Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қасым ханның қасқа жолы қазақ мемлекетін біріктірген алғашқы заң

Қасым ханның қасқа жолы қазақ мемлекетін біріктірген алғашқы заң

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қасым ханның билік құрған уақыты – 1511-1521 жылдар аралығы. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Берекет Кәрібаевтың айтуынша, бар-жоғы 10 жылға жуық уақыт билікте болса да, ол Қазақ хандығының ең қуатты, ең ықпалды мемлекетке айналуына жол ашты.

Фото: Midjourney

Қазақ хандығының күшейген кезеңі

Қасым хан тұсында Қазақ хандығының халқы бір миллионға жуықтады. Оның билігі кезінде оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлер хандық құрамына қосылды, 1514-1515 жылдары Шайбани мен Шағатай ұлыстарының жорықтары нәтижесіз аяқталды, Ноғай ордасындағы саяси дағдарыс салдарынан көптеген ноғай мырзалары Қасым ханға келіп паналады.

Сөйтіп, 1516-1517 жылдары Еділге дейінгі ұлан-ғайыр аймақ Қазақ хандығының құрамына өтті. Хан ордасы Сарайшық қаласына көшіріліп, Қасым хан сонда бес жыл бойы ел биледі. Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1521 жылы қаңтарда қайтыс болып, Сарайшықта жерленген.

Бір тіл, бір дәстүр, бір заң кеңістігі

Қасым ханның тұсында қазақ даласы тек саяси емес, мәдени, тілдік және экономикалық тұрғыда да біртұтас кеңістікке айналды. Мұндай жағдайда халықтың бірлігі мен әділеттілікті сақтау үшін ортақ құқықтық жүйе қажет болды.

Берекет Кәрібаевтың пікірінше, Қасым хан билікке келген соң ел ішінде тұрақтылық орнату үшін заң жүйесін енгізуді ойластырған. Ол атақты билермен кеңесіп, қазақтың ежелгі әдет-ғұрпын, Алтын Орда мен Ақ Ордадан қалған құқықтық дәстүрді ескере отырып, жаңа заман талабына сай жарғылар жасатты. Сол заң халық арасында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталып кеткен.

«Қасқа жолдың» мәні мен мазмұны

Қасым ханның заңы – Қазақ мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси қарым-қатынасын реттеген алғашқы жүйелі құқықтық құжат болды. Онда шамамен билік түрлері мен билеушінің құқығы мен міндеті, ел мен жерді қорғау, қоғамдық тәртіп пен адам арасындағы қатынастар, қылмыс пен жаза түрлері, жеке меншіктің, құн мен айыптың өлшемдері сияқты мәселелер қамтылған.

Фото: Midjourney

Профессордың айтуынша, біздің қазіргі Конституциямыздағы негізгі құқықтар мен міндеттер секілді ережелер сол кезде де болған. Өйткені онсыз мемлекет толыққанды өмір сүре алмайды.

Дәстүр жалғасы: «Есім ханның ескі жолы» мен «Тәуке ханның Жеті жарғысы»

Қазақ хандығының тарихында құқықтық жүйе біртіндеп жетілдіріліп отырды. Қасым ханның заңдарын кейіннен Есім хан жалғастырып, оны «Есім ханның ескі жолы» деп атаған. Ал Тәуке хан билік құрған кезде осы дәстүр негізінде жаңа заң – «Жеті жарғы» қабылданды.

– «Жеті жарғы» ойдан шығарылған жоқ, ол – «Есім ханның ескі жолының» жалғасы, ал «Есім ханның ескі жолы» өз кезегінде «Қасым ханның қасқа жолының» негізінде жасалды. Бір халық, бір жер, бір жүйе – тек уақыт өзгеріп отыр, - дейді академик Кәрібаев.

«Қасым ханның қасқа жолы» — жазбаша түрде сақталмағанымен, қазақтың құқықтық ойының бастауы, әділдіктің, тәртіптің символы ретінде ұлт жадында мәңгі қалды.

Қасым хан тек ұлан-ғайыр жерді біріктіріп қана қойған жоқ, елді заң арқылы ұйыстырды. Ол орнатқан тәртіп кейінгі ғасырлардағы қазақ билігінің, хандық дәстүрінің, тіпті бүгінгі мемлекеттік құқық жүйесінің іргетасына айналды.

Қасым хан туралы тарихи фильм прокатқа шыққанын жазған болатынбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 21:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары