Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Қазақстан Дүниежүзілік банкке тұрақты экономикалық өсу жөніндегі конференция өткізуді ұсынды

Қазақстан Дүниежүзілік банкке тұрақты экономикалық өсу жөніндегі конференция өткізуді ұсынды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Серік Жұманғарин атап өткендей, Қазақстан тұрақты және сапалы экономикалық өсу үшін жағдай жасай отырып, негізгі секторлардағы реформаларды дәйекті түрде жүзеге асыру үстіде.

-Біз инвестициялық базаны кеңейтуге, жаңа өндірісті дамытуға және экспортқа бағдарланған саланы қолдауға арналған проактивті экономикалық өсу стратегиясын жүзеге асырып келеміз. Сонымен қатар институционалдық негіз – салық-бюджет саласындағы, корпоративтік сектордағы және инвестициялық саясаттағы реформалар, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту есебінен күшейтіліп отыр, — деді ол.

Президенттің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және даму агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, жүргізіліп жатқан реформалар тұтас әрі орнықты экономикалық бағытты қалыптастыруға арналғанын атап өтті.

Оның айтуынша, мемлекеттік сектор Президент деңгейінде басталған реформаларға жүйелі көзқарас пен үйлестіруді қамтамасыз ете отырып, қайта құруды жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады.

Ел экономикасы тұрақты серпінді көрсетіп отырғаны атап өтілді. Соңғы жылдары ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсуі тұрақты түрде 5%-дан асып, 2025 жылғы қорытынды бойынша 6,5%-ға жетті. Тауар өндірісі 8,7%-ға, қызмет көрсету секторы 5,2%-ға өсті.

Инвестиция өсудің негізгі қозғаушы күші ретінде өз рөлін сақтап отыр. 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 13%-ға өсіп, $43,6 млрд-қа (22,7 трлн теңге) жетті. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $20,5 млрд (+14,4%).

2026 жылы өсім жалғасып келеді. ТШО-дағы оқиғаға және КҚК бойынша шектеуге байланысты мұнай өндірудің уақытша төмендеуіне қарамастан, экономика кеңеюін жалғастырды: бірінші тоқсанда ЖІӨ өңдеу өнеркәсібі (8,5%), көлік (12,8%) және құрылыс (14,8%) есебінен 3%-ға өсті.

Жоғары макроэкономикалық тұрақтылық сақталуда. Халықаралық резерв 2025 жылдың басынан бастап, Ұлттық қордың $62,9 млрд активін қосқанда, 23,8%-ға $129,5 млрд-қа ұлғайды. Бұдан басқа, Қазақстан мемлекеттік қарыздың төмен деңгейін сақтап отыр: он жылдан аса уақыт бойы қарыздың ЖІӨ-ге арақатынасы шамамен 25% деңгейінде тұрақты болып отыр. 2026 жылғы 1 қаңтардағы мемлекеттік қарыз шамамен 73 млрд доллар немесе ЖІӨ-нің 22,8%-ы.

Үкімет экономиканы әртараптандыруға баса назар аударуда. Өсудің жаңа моделі өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық саланың рөлін күшейтуді көздейді. ЖІӨ-дегі қайта өңдеу үлесі 2010 жылғы 11,3%-дан 2025 жылы 12,7%-ға өссе, өндіруші сектордың үлесі екі есеге жуық, 9,5%-дан 11,9%-ға дейін қысқарды.

Сондай-ақ Қазақстан халықаралық рейтингтегі позициясын жақсартып отырғаны атап өтілді: Экономикалық күрделілік индексінде ел 2020-2024 жылдары 87-ші орыннан 55-ші орынға көтерілді.

Инвестицияның өсуін жеделдету үшін оның ЖІӨ-дегі үлесін 2029 жылға қарай 23%-ға арттыру жоспарлануда. Бұл қосымша шамамен $120 млрд тартуға және бес жыл ішінде жалпы инвестиция көлемін $400 млрд-қа жеткізуге мүмкіндік береді.

Басымдықтар қатарына шикізат пен агроөнімді қайта өңдеу, металлургия, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, газ саласы, фармацевтика және қосылған құны жоғары АӨК сегменттері жатады.

Бұл жобаларды жүзеге асыру еңбек өнімділігін арттыруы тиіс. Бұл «орташа табыс тұзағын» жеңудің негізгі факторы.

-Белсенді экономикалық өсу саясаты инвестицияны пассивті тартудан жобаларды белсенді қалыптастыруға және іске қосуға көшуді көздейді. Біз нақты саланың қажеттілігіне назар аударып, технологиялар мен сараптама арқылы стратегиялық әріптестерді тартамыз», — деп атап өтті вице-премьер.

Осы саясат шеңберінде азық-түлік секторында 12 бағыт, ал азық-түлік емес секторда 24 бағыт анықталды. Жалпы портфель 700 млрд теңгеден астам сомаға 274 жобаны қамтиды.

Алатау қаласын дамытуға ерекше назар аударылады. Ол басқарудың ерекше режимі және өзінің қаржылық моделімен жаңа өсу нүктесіне айналады. Қалада салықтық жеңілдік, «бір терезе» қағидатын, халықаралық стандарттар мен инвесторлар үшін күшейтілген кепілдіктерді енгізу жоспарлануда.

2050 жылға қарай бұл өңірдегі ЖӨӨ-ні $40-50 млрд-қа ұлғайтуға, халық санын 1,8 млн адамға жеткізуге және шамамен 1 млн жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Дүниежүзілік банк өкілдері талқылау барысында жүргізіліп жатқан реформаларды қолдап, өсу қарқыны мен экономика мүмкіндігі арасындағы тепе-теңдікті сақтау, сондай-ақ өнімділік динамикасы мен инфляциялық тәуекелді ескеру қажеттігін атап өтті.

Осыған дейін Үкімет 3 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарған болатын. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 11:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see146

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see142

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see138

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see131

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see129

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see127

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see124

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see119

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see119

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see119

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

12 Қазан 2026 17:49see110

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see108

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see107

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see107

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

12 Қазан 2026 18:37see104

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see104

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары