Қауіпсіз жол : Қызылордада 241 құқық бұзу дерегі анықталды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Іс-шараның 6 күнінде ішкі істер органының есебіндегі 1852 адамның тұрғылықты мекен-жайлары тексерілді. Ал учаскелік инспекторлар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, маскүнемдер, нашақорлар, пробация есебінде тұрғандар мен қолайсыз отбасыларды аралап, профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізді.
— 241 құқықбұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Оның ішінде алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сатудың – 14, қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 166 дерегі, 42 ұсақ бұзақылық анықталды. 32 маскүнем мен 2 нашақор есепке қойылды. Белгілі тұрағы жоқ 14 адам қабылдап-тарату орнына орналастырылды, — деді облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Рауан Әлдешов.
Бұдан басқа 19 жасөсіпірім көңіл көтеру орнында заңды өкілінің ертуінсіз жүргені үшін ұсталды. Түнгі уақытта жалғыз өзі көшеде жүрген 5 бала бейімдеу орталығына жеткізілді.
Еске салайық, Ішкі істер министрлігінде полиция жұмысының тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған дрондар тәрізді цифрлық технологияларды жүйелі түрде енгізу жұмысы жалғасып келеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 07:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















