Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстан Бакуде өткен БҰҰ форумында тұрақты қалаларды дамытуға қатысты өз тәсілдерін ұсынды

Қазақстан Бакуде өткен БҰҰ форумында тұрақты қалаларды дамытуға қатысты өз тәсілдерін ұсынды

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Іс-шара жедел урбанизацияның сын-қатерлерін және оның қалаларға, қоғамға, экономикаға және климатқа әсерін талқылау алаңы – БҰҰ-Хабитат платформасының қолдауымен өткізіледі, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Өз сөзінде Қазақстан премьер-министрі қала құрылысының тұрақты дамуының жаһандық күн тәртібінің маңыздылығын атап өтті. Бүгінде Қазақстан халқының 63%-дан астамы экономикалық өсудің қозғаушы күші мен адам капиталын тарту орталығына айналып отырған қалаларда тұрады. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған стратегиялық бағытқа сәйкес, мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі – өмір сүруге қолайлы жағдай жасау және лайықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Үкімет адамға бағдарланған тәсілді басшылыққа алады. Онда “азаматтарға арналған қалалардың" негізі қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылық қағидаттарына сүйенеді", —  деп атап өтті Олжас Бектенов. 

2026 жылдың қаңтарында Қазақстанда сәулеттік жобалау мен кешенді қала жоспарлаудың бірыңғай стандарттарын бекіткен жаңа Құрылыс кодексі қабылданды. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде урбанистикалық даму орталықтары құрылды. 

Сурет: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі қалалардың орнықты дамуы заманауи сын-қатерлерге, соның шініде технологиялық даму мен жасанды интеллект, су қауіпсіздігі, климаттың өзгеруі және қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға кешенді жауап беруді талап ететінін атап өтті. Қаланы құрылысын дамытудағы жаңа тәсілдердің бір мысалы, дамыған урбанистикалық өсу орталығы ретінде Alatau city жобасы аталады. Қалалық кластер халықаралық инвестициялар тартуға, жайлы, тұрақты және технологиялық қалалық ортаны қалыптастыру үшін заманауи басқару технологиялары мен инновациялық шешімдер енгізуге бағытталған.

Олжас Бектенов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы технологиялық трансформацияға және заманауи қалаларды дамыту мен басқаруға бағытталған стратегиялық басымдық екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда жасанды интеллектіні қауіпсіз, ашық әрі адамға бағдарланған түрде қолдануға арналған құқықтық база қалыптасқан. Өткен жылы тиісті заң қабылданды. Қазіргі уақытта электрондық үкіметтің цифрлық экожүйесі арқылы 1200-ден астам мемлекеттік қызмет қолжетімді. Қазақстанның халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, оның ішінде Алматыда құрылған ЭСКАТО-ның тұрақты дамуы үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығының платформасында ЖИ саласында тәжірибе алмасуға дайындығы атап өтілді.

Сурет: primeminister.kz

Қалалардың қарқынды дамуы жағдайында климаттық тұрақтылық пен су қауіпсіздігі мәселелері ерекше маңызға ие.

"Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясы қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің негізгі құндылықтарының бірі ретінде айқындады. Бүгінгі таңда климаттың өзгеруі және су тапшылығының артуы жағдайында су ресурстарын басқару тұрақты қала дамуының ажырамас бөлігіне айналуда", — деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар премьер-министр Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасының маңыздылығын ерекше атап өтті. Және де Қазақстанда өткен өңірлік экологиялық саммиттің маңызына назар аударылды. Ол Орталық Азия елдерінің климаттық және экологиялық тұрақтылық, су қауіпсіздігі мәселелері бойынша практикалық ынтымақтастығына айтарлықтай серпін берді.

Сурет: primeminister.kz

Сонымен қатар Қазақстанның БҰҰ-Хабитатпен ынтымақтастығы, орнықты әрі өміршең қалалық дамуды ілгерілетуге бағытталған ұлттық және халықаралық бастамаларға қатысуы ерекше атап өтілді. Өткен жылы Қазақстан Қызылорда қаласында мемлекеттік органдарды, халықаралық ұйымдарды, сарапшыларды және бизнес өкілдерін біріктірген алғашқы Ұлттық урбан форумын өткізді. Making Cities Resilient 2030 жаһандық бастамасы аясында Астана Орталық Азиядағы осындай тұңғыш платформа – Resilience Hub мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын іске қосу жоспарлануда, ол өңірлік үйлестіру және ортақ басымдықтарды ілгерілету жөніндегі бірлескен жұмыс алаңына айналады.

ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның жаһандық қалалық сын-қатерлерді шешуде ашық диалог пен практикалық әріптестікке ниетті екенін білдірді.

Форум аясында Urban Expo көрмесі өтуде, онда іс-шараға қатысушылар назарына Қазақстанның ұлттық павильоны ұсынылды. Экспозиция қоғамдық кеңістіктерді жаңарту, инфрақұрылымдық шешімдер және жаңа қала құрылысы жобалары арқылы елдің тұрақты, жайлы әрі экологиялық таза қалаларды дамытуға заманауи көзқарасын көрсетеді. Green ID жобасына ерекше назар аударылды — бұл қалаларды көгалдандыруға, олардың климаттық тұрақтылығы мен қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған бастама.

Сурет: primeminister.kz

Форумға әлемнің 100-ден астам елінен 20 мыңнан аса делегат қатысты. Олардың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, Сербия, ҚХР, Грузия, Болгария, Кения, Маврикий елдері мемлекеттерінің және үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері, академиялық және іскер топтардың басшылары болды. Қазақстан делегациясы құрамында Астана қаласының әкімі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, облыс және қала әкімдіктерінің басшылары бар.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Мамыр 2026 19:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары