Қазақстан бірден үш әлемдік рейтингте жоғарылады
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазақстан инновацияларды, жоғары білім мен дағдыларды бағалайтын үш бірдей халықаралық рейтингтегі позициясын жақсартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Инновациялар рейтингі – сегіз сатыға ілгерілеу
WIPO 2026 жаһандық инновациялар индексінде Қазақстан бірден сегіз сатыға көтеріліп, әлем бойынша 73-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже еліміз үшін кейінгі онжылдықтағы ең жақсы көрсеткіш болды. Орталық және Оңтүстік Азия өңірінде Қазақстан тек Үндістанға жол беріп, екінші орынды иеленді. Зерттеушілердің айтуынша, Қазақстан позициясының өсуі ғылым, технология және инновация саласында жүргізіліп жатқан реформалармен байланысты.
Қазақстандық жоғары оқу орны алғаш рет әлемдік топ-тізімге ендіTimes Higher Education World University Rankings 2027 халықаралық университеттер рейтингінде де елеулі өзгеріс болды. Nazarbayev University алғаш рет әлемнің үздік 400 университеті қатарына кіріп, 376–400 диапазонында орналасты. Сонымен қатар NU ТМД, Орталық Азия және Кавказ елдерінің университеттері арасында бірінші орынға ие болды.
Айта кетейік, THE 2027 рейтингіне қазақстандық 10 университет кірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Рейтингке кірген жоғары оқу орындарының саны бойынша Қазақстан макроөңірде көшбасшы атанды. Салыстырмалы түрде алсақ, рейтингке Өзбекстаннан сегіз, Әзербайжаннан бес, Грузиядан үш және Армениядан бір университет кірген.
Тағы бір жетістік медициналық білім беру саласына қатысты. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті алғаш рет THE әлемдік рейтингіне кіріп, 1201–1400 диапазонында орналасты. Бұл ретте оқу орны рейтингте ұсынылған Орталық Азиядағы алғашқы медициналық университет болды.
Сондай-ақ Қазақстан Coursera компаниясының Global Skills Report 2026 есебінде жоғары нәтиже көрсетті.
Жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдылары мен адами құзыреттердің үйлесімін бағалайтын жаңа жаһандық AI-Human Skills Synergy Index рейтингінде Қазақстан 98 елдің ішінде 55-орынға ие болды.
Рейтингте Қазақстан Әзербайжанды 10 сатыға басып озды (ол 65-орында), ал Өзбекстан 93-орынға тұрақтады.
Coursera есебіне қазақстандық AI-SANA ұлттық жобасының кейсі жекелей енгізілген.
Анықтама: AI-SANA – жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған инновациялық бағдарлама. Жоба 100 жоғары оқу орны мен 1200-ден аса оқытылған оқытушының басын қосады және есепте жасанды интеллектіні қолдану арқылы жоғары білімді мемлекеттік деңгейде трансформациялаудың үлгісі ретінде қарастырылады.
Бұған дейін Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономика қатарына кіргені хабарланған болатын. Еліміз салық саясаты мен халықаралық сауда сияқты бағыттарда жоғары нәтиже көрсетіп, 38-орынға ие болды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 17:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















