Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақша брендтер: Ұлттық киімнің жаңа дәуірі

Қазақша брендтер: Ұлттық киімнің жаңа дәуірі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Киім – кез келген халықтың мәдени коды. Оның пішіні, матасы, ою-өрнегі арқылы ұлттың дүниетанымын, тұрмыс-тіршілігін, тіпті мінезін де тануға болады. Қазақтың шапаны мен қамзолы, сәукелесі мен тақиясы – ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық талғам мен рухани құндылықтардың көрінісі. Бүгінде бұл мұра жаңа сипат алып, заманауи стильмен үндесіп, күнделікті өмірге батыл ене бастады.

Мемлекет тарапынан да бұл бағытқа ерекше назар аударылып отыр. Президент бастамасымен Наурыз мейрамын он күн бойы атап өту дәстүрге айналып, соның ішінде 18 наурыз – Ұлттық киім күні болып белгіленуі – соның айқын дәлелі. Бұл бастама ұлттық киімнің тек мерекелік атрибут емес, күнделікті мәдениеттің бір бөлігіне айналуына ықпал етуде. Бүгінде кеңселерде, ресми жиындарда, түрлі мәдени іс-шарада ұлттық на­қыш­тағы киімдерді кию қалыпты үр­діске айналып келеді.

Жалпы, ұлттық киімге деген сұраныстың артуы отандық брендтердің дамуына серпін бергені белгілі. Соның бірі –  Didar  компаниясы. 2004 жылы негізі қаланған кәсіптің бастауында ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен Самат Тілеужанұлы тұр. Қазақы киімдердің сапасына көңілі толмаған ол бұл істі өзі қолға алып, жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Бүгінде оның жолын ұлы Дидар Тілеу­жанов жалғастырып отыр. Компания дәстүрлі үлгілерді заманауи дизайнмен ұштастырып, жылына 2 мыңға жуық ұлттық киім өндіреді. Алматыдағы «ЦУМ» сауда үйінде орналасқан дүкен­дері арқылы тұтынушыларға сапалы өнім ұсынып келеді.

Ал Borte бренді – ұлттық киімге деген махаббаттың нақты әрекетке айналғанының көрінісі. Оның негізін қалаған Алтынай Тұратбекова бұл іске кездейсоқ келмеген. Айсұлу Татарстанға құрбыларымен бірге қыдырып барады. Сол кезде жергілікті халық оның үстіндегі қажекейге ерекше қызығады. Алтынаймен бірге фотоға түсіп, репортаж жасайды. Бұл кейіпкерімізге үлкен ой салып, осыдан кейін ол ұлттық киімді кеңінен насихаттауды мақсат етіп, кәсіп бастайды. Бүгінде Алты­найдың Ақтауда орналасқан цехында премиум және қолжетімді сегменттегі киімдер тігіледі. Әсіресе, барқыттан тігілген, әсем тастармен безендірілген шапандарға сұраныс жоғары. Бренд атауы да қазақ тари­хындағы көркем бейнелердің бірі Бөрте ханыммен байланысты. Бұл – ұлттық болмыс пен әйел сұлулығын ұштастыруға деген талпыныстың белгісі. Алтынай театрдан «Бөрте» спектаклін көріп, сырт келбеті мен ақыл-парасаты келіскен Бөрте ханымның бейнесін жадында сақтайды. Қазақтың қыз-келіншектері де сымбатты да сұлу көріну керек деп ойлайды. Айта кетейік, бұл брендтің тауарлары онлайн дүкендер арқылы сатылады. 

Елордадағы Myrza Brand болса, табандылық пен үздіксіз ізденістің нәтижесінде қалыптасқан бренд. Кәсіпті бастаған Тасқын Мырза мен Диана Рахым алғашқыда қателіктерге бой алды­рып, қаржылық қиындықтарға тап болады. «Біз әйелім екеуміз ең алғаш кәсіп бастағанда тәжірибеміз болған жоқ. Бірден тігін машиналарын сатып алдық, тәжірибесі жоқ тігіншілерге тіктірдік. Матаның сапасына да онша мән бермеппіз. Содан дайын тауа­рымыздың жартысы сапасыз, ақауы бар болып шықты. Сатып алған адамдар киімдерді қайтадан қайтарып жатты. Біз қарызға баттық. Ең соңында, мен тігін машиналарын ОLХ сайты арқылы төмен бағада сатып жібердім», – дейді Тасқын Мырза. Бірақ алған бетінен қайтпаған жас кәсіпкер базарды, на­рықты зерттей жүріп, бұл жолы ұлттық киім өндірісінде бақ сынайды. «Бірінші бизнестегі сәтсіздіктен кейін қалтамда бір тиын ақша болған жоқ. Базарға барып, өзіме ұнайтын, жоғары сападағы  шапандар мен қажекейлерді сатып алып, қайта сатумен айналыстым. Одан кейінгі сатыда біз шапандарды өзіміз жобалап, басқа цехтарда тіктіре бастадық», - дейді Тасқын Мырза. 

«Біз нарықта 2022 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатырмыз. Алға­шын­да онлайн баста­дық. Сосын 2023 жылы Алматы қаласындағы дүкенімізді аштық. 2024 жылы Астанадағы дүкені­мізді аштық. Ал был­тыр дүкенді Шымкент қаласынан аштық. Одан бөлек, барлық қалаға  тап­сырыс жеткіземіз. Қазір маталарды шетелден алдырамыз. Компа­ния­мызда 4 дизайнер жұмыс істейді. Олардың барлығы да кәсіби мамандар. Киімді жобалау үшін салт-дәс­түрімізді, бұрынғы ата-бабаларымыз киген киім­дерді зерттеп, кітап­тар ақтарып, көп еңбек­тенеді. Бұрынғы киім­дердің сұлбасын сақтап, қазіргі заманға лайықтап ықшамдап жоба­лайды. Сондықтан біздің кез-келген киіміміз кездейсоқ дүниелер емес, тарихи негізі бар, дәстүрімізге сәй­кестендірілген, заманауи келбеті үйлескен киімдер», – дейді Диана Рахым.

Бүгінде қос кәсіпкердің жеке өндіріс орны бар. Жылына 25 мыңға жуық киім шығарады. Жоғарыда айтқанымыздай, үш қалада дүкендері бар, қалған барлық қалаға тапсырыспен киім жеткізеді. Сондай-ақ цехтарында 60-қа жуық тігінші еңбек етеді. Бұл – ұлттық брендтің үлкен өндірістік деңгейге көтерілгенінің дәлелі. 

Соңғы жылдары бұлардан бөлек те көптеген жаңа бренд пайда болуда. Мәселен, жастар арасында танымал этно-стильдегі киімдер ұсынатын шағын шеберханалар, дизайнерлік студиялар ұлттық нақышты street style, casual бағыттарымен үйлес­тіріп келеді. Кейбір брендтер ұлттық оюларды минимализммен ұштастырса, енді бірі дәстүрлі пішін­дерді сақтай оты­рып, жаңа маталар мен технология­ларды қолданады. Бұл – қазақы киімнің тек сахналық немесе сал­танатты образ ғана емес, заманауи өмір салтының бір бөлігіне айналып келе жатқанын көрсетеді.

Алайда ұлттық брендтердің дамуына қарамастан, Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің жалпы жағдайы әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Сарапшылардың айтуынша, елдегі киім өндірісінің басым бөлігі импортқа тәуелді. Нарықтағы өнімдердің едәуір бөлігі Қытай, Түркия, Қырғызстан және өзге де елдерден әкелінеді. Бұл өз кезегінде отандық өндірушілердің бә­секеге қабілеттілігін төмендетеді.

Тағы бір өзекті мәселе – шикізат тапшылығы. Қазақстанда сапалы мата өндірісі жеткілікті деңгейде дамымаған. Көптеген бренд шетелдік матаны пайдалануға мәжбүр. Бұл өнімнің өзіндік құнын арттырып қана қоймай, өндіріс процесін де күрделендіреді. Сонымен қатар тігін өндірісінде білікті мамандардың жетіспеушілігі де сезіледі. Жас буын арасында бұл салаға қызығу­шылықтың төмен болуы кадр тапшы­лығын одан әрі ушықтырып отыр.

Өндірістік инфрақұрылымның әлсіздігі, қаржыландырудың шектеулі болуы, шағын және орта бизнеске арналған нақты қолдау тетіктерінің жеткіліксіздігі де саланың дамуын тежейтін факторлар қатарында. Көп­теген дизайнер мен кәсіпкерлер бастапқы кезеңде жеке қаражатымен немесе шағын несиемен жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл олардың өндірісті кеңей­туіне мүмкіндік бермейді.

Дегенмен осындай қиындықтарға қарамастан, еліміздің түрлі қаласында, аудан орталықтарында ұлттық киім тігумен айналысатын кәсіпкерлер пайда болды. Олар өздерінің Instagram парақшалары арқылы тек бизнес жүр­гізіп қана қоймай, ұлттық мәдениетті жаңғыртып, оны заманауи форматта ұсынуда. 

Елімізде жаңа нарық қалып­тастыруда. Әсіресе жастар арасында ұлттық стильге деген қызығушылық артып, оны өзіндік идентификацияның құралы ретінде қабылдай бастады.

Ұлттық брендтердің дамуы – тек экономикалық көрсеткіш емес, бұл – мәдени трансформацияның көрінісі. Қазақ қоғамында бір кездері тек Наурыз мерекесінде ғана киілетін ұлттық киім бүгінде күнделікті гардеробтың бір бөл­шегіне айналып келеді. Әсіресе, жас­тар арасында ұлттық стильге деген қы­зығушылық артып, оны өзіндік идентификацияның құралы ретінде қабылдау үрдісі байқалады.

Қорытындылай келе айтарымыз, ұлттық киім брендтерінің көбеюі – қоғамдағы терең өзгерістердің белгісі. Бұл – өткен мен бүгіннің арасындағы көпір. Ұлттық брендтер – тек сән индус­триясының өнімі емес,  ұлттың рухани жаңғыруының, өзін-өзі тануы­ның және болашаққа нақты қадамының көрінісі.

Айгүл СЕЙІЛ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 06:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары