Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Қасым Жомарт Тоқаев: Қазақстан және Еуропалық Одақ стратегиялық әріптестіктің жаңа тарауын ашады

Қасым Жомарт Тоқаев: Қазақстан және Еуропалық Одақ стратегиялық әріптестіктің жаңа тарауын ашады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестік бүгінде бұрынғыдан да маңызды, деп жазады Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Euronews басылымына жарияланған авторлық мақаласында. Президент стратегиялық серіктестіктің келесі кезеңін қалыптастырудың үш негізгі стратегиялық мақсатын атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2015 жылы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге (КСЫК) қол қойылғаннан кейін он жыл өткен соң, Еуропалық Одақ қазір Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып саналады.

Біздің елімізде мыңдаған еуропалық компания табысты жұмыс істейді. Еуропа үшін тиімді және пайда әкеледі. Сонымен бірге экономикамызды жаңғырту мен әртараптандыруға үлес қосады.

Бұл маңызды жетістік және солай болып қала береді. Бірақ тез өзгеріп жатқан әлемде бұл жеткілікті ме? Менің ойымша, жоқ.

Мен Брюссельге айқын міндеттемемен және берік сеніммен ораламын: Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестік бүгінде бұрынғыдан да маңызды. Сондықтан оны нығайту керек.

Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы: екі тарапқа да арналған үш негізгі стратегиялық мақсат

Атап айтқанда, Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастығының келесі кезеңі екі тарапқа да  арналған үш негізгі стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге бағытталуы тиіс: 1) орнықтылықты нығайту, 2) барлық салалардағы өзара байланыстылықты кеңейту және 3) азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.

Бұл қажет, өйткені бұрынғы геосаяси алғышарттар енді жұмыс істемейді. География мен күш қайтадан алдыңғы қатарға шығып отыр.

Қайта жанданған бәсекелестік сауда, технологиялар және инвестициялық ағындар бағыттарын қарқынды түрде өзгертуде. Жаһандық жеткізу тізбектері қайта осалдана түсті. Сауда-экономикалық өзара тәуелділік ұлттық қауіпсіздік пайымдарының кепіліне жиі айналып барады.

Еуропаға жақсы мәлім болғандай, мұндай жағдайда елдер не бәсекелес блоктарға тұйықталады, не өзара құрмет пен ортақ мүдделерге негізделген жаңа әріптестіктер құрады.

Қазақстан да мұны жақсы түсінеді: біз географиялық жағынан құрлықтардың тоғысқан жерінде орналасқанбыз, ал сыртқы саясатымыз оларды байланыстыруға ұмтылып жатыр.

Экономикалық қуат Қазақстанның байланыстырушы рөлін барған сайын нығайта түсті

Бұл байланыстырушы рөл экономикалық қуатпен барған сайын нығая түсуде. 2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өсіп, ЖІӨ 306 млрд АҚШ долларына жетті.

Халықаралық валюта қорының World Economic Outlook болжамына сәйкес, 2026 жылы ЖІӨ 360 млрд. АҚШ долларынан асады деп күтілуде. Ірі әрі серпінді Қазақстан Еуропа үшін Еуразияның жүрегіндегі анағұрлым мықты әріптес дегенді білдіреді.

Әрбір саяхатшы: жол неғұрлым белгісіз болса, сенімді серіктердің құны соғұрлым жоғары болатынын түсінеді.

Әлеміміз барған сайын белгісіз бола түскен сайын, Қазақстан мен Еуропа қазірдің өзінде осындай серіктер болып табылады. Біздің халықаралық ынтымақтастыққа деген теңгерімді, прагматикалық және сындарлы көзқарасымыз өзгеріссіз қалады.

Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына берік адалдығымызды сақтаймыз. Біз диалог пен қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге басымдық беруді жалғастырамыз. Біз әрдайым келісе бермейміз, бірақ біз бір-бірімізді жақсы білеміз.

«Энергетикалық қауіпсіздік - өзара сеніміміздің айқын мысалы»

Өзара тәуелділік орнықтылықты күшейтеді. Сенімділік қысқа мерзім ішінде стратегиялық мәнге ие болған энергетика саласын алайық. Бүгінде Қазақстан Еуропалық одақтың мұнай және мұнай өнімдері импортының шамамен 13%-ын және табиғи уран жеткізілімдерінің 16%-ын қамтамасыз етіп отыр.

Энергетикалық қауіпсіздік - өзара сеніміміздің, орнықтылықты нығайтудың және міндеттемелерді анағұрлым тұрақсыз әлем жағдайында да орындау қабілетіміздің айқын мысалы.

Неліктен дәл осындай тәсілді ауыл шаруашылығында қолданбасқа? Азық-түлік қауіпсіздігі бүкіл әлемде барған сайын маңызды стратегиялық мәселеге айналып келеді. Қазақстан әлемдегі ең ірі астық өндірушілер мен экспорттаушылардың бірі болып табылады және әртараптандыруды қажет ететін еуропалық нарықтар үшін елеулі әлеуетке ие.

Сонымен қатар еуропалық білім, технологиялар мен инвестициялар біздің елімізде терең өңдеу және жоғары қосылған құны бар ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға ықпал ете алады.

Сол сияқты жаһандық экономиканың орнықты өсуге көшуі бұрын-соңды болмаған деңгейдегі өзара іс-қимылды талап етеді. Маңызды шикізат материалдары, жаңартылатын технологиялар, энергия тиімділігі және жаңа өнеркәсіптік экожүйелер болашақтағы бәсекеге қабілеттілікті қарқынды түрде қалыптастыруда.

Егер Еуропа сараптама, технологиялар және инвестициялармен жауап берсе Қазақстан бұл жерде де елеулі ресурстар мен өнеркәсіптік әлеует ұсына алады. Екі экономикамыз да өседі әрі екеуі де орнықты бола түседі.

Қауіпсіз және тиімді көлік бағыттары - стратегиялық артериялар

Ынтымақтастығымыздың алғашқы онжылдығына сүйене отырып, экономикалық қатынастарымызды «шикізат ресурстарын инвестицияға айырбас жасау» деген дәстүрлі модельден терең өңдеу, технологиялар трансферті, зерттеу ынтымақтастығы және бірлескен кәсіпорындар арқылы әрбір кезеңде құндылық жасайтын әріптестікке дейін дамыту уақыты келген жоқ па?

Өзара байланыстылық мәселесін қарастырайық. Қазақстанда біз Жібек жолы сияқты қауіпсіз және тиімді көлік бағыттары әрдайым стратегиялық артериялар болғанын түсінеміз.

Дәл сондықтан біз Еуропа мен Азия арасындағы Орта дәлізді дамытып жатырмыз, әрі ол ЕО-ның Global Gateway стратегиясымен табиғи түрде үйлеседі.

Алайда өзара байланыстылық тауарларды шекаралар арқылы жылдамырақ өткізуден әлдеқайда кең ұғымды білдіреді. Орта дәлізді еуропалық нарықтар мен экономикалық орталықтарды Орталық Азияның ресурстарымен, оның дамып келе жатқан өнеркәсіптік базасымен және логистикалық әлеуетімен байланыстыратын қалыптасып келе жатқан жүйенің негізі ретінде қарастырған жөн.

Шынайы өзара байланыстылық дегеніміз - ежелгі дәуірдегі каналдар, теңіз жолдары мен жолдарды еске түсірейікші - әрдайым жаңа мүмкіндіктер арқылы құндылық жасаған. Ол нарықтарды интеграциялайды, инвестицияларды ынталандырады, кәсіпкерлікті қолдайды және қоғамдарды жақындастырады. Ол географиялық артықшылықтарды экономикалық мүмкіндіктерге айналдырады.

Жасанды интеллект, цифрлық басқару, инновациялық экожүйелер және сенімді технологиялар

Тұра осы себептен біздің әріптестігіміз енді болашақтағы өркендеуді қамтамасыз ететін технологияларды да қамтуы тиіс. Жасанды интеллект, цифрлық басқару, инновациялық экожүйелер және сенімді технологиялар экономикалық бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық орнықтылықтың орталық факторларына қарқынды түрде айналып келеді.

Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, деректерге негізделген басқаруды дамыту және жасанды интеллектке инвестиция салу арқылы анағұрлым цифрлық мемлекетке айналу бойынша өршіл мақсаттар қойды.

Біз технологиялық прогресс инклюзивті, қауіпсіз және адамға бағдарланған болып қала беруі үшін еуропалық технологиялық компаниялармен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз.

Ең алдымен, шынайы стратегиялық әріптестік азаматтарға нақты пайда әкелуі тиіс. Визалық режим мәселесінде айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілді, бұл сапарларды қолжетімді әрі ыңғайлы етіп, барлық тараптағы студенттерге, зерттеушілерге, кәсіпкерлерге және отбасыларға практикалық пайда әкеледі.

Білім, ғылым және инновациялар саласындағы межені көтеру қажет

Біз сондай-ақ білім, ғылым және инновациялар саласындағы амбиция деңгейін қайтадан арттыруымыз қажет. Қазақстанның Erasmus+ және Horizon Europe бағдарламаларына қатысуы бар мүмкіндіктер ауқымын қазірдің өзінде көрсетіп отыр. Бізге академиялық ұтқырлық пен ынтымақтастық, бірлескен инновациялар және жастар үшін көбірек мүмкіндіктер қажет.

Уақыт ешкімді күтпейді. Қазақстан Еуропалық одақпен әріптестігінің келесі онжылдығына терең жаңару кезеңінен өтіп жатқан, орнықтылық ел ішінен басталатынына сенімді мемлекет ретінде қадам басуда.

Біздің жаңа Конституциямыз тәуелсіздік алғаннан бергі алғашқы ірі қайта жаңғыру болды. Ол жаңа ұрпақтың заң мен тәртіпке, сондай-ақ адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бұлжытпай құрметтеу мен қорғауға негізделген әділетті елде өмір сүруге деген ұмтылысын көрсетеді.

Ол сондай-ақ «Күшті Президент - Ықпалды Парламент - Есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес қоғамдық есептілікті нығайтуға және институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді саяси және экономикалық реформаларды бекітеді.

Біз әріптестеріміз бен инвесторларымыздың Қазақстаннан тек жаңа нарықтарды ғана емес, сонымен бірге тұрақты ережелерді, сондай-ақ болжамды, әділ және ашық экономикалық басқаруды табуын қалаймыз.

Соңғы онжылдық бізге әріптестікті табысты дамытуға қабілетті екенімізге сенім берді. Келесі онжылдыққа көз жүгірте отырып, мен біздің әріптестігіміз маңызды нәтижелер әкелуі тиіс екеніне сенімдімін.

Жақсы жаңалық - Еуропа мен Қазақстанда бұл әріптестікті нығайту үшін қажетті құралдар мен ресурстардың басым бөлігі қазірдің өзінде бар. Қалғанын біз бірге жасаймыз.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық одақ басшылығымен келіссөздер жүргізу үшін 22-23 маусымда Брюссельге барады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see173

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see165

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see164

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see161

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see160

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see156

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see149

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see148

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see146

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see142

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see141

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see139

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see139

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see139

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see136

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see134

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see128

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see125

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see125

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see124
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары