Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақстан АҚШ қатынасының жаңа дәуірі

Қазақстан АҚШ қатынасының жаңа дәуірі

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 2 жарым млрд доллардан асты. Ұлттық статистика бюросының биылғы қазан айына дейінгі алыс-беріс бойынша есебі осылай. Оның ішінде экспорт көлемі 1 млрд долларға жуықтады. Бұдан бөлек 2025 жылдың саяси салмағы да айрықша. Нью-Йорк пен Вашингтондағы кездесулер, Ақ үйдегі С5+1 саммиті және Ибрахим келісімі қазақ-америка қарым-қатынасын бұрын-соңды болмаған жаңа деңгейге шығарды.      

Ердана Ержанұлы, тілші: 

- Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың жаңа дәуірі басталды. Ақ үйдегі C5+1 cаммитінен кейін Вашингтон ресми түрде осылай деді. 

Сонымен қатар сол кездегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары аясында жалпы құны 17 млрд АҚШ долларын құрайтын 29 келісімге қол қойылды. Тиісінше Қазақстанның да Орталық Азияның көшбасшысы ретінде ықпалы артты. 

Дэниел Уитт, Халықаралық Салық және инвестиция орталығының президенті:

- АҚШ басшысы Дональд Трамптың Президент Қасым-жомарт Тоқаевпен  Вашингтонда өткен қараша айында кездесуі үлкен жетістік. Екі басшы да екіжақты байланысты барынша дамытуға мүдделі. C5+1 кездесуінде мұның қайта жандана түскеніне куә болдық. Оның өзекті болғаны сонша, қатарға Әзербайжан қосылып, С5 C6-ға айналды.

Ариэль Коэн, Atlantic Council Еуразия орталығының аға зерттеушісі, саясаттанушы:

- Қазақстан – шығыс пен батысты жалғайтын бірегей ел. Ал Әзербайжан Армения арқылы өтетін бұрынғы Зангезур дәлізін жаңа деңгейге шығарды. Енді Қазақстан мен Орталық Азия Түркия және Жерорта теңізімен тікелей байланыса алады. Сонымен қатар АҚШ теміржол өндірісі тарихындағы ең ауқымды келісімге қол қойды. 4 млрд доллардан асатын Wabtec локомотивтері болашақтағы ғарыш, high tech, IT, ЖИ салаларында ауқымды ынтымақтастыққа жол ашатынына сенімдімін. 

Wabtec-тің 300 локомотиві Boeing-тің 18 ұшағымен бақ беттеріне тарағаны әлі есімізде. Әсіресе сол жаңа ұшақтар көптен күткен Қазақстан-АҚШ арасындағы тікелей рейстердің басталуына да сеп болмақ. Әуе таксилері, ауыл және құрылыстық техника өнімдері, цифрлық және жасанды интеллект алпауыттарымен ортақ жобалар осы жылғы ірі жетістіктер қатарында. Сондай-ақ Қарағандыдағы ірі вольфрам кен орындарын дамытудан бастап, сирек минералдардың біршама түріне тың жобаларды алып келді. 

Эрик Руденшиольд, аға дипломат, Caspian Policy Center Зерттеушісі:

- Ендігі басты міндет – стратегиялық пайдалы қазбалар бойынша жасалған келісімдерді нақты инвестициялық жобаларға айналдыру. Себебі бизнес пен бизнес арасындағы нақты әріптестік қана серіктестікті терең әрі орнықты етеді. Келер жылы негізгі басымдық осы бағытқа берілуі тиіс.

Алдағы жылдың ең елеулі оқиғасының бірі Үлкен жиырмалық саммиті болғалы тұр. Президент Дональд Трамптың мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ауқымды жиынға арнайы шақыртуы екіжақты  серіктестікті одан да берік ете түсуге ниетті екенін көрсетеді. 

Эрик Руденшиольд, аға дипломат, Caspian Policy Center Зерттеушісі:

Бұл – Қазақстанның АҚШ президенті ерекше мән беретін елдердің қатарында екенін тағы айғақтайды. Осы тұрғыда G20 саммитіне арнайы шақыру – Қазақстан мен Өзбекстан үшін аса маңызды. Өйткені бұл екі ел – Орталық Азиядағы ең ірі экономикалар. Қос ел бүкіл өңірдің дамуына серпін бере алады. 

Қазақстанның аты америкалық БАҚ беттерінде Ибрахим келісіміне қол қояды деп те кеңінен тарады. Сарапшылар мұндай дипломатиялық қадамның қос тарапқа да тиімді болғанын айтады. 

Дэниел Уитт, Халықаралық Салық және инвестиция орталығының президенті:

- Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімінде Ибрахим келісіміне қол қойған алғашқы ел ретінде есте қалды. Астананың Таяу шығыс елдерімен дипломатиялық байланысы жолға қойылған, экономикалық ынтымақтастық жақсы деңгейде. Алайда осы келісімге қосылған соң сауда және инвестиция бағытындағы зор серпіліске куә болмақпыз. 

Бұдан бөлек әйгілі америкалық оқу орындары Қазақстанға келмек. Биыл Нью-Йорк фильм академиясы кампусын ашса, Аризона штаты университеті мен Колорадо тау-кен мектебі осы жолдағы жұмысты бастап кетті. Димаш Құдайберген Мэдисон Скуейер Гарденде ән шырқаса, Ғазиза Жұбанова атындағы квартет Карнеги Холда өнер көрсетті. 

Ердана Ержанұлы, тілші:

- Осылайша, саясаттан ғылым мен өнерге дейін екіжақты қарым-қатынас қарқынды түрде дамыды.

Авторлары: Ердана Ержанұлы, Эндрю Фанг

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 15:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары