Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстан алғаш рет спутник экспорттайды

Қазақстан алғаш рет спутник экспорттайды

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. Мемлекет басшысы жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы осы екенін атап өтті.

Отандық ІТ саласының қазіргі аяқ алысы қалай? Алда не күтіп тұр? 

Отандық ІТ мамандар алғаш рет жерсеріктерін экспорттағалы жатыр. Сонымен қатар венчурлық инвестиция көлемі арта бастады.

Қазақстан алғаш рет жерсеріктерін экспорттайды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Моңғолия, Нигерия және Конго мемлекеттерімен отандық өнімді сатып алу туралы келісім жасалған.

Бұл спутниктер ауылшаруашылық жерлерін ғарыштан бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. Оны бастан-аяқ қазақстандық инженерлер әзірлеген. Серіктес елдер алдын ала төлем жасап та қойды. Енді іске көшу ғана қалып тұр. Жоба елдің Ұлттық ғарыш орталығында жүзеге асырылады. Отандық мамандар шетелдік әріптестерін оқыту міндетін қатар алып, кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады.

Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:

- Алдағы жылдары жерді ғарыштан бақылауға арналған кемінде 5-6 спутник құрастырылады. Оның ішінде экспорт көлемі 75 млн доллар болады. Бұл Қазақстан тарихында тұңғыш рет жүзеге асырылғалы отыр. Әрі елімізде экспортталатын ірі технологиялық өнім болмақ.

Венчурлық инвестиция көлемі артты

Бүгінде венчурлық инвестиция көлемі арта бастады. Елде мұндай 18 қор тіркелген. Traxcn.com платформасының мәліметіне қарағанда, олар 1400-ден астам компанияға қолдау көрсеткен. Инвестицияға жұмсалған қаражат көлемі 61 млрд доллардан асады.

Оның ішінде АҚШ, Нидерланд, Сингапур венчурларынан бөлек, отандық компаниялардың үлесі салмақты. Инвесторлардың бәрі болашағынан зор үміт күттіретін стартаптарға ғана қолдау көрсетуге ниетті. Астана хабтың өзінен венчурлық қор ашылды. Онда Орталық Азиядан бөлек, Әзербайжан мен Моңғолияның ІТ компанияларына қолдау көрсетіледі.

Айдана Бергазденова, Astana hub Ventures бас директоры:

- Біз ерте кезеңдегі стартаптарды қолдағандықтан, стартаптардың қолдау чегі 50 мың доллардан 500 мың долларға дейін жетеді. Яғни олардың деңгейіне байланысты. Егер жас, енді ғана бастап жатқан идея, прототип түріндегі стартап болса, онда 50-100 мың доллар көлемінде инвестиция береміз. Егер одан бөлек дамыған, қазіргі кезде трекшн көрсеткен, яғни сатылымдары бар стартап болса, оларға әрине чектің көлемі өзгеше болуы мүмкін.

ІТ мамандар мол табыс табатындар тізімінде тұр

Жасанды интеллект жұмыс орындарын жаппай ығыстыру құралы емес, ең алдымен еңбек өнімділігін арттыру механизміне айналады. Ғылым және жоғары білім министрлігі халықаралық талдау агенттігімен бірлесе жүргізген зерттеудің нәтижесінде осындай болжам жасап отыр.

Қазір ІТ мамандар ең көп табыс табатындар қатарында. Ресми статистикаға сәйкес, олардың еңбекақысы елдегі орташа жалақыдан 2 есе жоғары. Әсіресе Астана мен Алматы қалаларында табыс көп. Финпром.кз сайтының мәліметі бойынша, 2024 жылы салада 1,7 трлн теңгеге қызмет көрсетілген. Бір жыл ішінде 25 пайызға артқаны байқалады. ІТ қызмет түрлерін бизнес субъектілері жиі пайдаланады.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Қазақстандағы жұмыс күшінің шамамен 70 пайызы жасанды интеллектіні қолдану арқылы өнімділікті арттырудың орташа немесе жоғары әлеуетіне ие. Мамандықтардың 53 пайызында жекеленген еңбек функциялары автоматтандырылуы мүмкін.

ЖИ – жаһандық дамудың жаңа құралы

Қазір әлемде жасанды интеллектіге бірде бір мемлекет бейқам қарамайды. Өйткені келешек дәл осы нейро желімен тікелей байланысты. Тіпті цифрлық өнімдер жаңа дәуірдің алтынына айналуы мүмкін. Қазақстан ІТ стартаптарды қолдайтын экожүйені қалыптастыру бойынша Орта Азияда көш бастап тұр. Цифрлық активтерге арналған Crypto City пилоттық аймағы құрылып жатыр. Сонымен қатар Жасанды интеллект туралы арнайы Заң қабылданды. Ал Мемлекет басшысы 2026 жылды біздің ел үшін Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қаңтар 2026 07:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see141

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see140

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see136

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see134

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see130

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see122

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see121

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see117

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see117

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see116

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see112

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары