Бүгін, 07:55

Мемлекеттік билік тарихы туралы анықтамалық

Саясат • Бүгін, 07:53

Көмір саласы кешенді дамуға бет алды

Саясат • Бүгін, 07:50

Жер берудегі заманауи формат

Саясат • Бүгін, 07:48

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату туралы келісімді құптайды

Президент • Бүгін, 07:47

Фокус, команда және нәтиже

Саясат • Бүгін, 07:45

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Сәуір 2026 08:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары