Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Қазақстан әлемдік қаржы үшін жарыста жеңіске жетіп жатыр инвестицияда секіріс жасауға не мүмкіндік берді

Қазақстан әлемдік қаржы үшін жарыста жеңіске жетіп жатыр инвестицияда секіріс жасауға не мүмкіндік берді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстан инвестициялық тәуекел мен орнықтылықтың халықаралық рейтингінде 53-орынға тұрақтап, 2025 жылмен салыстырғанда бірден 17 сатыға көтерілді. Tengrinews.kz сарапшылардан бұл нәтижеге не әсер еткенін және елге инвесторлардың қызығушылығын сақтап қалу үшін қандай реформалар көмектесетінін білді.

Қазақстан 17 сатыға көтерілді

Анықтама: Глобалдық инвестициялық тәуекел және орнықтылық индексі (GIRRI) – бұл Henley & Partners компаниясы әзірлеген аналитикалық рейтинг. Индекс елдердің халықаралық инвесторлар үшін сенімділігін бағалайды. Ол екі негізгі факторды: ұзақ мерзімді орнықтылық пен нақты уақыт режиміндегі нарықтық тәуекелдерді салыстырады.

2025 жылғы қазанда Қазақстан рейтингте 70-орында болса, 2026 жылы мамырға қарай 53-сатыға көтерілді. Henley & Partners сарапшылары жаңа шығарылым әлемдік нарықтардың соңғы геосаяси дүрбелеңдерге реакциясын көрсететінін атап өтті.

Айта кететін жайт, Қазақстан Орталық Азиядағы көршілерінен озып кетті:

Өзбекстан 81-орында; Қырғызстан – 96-орында; Тәжікстан – 97-орында. Түрікменстан бойынша рейтингте мәлімет жоқ.

Бұл ретте өңір елдерінің позициялары айтарлықтай өзгерген. 2025 жылғы қазанда Өзбекстан 89-орында, Қырғызстан 73-орында, ал Тәжікстан 85-орында болған еді.

Сонымен қатар үздік ондыққа мына елдер кірген:

Швейцария; Дания; Швеция; Сингапур; Норвегия; Люксембург; Финляндия; Германия; Нидерланды; Исландия.

Сарапшылар рейтингтегі өзгеріс тәуекелдердің абсолютті төмендеуін емес, мемлекеттің басқа елдермен салыстырғандағы жағдайын көрсететінін айтады.

Қазақстан неге рейтингте жоғарылады?

Экономикалық зерттеулер институты Сауда және инвестициялық саясатты дамыту орталығының аға сарапшысы Меруерт Манапова Қазақстанның өсуін ішкі реформалармен де, басқа елдердегі жағдайдың өзгеруімен де байланыстырады.

"Рейтинг салыстырмалы сипатта болғандықтан, елдің позициясы тек өз көрсеткіштеріне ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттердегі экономикалық, қаржылық және геосаяси тәуекелдердің өзгеруіне де байланысты. Дегенмен, Қазақстанның ілгерілеуін кездейсоқтық деп санауға болмайды", – деді сарапшы.

Оның айтуынша, Қазақстан инвесторлар үшін тәуекелдерді азайтуға тиіс құралдарды жүйелі түрде енгізіп жатыр. Олардың қатарында Инвестициялық штаб, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа, инвестициялық келісімдер және бизнесті "бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдеу бар.

"2025 жылдың аяғынан 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы бекітілді. Ол әкімшілік кедергілерді жоюды, өңірлердің жауапкершілігін арттыруды, қажетті инфрақұрылымды дамытуды және жобаларды кешенді сүйемелдеу үшін Kazakhstan Investment House құруды қарастырады", – деді Манапова.

Рейтинг инвесторлар шешіміне әсер ете ме?

Сарапшының сөзінше, халықаралық компаниялар мұндай рейтингтерді елдерді салыстыру және ықтимал тәуекелдерді алдын ала бағалау үшін пайдаланады.

"Қазақстанның позициясының жақсаруы елге деген қызығушылықтың артуына ықпал етеді, халықаралық компаниялар мен қаржы институттары тарапынан сенімді нығайтады, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелілігін растайды. Мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары және жобаларды сүйемелдеумен ұштастыра отырып, бұл капитал салу, жаңа жобаларды іске қосу және Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту туралы шешім қабылдау кезінде қосымша дәлел бола алады", – деп есептейді ол.

Өсім бар. Әрі қарай не болмақ?

2026 жылғы шілдеде премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде елдің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады. Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 9,5 триллион теңгеге (шамамен 20 миллиард доллар) жетті, ал жеке инвестициялар көлемі 21,4 пайызға өсті.

Экономикалық зерттеулер институты Сауда және инвестициялық саясатты дамыту орталығының сарапшысы Жанара Берікқызы енді Қазақстан үшін жаңа механизмдер құруға емес, қабылданған шешімдердің толыққанды жұмыс істеуіне баса назар аудару маңызды деп санайды.

"Қазіргі динамиканы сақтап қалу үшін Қазақстанға 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасын толыққанды іске асыруға көңіл бөлу қажет. Бизнес үшін жағдайдың тұрақтылығы мен болжамдылығы, жобаларды инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен уақтылы қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді одан әрі қысқарту негізгі басымдықтар болуға тиіс", – деді ол.

Сарапшының пікірінше, жергілікті билік органдарының жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет.

"Туындаған мәселелер жедел шешіліп, жобалар уақтылы пайдалануға берілуі үшін қабылданған шешімдердің өңірлік деңгейде іске асырылуын күшейту маңызды", – деп түсіндірді Жанара Берікқызы.

Инвестиция саны ғана маңызды емес

Сонымен қатар сарапшы инвестицияның жалпы көлемін ғана емес, оның экономикаға тигізер пайдасын да бағалауға шақырды. Оның пікірінше, жаңа өндіріс орындарын ашатын, жұмыс орындарын құратын, экспортты дамытатын және заманауи технологияларды енгізетін жобаларға басымдық берілуі тиіс.

"Жеке инвестициялардың 21 пайыздан астам өсуі бизнестің ел экономикасына деген сенімінің нығайғанын көрсетеді. Осы үрдісті сақтап қалу үшін жаңа инвесторларды тартып қана қоймай, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге және пайданы Қазақстанға қайта инвестициялауға жағдай жасау маңызды", – деп түйіндеді сарапшы.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 16:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары