Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қауіпті ошаққа барамыз, ал үстемақы жоқ: Бурабай ветеринарлары патогендік үшін төлемді талап етуде

Қауіпті ошаққа барамыз, ал үстемақы жоқ: Бурабай ветеринарлары патогендік үшін төлемді талап етуде

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мал дәрігерлері мәселені бірнеше мемлекеттік органның алдына да қойған. Мамандардың сөзінше, олар аса қауіпті инфекциялармен тікелей жұмыс істейді. Ал ресми жауапта мәселенің басты себебі ретінде жергілікті бюджеттен бүйірінінен бөлінген қаражаттың жеткіліксіздігі көрсетілген, - деп хабарлайды  Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Бурабай ауданындағы ветеринар мамандарының көтеріп отырған мәселесі көптен бері шешімін күтуде. Олардың айтуынша, жыл басынан бері патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін төленуге тиіс үстемақы берілмеген.

Ветеринарлардың жұмысы күнделікті қауіппен байланысты. Мамандар ауру ошақтарына шығып, қан сынамаларын алады, жануарларды тексереді және аса қауіпті инфекция қоздырғыштарымен тікелей байланыста болады. Олардың арасында сібір жарасы, бруцеллез және құтыру сияқты адамға да жұғуы мүмкін аурулар бар.

- Күн сайын ветеринар дәрігерлер ошақтарға шығып, қан сынамаларын алып, аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарымен тікелей байланыста жұмыс істейді. Бұл аурулар жануарлар үшін ғана емес, адамдар үшін де аса қауіпті. Біз курорттық өңірдің және тұтас облыстың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысамыз, – дейді мамандар.

Ветеринарлардың айтуынша, мұндай еңбек жағдайына байланысты заңнамада лауазымдық айлықақының 50 пайызы мөлшерінде үстемақы қарастырылған. Алайда 2026 жылдың қаңтарынан бері бұл төлем мүлде жүргізілмеген.

Мамандар мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірнеше рет жүгінген.

Қаржы неге жетпеді?

Ақмола облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің қарауына ұсынылған материалдарды зерделеу барысында Бурабай аудандық ветеринариялық станциясының жануарлар ауруларының алдын алу, диагностикасы және оларды жою жөніндегі іс-шараларды ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырып отырғаны анықталған.

Департаменттің жауабында бюджет қаражатының шектеулі болуына байланысты қажетті қаржыландыру толық көлемде қамтамасыз етілмегені көрсетілген.

Соның салдарынан жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі қысқарып, аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың эпизоотияға қарсы іс-шараларды орындауына байланысты 1,2 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру тапшылығы қалыптасқан.

Еңбек инспекциясының ресми жауабында Бурабай аудандық ветеринариялық стансаның қызметкерлеріне 2026 жылдың басынан бері патогендік үшін үстемақы төленбегені де нақты көрсетілген.

Сонымен бірге қажетті бюджет қаражаты бөлінген жағдайда, үстемақы төлеу мәселесі заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатыны айтылған.

Департамент азаматтарға жалақының төленбеуі немесе еңбек заңнамасының өзге де талаптарының бұзылуы жағдайында жазбаша өтінішпен жүгінуге болатынын еске салды. Өтінішті «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы да жолдауға болады.

Облыстық ветеринария басқармасы не дейді?

Мәселеге қатысты Ақмола облысының ветеринария басқармасы да жауап берді.

Басқарманың мәліметінше, 2026 жылы патогендік биологиялық агенттермен байланысты жұмыстарды орындайтын ветеринария мамандарына лауазымдық айлықақының 50 пайызы мөлшерінде үстемақы төлеу қарастырылған.

Яғни мамандардың сөз болып отырған төлемі бюджетте мүлдем қарастырылмаған деген жағдай жоқ. Басқарманың хабарлауынша, 2026 жылға облыстық бюджетте осы мақсатқа 1,1 миллиард теңге көлемінде қаржы көзделген.

- Қажетті бюджеттік өтінімдерді облыстық ветеринария басқармасы қалыптастырып, олар бюджет атқаруына жауапты уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте келісілген. Алайда қаржы бірден толық көлемде бөлінбеген. Қазіргі уақытта облыстық бюджеттен алғашқы транш – 159 млн теңге бөлінген. Қалған қаражат облыстық бюджеттен түсуіне және қаржылық мүмкіндіктерге қарай кезең-кезеңімен жыл соңына жеке-жеке транштармен берілмек, - дейді Ақмола облысының ветеринариялық басқармасынан.

Қазіргі уақытта бұл қаражатты аудандық және қалалық ветеринариялық станцияларға жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, ветеринариялық станциялармен қолданыстағы шарттарға қосымша келісімдер жасалып, мамандарға тиісті үстемақыларды төлеуді қамтамасыз ету көзделген.

Басқарма бұл мәселенің өз бақылауында екенін мәлімдеді. Сондай-ақ патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істейтін ветеринар мамандарына тиесілі үстемақыны төлеу мәселесі Ақмола облысының әкімдігі мен Ветеринария басқармасының бақылауында екені айтылды.

Қаржыландырудың әрі қарайғы нәтижелері мен тиісті төлемдердің жүргізілуі туралы ветеринар мамандары белгіленген тәртіппен хабардар етіледі.

Бір мәселе, бірнеше жауап

Осылайша, Бурабай ветеринарлары көтерген мәселе бойынша мемлекеттік органдардың жауаптарында бірнеше маңызды дерек бар.

Біріншіден, патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істейтін ветеринар мамандарына 50 пайыздық үстемақы төлеу 2026 жылға қарастырылған.

Екіншіден, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1,1 млрд теңге көлемінде қаражат жоспарланған.

Үшіншіден, әзірге оның 159 млн теңгесі ғана алғашқы транш ретінде бөлінген.

Төртіншіден, қалған қаражат облыс бюджетінің кірістері мен қаржылық мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен бөлінбек.

Ал Бурабай ауданындағы мамандар болса, үстемақыны жылдың басынан бері алмағанын айтып отыр.

Мәселенің тағы бір ерекшелігі – ветеринарлардың айтуынша, бұл жағдай тек Бурабай ауданымен шектелмейді. Облыстың бірқатар ауданындағы ветеринар мамандары да аталған төлемді уақытында ала алмаған.

Сондықтан қазір мамандарды қызықтыратын басты сұрақ – қаражаттың толық көлемде қашан бөлінетіні және жыл басынан бері төленбеген үстемақының қашан есептеліп, қызметкерлердің қолына тиетіні.

Әзірге ресми жауап бойынша қаржыландыру процесі басталған, ал қалған қаражатты бөлу жыл соңына дейін кезең-кезеңімен жүргізілуі тиіс.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қыркүйек 2026 11:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары